Тезисті қолдаушы пікір



Дата25.12.2021
өлшемі16,28 Kb.
#105254
Байланысты:
11А эссе


«Абай жолы» роман-эпопеясының 2-кітабының «Еңісте» бөліміндегі Абайдың түрмедегі күйін, ішкі ойларын, әрекетін автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жаз» деген тақырыптағы әдеби талдау эссесінің негізгі бөлімінің үлгісі:

Тезисті қолдаушы пікір

Мұхтар Әуезов «Еңісте» бөліміндегі Абайдың түрмедегі күйін, ішкі ойларын, әрекетін оқырманына жеткізу үшін баяндау, сипаттау тәсілдерін қолданған.

Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар, т.б.)

Жазушы Абайдың түрмедегі күйін, ішкі ойларын, әрекетіне көшпестен бұрын «Он шақты күннен берi Абай Семейде каталашкада отыр. Үлкен абақтының өзi емес. Бiрақ уақытша жаза орны болса да, каталашка өз тұтқынын әрбiр жаза орнына лайықты, қысымда ұстайды. Темiр торлы терезе, құлыптаулы есiк бар. Сол есiктiң орта тұсындағы тар тесiк тұтқын адамның сырт дүниемен қатынасына тар өткел болады» деп түрме атмосферасын нақты беру арқылы «сырт дүниемен қатынасына тар өткел» деп сипаттайды.

Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар, т.б.)

Роман-эпопеяның «Еңісте» бөлімінде рулардың арасындағы жер үшін талас, мол жайылымды Ералы үшін таласты баяндай отырып, Тобықты, Бөкенші, Жігітек, Көтібақ елдерінің бәрі сол мекенге жақынынан қоныстанғандардың қолындағы қаруы – болыс сайлауы. Тәкежан тісі батқан аз ағайында ауылдар Тәкеженды сайлауға қарсы. Ал Тәкежан да әділетсіздігін жандандыра түскен.Оралбайды ұстай алмай, орнына Базаралыны тұтқынға алыпты. Сосын ашуға мінген халық ұлық үшін тігілген үйлердің бәрін бұзып, алып кетеді. Міне, Абайдың өкімет адамын ұйымдастырушы ретінде каталашкадан шығуының да бір себебі – осында.

Аргумент

Автор Абайдың түрмедегі әрекетін, ұзақты күнгі қапастағы уақытын кітап оқумен байланыстыра баяндайды. Дубровский романының сюжетін еске түсіре отырып, «Владимир үйiмен қоса, парақор төрелердi өртеп жiбергенде, Абай сондай намысты ашуға қатты сүйсiнiп едi. Кейiнгi күндерде сол кiтап уақиғасын есiне көп алатын. Қабақ қаққандай бiр оқыс әрекет iшiнде, сол уақиғаны өзi де көргендей болды» деп сипаттауы арқылы Абай ойларының бағытының өзгергенін байқатады

Талдау (анализ)

Абайды халықтың сүйетінін жазушы бір эпизод арқылы тамаша жеткізеді: «Құнанбаев, дежуркаға жүр. Саған ауылдан әке келген! – дедi.

Абай бұл хабарға бiр жағынан таңданумен бiрге, екiншiден намыстана түсiп, жылдам басып, полицейге ердi.

Дежуркада шынында елден келген бiрнеше кiсi бар едi. Бес-алты кiсiлiк тобын бастап келген Ербол мен жас Баймағамбет көрiнедi. Абай оларға асығыс амандаса бере, ар жағынан Құнанбайды iздедi. «Осы араға кәрi сүйегiн сүйреп, ол несiне келген» дедi iшiнен. Жақтырмай келедi» Кездесуге келген Құнанбай емес, Дәркембай екендігін жазушы ерекше тәсіл арқылы жеткізгендігін көруге болады. Және қорытындысын оқырманына жасатады.



Абзацты қорытындылаушы сөйлем

Жазушы қарапайым сипаттаумен баяндау тәсілдері арқылы-ақ оқырманға түрмедегі Абайдың жағдайын, ішкі ойларын көркем де шынайы жеткізе алған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет