№5 сабақ.
Когнитивтік лингвистика және терминология
Сабақ жоспары:
1.Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
2.
Терминдік атаулардың танымдық қызметті
Бақылау сұрақтары
1.Терминологияның тіл білімінде қарастырылуы туралы не білесіз?
2.Қолданбалы терминология туралы не білесіз?
3. Терминдердің танымдық табиғатын қарастырудың маңызы неде?
Глоссарий:
тілтанымдық антропология ұстанымдары
дегеніміз - тіл мен таным
сабақтастығын адам табиғатымен, тыныс-тіршілігімен, іс-әрекетімен
өзектейтін қағидалар тізбегі;
Тапсырмалар:
1 Төмендегі ғылыми пайымдауларының терминологиялық табиғатына өз
көзқарас, тұжырымыңызды беріңіз
-
тиіс жағынан алып сөйлеу -
кісі жайын сөйлегенде,...түсін, тұрпатын,
мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айту (А.Байтұрсынұлы);
-
түйіс жағынан алып сөз ету -
сүйетін, сүймейтінін, сыйлайтын,
сыйламайтынын білдіру (А.Байтұрсынұлы);
-
іс ұғымы -
табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай пайдаланатын жолын
білуге бағытталу (А.Байтұрсынұлы);
-
ұғым
- айналадағы заттың, құбылыстың әрекеттің нақ айнымас көшірмесі
емес, адамның ойлау, білу әрекетімен модификацияланып сығымдалған түрі
(Н.Сауранбаев);
-
ұмыту
дегеніміз – ол «забыть» және «за-бытия» деген мағыналардың
негізінде жатқан «болмыс» сөзі негізінде уақыттық немесе мезгілдік
көрсеткішті ғана емес, сонымен қатар сыртқа көрінбейтін, жасырын күйде
сақталып отыратын ерекшелікті дәлелдейтін әрекет, яғни аталмыш құбылыс
«жады мен естен шығарудың арасындағы дихотомиялы, яғни екі жақты
әрекеттің көрінісі», «адам санасында сақталар ішкі қордың латентті не
болмаса құпия дамуы» болып табылады (О.Т.Лойко).
-
философия -
адамның ойлау процесі, анығырақ айтқанда, өзін қоршаған
дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз
қалдыра алмайтын ғылым (К.Аханов);
2 Оқып жүрген пәндеріңіздің ассоциативті тезаурусын құрыңыз
Пәннің атауы Негізгі терминологиялық базасы
Қосымша терминологиялық
базасы
103
3.
Мына түсініктерге анықтама беріп көріңіз:
Тұлға, тәртіп, сөз, екпін, түр, сөздік, ақша, кітап, студент, семинар, дәріс,
жатақхана
Достарыңызбен бөлісу: |