Сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 12 лекция, 25 практикалық сабақтар



бет1/3
Дата09.10.2023
өлшемі42,51 Kb.
#184320
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
МКБ



Курстың саясаты. Академиялық кезеңде «Жаңартылған білім мазмұны бойынша музыканы оқытудағы жаңа тәсілдер» пәні қашықтықтан оқытылады. Пән бойынша 37 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 12 лекция, 25 практикалық сабақтар.
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне жауапкершілікпен қарап, белсенді атсалысу, берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай уақтылы орындап отыруы қажет. Пәнді оқу кезінде Сізді табанды және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің мәдени-эстетикалық ұстанымы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі қажет.
Студент оқытушы ұсынған дәрістер конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімделіп көрсетілген негізгі және қосымша пайдаланылатын әдебиеттерді қамти отырып, әрбір дәріс және практикалық сабаққа тыңғылықты дааярлануға міндетті.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Академиялық кезеңнің 6 және 14-ші апталарында пайыздық көрсеткіште қойылатын бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% межелік шамада бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтау үшін 2 кезеңнен тұратын аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (МБ 1) 8-ші аптада, екінші аралық бақылау (МБ 2) 14-ші аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8-ші апталарының жиынтық балы бірінші аралық бақылаудың максималды балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14-ші апталардың жиынтық балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималды жиынтық балы – 60 балды (100%) құрайды.
Дәріс тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде студенттің теориялық даярлығын айқындап көрсететін жазбаша және ауызша түрдегі талдау жұмыстарын орындау тапсырмалары ұсынылады. Пән бойынша студенттің 2 өзіндік жұмысы (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус порталы қолданылуы қажет. Оған ену процесі студенттің жеке порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7-ші апталарында қосымша дәріс және практикалық сабақтар Zoom платформасында өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір дәрістің оқу материалдары «Лекция №__» тарауында орналасқан. Содан кейін практикалық сабақтарға ұласады. Оның материалдары «Практикалық сабақ №__» тарауында орналасқан. Теориялық немесе, практикалық сабақтарды игеру барысында орын алатын қиындықтар мен белгілі бір сауалдар туындаған жағдайда, студент пән оқытушысына жүгініп, СОӨЖ сабақтары кезінде талқылау жұмыстарымен айналысуына болады. СОӨЖ сабағы (СОӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауындағы мерзімі белгіленіп көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа жүктеуі қажет.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет