Сабақ тақырыбы: Төрт түлік мал мен егіншілік ел берекесі. Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ»романынан үзінді



Дата23.08.2017
өлшемі175,61 Kb.
#24944
түріСабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары




«Новоалександров орта мектебі» ММ

Сабақ тақырыбы:

Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі.

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романынан үзінді.



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Тажитдинова Гулжахан Мейрамсагатовна

Сынып: 7


Қатысқандар :

19

Қатыспағандар :

жоқ

Оқу мақсаттары


Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың өзектілігін анықтайды.

Ж2. Эссе жазу.--Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеулерін білдіреді.




Сабақ мақсаттары





Барлық оқушылар орындай алады :

  • Төрт түлік түрлері мен егіншілік туралы айта алады, жылқы, сиыр, ешкі, қой, түйе сөздерін орынды қолдана және жаза алады.

  • Мəтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіне алады

  • Қарапайым мəтінді мазмұндай алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады

Сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді.


Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Сөздермен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.


Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор ментерминология:

Егеу, соқа, жер жырту, колхоз, өгіз, гектар, дәнді-дақыл, бидай, егінші,егіс.



Бағалау критерийі

-Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың өзектілігін анықтайды.Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алады.Тірек сөздер жазады.

-Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеулерін білдіреді.



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу:Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын біледі.

Түсіну:Романның үзіндісін түсінеді.

Қолдану:Сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.


Тілдік мақсаттары


Тыңдалған материалдар бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады;

Қойылған сұрақтарға тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша жауап қайтара алады.



Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

Жоспар


Жоспарлан

ған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар,оқулық, слайдтар интербелсенді тақта


Сабақ

тың басы
1 мин

3 мин

3 мин

Ортасы

2 минут

5 минут

5 минут


1.Сәлемдесу:

Мұғалім: Оқушылар:

Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,

Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.

Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге

Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз



2.Психологиялық ахуал

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сынып көшбасшысы шығып: Қырандай қалықтаймыз. Оқудан жалықпаймыз деп айтқанда,сынып қайталап шабыт алады.



3. Тақырыпты ашу үшін «Егіншілік» сөзіне тірек жасау.

Егінші су дән алқап

гектар егіншілік өнім
бидай диқан дәнді-дақыл пайда

Керемет.Жақсы. Енді топқа бөлінеміз.

Алты қалпақ суретімен топқа бөлінемін.

Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы таратылады. Оқушылар сабақ бойы өз жұмыстарын бағалап отырады.





Тірек сызба

Серпілген сауал

аялдама

Аңыз пирамидасы

Алты қалпақ

домино

Эссе жазу

























Оқушыларға сабақ мақсатын түсіндіру.

Бүгінгі сабақта біз жеке,жұппен, топпен жұмыс жасаймыз.



4.Қызығушылықты ояту.

Мәтіналды жұмыс.Тыңдалым. Ой шақыру.

Мұғалім сөзі:

Қазақтың әйгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин  1902 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.Ғ.Мұстафин өндіріс тақырыбы мен ауыл шаруашылық тақырыбында шығарма жазған.«Шығанақ» романы ауыл шаруашылығы тақырыбына жазылған.Роман өмірде болған еңбек адамы,тары өсіруші,диқан Шығанақ Берсиевтің өміріне негізделген.



5.«Серпілген сауал» әдісі.

1.Кім туралы тыңдадыңдар?

2.Не үшін ол туралы тыңдадық?

3.Ол қайда,қай жерде туылды?

4.Оның кейіпкері кім?

6. Мәтінмен жұмыс.Тыңдалым кезеңі:

Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп,бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан.Біреу өгіз,біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп,қым-қиғашқимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді.Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді:

--Әй,егеуді қалдырма,егеуді!

--Аналар барып жырта бастады...

--Мәулікейді оятыңдар,Мәулікейді!

Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай ұарап келе жатқан Олжабек қабығын бір шытып күбір етті:

--Жұмыстарында өнім жоқ.

Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. Олжабек көзі көліктерде.

--Ана сиыр бұзау бере ме,енді!Обал-ай...деген ойда тұрғанда:

--О,жігітім, жол болсын,-деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.

Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп,Олжабек:

--Ассалаумәлейкүм,- дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс етті. Егінші де күліп жіберді.

--Е,бәсе, жасын кіші көрінеді ғой , шырағым,-деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға:-Есенбісің,балам.Ал, жөніңді білдір.

Танымадық,-деді Олжабекке.

Олжабек жөнін жөнді айтпады.Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін адам еді,білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...

--Отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де.

--Иә, шырағым,әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой,тәңірі тек оңын берсін.

--Осы маңдағы елдің бәріде колхоз болды ма?

--Колхозсыз жер бар дейсіз бе?

--Кім қалпында отыр дейсіз.

--Бәсе,ел елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.

--Дегенмен, «Ортақ өгізден,оңаша бұзау» жақсы да.

--Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме?Заманына қарай амалы да бар емес пе?!

7.Тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс.

Топтық жұмыс

1-тапсырма.«Аялдама» стратегиясы бойынша топ жылжып отырады. Әр топ партаға келгенде сол бір сұраққа жауап жазады және өздері сұрақ жазып кетеді.

Бағалау пікірлермен беріледі.

2-тапсырма. «Аңыз пирамидасы»

1.Мәтін бойынша басты кейіпкердің аты (Олжабек)

2.Кейіпкерді суреттейтін екі сөз(жас,егінші)

3.Мекенді суреттейтін үш сөз(қурайлы көл, егіншілік)

4.Оқиғаны суреттейтін төрт сөз(егіс алқабы,мал,шал)

5.Оқиғаның басталуын суреттейтін бес сөз(жауын,айқай-ұйқай дауыс,жұрт)

6.Оқиғаның дамуын суреттейтін алты сөз

(егеу,даурығу,жер жырту,жұмыс,өнім)

7.Шарықтау шегін суреттейтін жеті сөз

(бөлек, соқа, Пышақшы Мешел, өнім,жөнін,білу)

8.Оқиғаның шешімін суреттейтін сегіз сөз (заман, амал, ортақ, оңаша,өгіз, бұзау,колхоз, жер)



Тірек сызба жасау

«Серпілген сауал» әдісі.

«Аялдама» стратегия

сы


«Аңыз пирамида

сы»




10мин

3 минут

7 минут

Рефлексия

2 минут

1 минут

Бағалау
3 минут
Үйге

тапсырма


8.Ойлаудың алты қалпағы

Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін қолданылады.

Бұл топтағылар мәтіндегі жануарлар атауын тауып,сол төрт түлік бойынша мақал-мәтел айтады.1.Ортақ өгізден,оңаша бұзау.2. Ат - адамның қанаты.3.Сиырлының үйі – айран


4. Түйе атасы - нар, Ағаш атасы - шынар.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді.

Олжабайды мысалға ала отырып дәлелдейді.



Қара қалпақ– бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.

Егеу,соқа,колхоз,өгіз деген сөздер қазіргі кезде қолданбайды.Сондықтан бізге түсінікті сөзбен түсіндіру керек деген сияқты салыстырмалы түрде дәлелдейді.



Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл жерде мәтіндегі Олжабектің іс-әрекетін айтады.

Жасыл қалпақ шығармашылыққа, креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Мәтінде егеу,соқа,колхоз,өгіз деген сөздер қазіргі терминдермен беру мүмкіншіліктері туралы айтады.



Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Дәлел ретінде мәтінді қысқаша айтып береді

Барлық топқа «Домино» әдісімен тапсырма беріледі.

1.Біреу өгіз,біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегілген.

2.Кауым болып кіріскен іс қой,тәңірі тек оңын берсін.

3.Заманына қарай амалы да бар емес пе?!

4.Олжабек жөнін жөнді айтпады

5.Роман тары өсіруші,диқан өміріне негізделген.

6.Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ»романы ауыл шаруашылығы тақырыбына жазылған.



Мәтін соңында «Егіс алқабы» мәтіндегі «Төрт түлік» атауларын ата.

9.Осы жұмыстардан кейін эссе құрылымын мен дамуын сақтап,көтерілген мәселе бойынша эссе жазады.

Эссе құрылымы





Тезисті қолдаушы пікір

Пікірге қатысты аргумент



Анализ





Біз бүгін не істедік?

Пирамида жасадық, домино, ойнадық,алты қалпақ пен бір-бірімізді тыңдадық, серпілген сауалмен сұрақ қойдық

Ең маңызды жаттығу мен ойын.

Аялдама,серпілген сұрақ.

Мен нені үйрендім?

Сөйлеммен домино ойнауды, эссе жазуды.

Нені пайдалана аламын?

Кластерді,серпілген сұрақты

Бүгін қандай жаңа сөз үйрендім?

Егін,егеу, соқа, жер жырту

Достарыма міндетті түрде мынаны айтып беремін....

Пирамиданы,аялдаманы, доминоны.

10.Әр топтың смайликтерін санап бағалау.

Оқушылыр стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазады және өздерінің жауаптарына сай смайлдың тұсына жапсырады.



(Тапсырмалар критерий мен дескрипторлары арқылы бағаланады).

Бағалау критерийі

дескриптор

балл

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпарат тың өзектілігін анықтайды.

Мәтіннің өзектілігін анықтайды

2

  • Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды

2

  • Сұрақтарға дұрыс жауап бере алады

Сұрақтарға лайықты жауап береді

2

  • Мəтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіне алады

Мәтіннен тірек сөздерді табады

2

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жаза алады.

Эссе жазғанда өз ойын білдіре алады.

2




Барлығы:

10

«5» - 10-8 «4» - 7-5 «3» - 4-3

Мәтіннің мазмұнын айту




«Алты қалпақ» әдісі

«Домино» әдісі


Эссе жазу





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет