жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде
қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);
білім -
бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде
субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен
қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет
(В.А.Маслова);
ғалам бейнесі
дегеніміз – адамның дүниетанымындағы субъектілік және
объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени
тарихи субстанцияның синтезі (Е.Ә.Керімбаев); ғалам бейнесі дүниенің
біртұтас ғаламдық образы, ол адамның бүкіл рухани белсенділігінің
нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен жасайтын барлық
байланыстары барысында пайда болады (Б.Тілеубердиев);
ғаламның ономастикалық бейнесі
дегеніміз – ғалам туралы білімдердің
жиынтығы, тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық
тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибесі (Б.Тілеубердиев);
Достарыңызбен бөлісу: