тіл -
ойдан құралып, мидың талқысынан шыққан абстракт зат, сана-сезімнің,
ойдың тәжірибеде көрінетін заттық сәулесі (С.Аманжолов);
тіл
– адам ойының айнасы (М.Балақаев);
Тапсырмалар:
Тақырып бойынша қысқаша хабарлама әзірлеңіз
Төмендегі анықтамаларды оқып , оған өз тарапыңыздан дұрыс-бұрыстығына
баға беріңіз.
Тілдік универсалий
дегеніміз - генеологиялық, типологиялық немесе ареалды
фактілермен анықталатын, абсолютті яки статистикалық деңгейде
дамитын, болжалды-логикалық не болмаса нақты индкутивті амалдармен
айқындалатын барлық тілдерге ортақ заңдылықтар мен ұстанымдар жүйесі;
-
тілдің бағалағыштық немесе коннотативтік қызметі - тілдің
«жағымды, жағымсыз» әсерлер арқылы
қабылдануы
- «Нәрсе түрлі
сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса,
екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің
бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін
жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл
сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын
болар...Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз,
сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау емес. Адам өз көңілінің
түйісінше сипаттау болады»; яғни дүниенің өзі адам санасына «шынайы
107
жағымен» яки табиғи болмысымен әсер еткенде, оның тек «тиіс» белгілері
ескеріледі де, ал жеке психологиялық тұрғыдан не болмаса субъективті
бағалау, оған өзіндік көзқарасыңды білдіру тұрғысынан алып қарағанда,
тысқы ғаламдық заттар «түйістің» елегінен өте қабылданып, «көңілдің
түйген, қиялдың меңзеген» қалпын «әліптейді» (А.Байтұрсынұлы);
-
Достарыңызбен бөлісу: |