1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде Қазақстан аумағындағы қола дәуірі Қазақстан тас ғасыры дәуірінде


ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін құру



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата21.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#163794
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
 
ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін құру;
 
билер соты;
 
қазақ балалары үшін 
мектеп ашу;
 
шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру;
 
қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларын жіберу т.б.
 
Ал, 1819 
ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады.
 
Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси 
сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық 
билікті жоюға әрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан 
сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел 
ішіндегі қарым-қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. 
Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре 
хан (1805-1809 жж.) сайланады.Осы кезде Орынбор губернаторы Жантөреге 
қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған 
ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен 
сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 
жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің 
хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей 
бастаған Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне 
жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі 
Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп 
кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Әбілқайырдың тұқымы 
дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы 
мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан 
сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа 
бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының 
хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 
1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға 
алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан 
тағайындау ісі жүзеге асырылмады. “Игельстром реформасы” жүргізілуі 
барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-
қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші 
хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші 


103 
жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне 
әкелді.
 
Осылайша, ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта және Кіші жүздің 
территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы 
Қоқан хандығының қол астында болды. 
 
ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне 
байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін 
одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия 
хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан 
қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 
ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» 
Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, 
олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, 
билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету 
сияқты шараларды қолданды.
 
1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде 
хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери губернаторы М.Сперанский 
болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін 
қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор 
қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.
 
«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы 
«Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына 
бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. 
Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар 
ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы 
округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы 
(1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл 
(1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
 
Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының 
облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және 
оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. 
Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір 
болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл 
старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек 
қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші 
округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.
 
Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – 
рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс 
сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер 
етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер 
бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс 
пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де 
мүмкіндігі болды.
 
Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске 
түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы 


104 
облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том 
губерниясына берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет