267
рахымшылықты адам баласының асыл қасиеті ретінде жоғары қояды. Парасат, білімді
адамшылдықтың алды деп таниды [4].
Ортағасырлық мұсылман әлемінде маңызды мәселенің бірі болып табылатын адам
тәрбиесіне Әл-Фараби де, Жүсіп Баласағұн да аса қатты мән беріп, баланы туа салысымен
тәрбиелеу әдісін ұсынады. Баланың педагогикалық тәрбиесін ерекше марапаттайды.
Өйткені, тәрбиелеу барысында ыждаһатты, ілтипатты болу керектігін түсіндіреді. Баланың
бойына пайдалы әдеттер мен қайырымды моральды мінез-құлық сіңіру керек, сонымен
қатар, сауатын ашып, негізгі кәсіп пен түрлі еңбек түрлері мен өнерге баулу керек. Әл-
Фарабидің тәрбие туралы тағылымдары Ибн Синаны да бейтарап қалдырмаған. Ойшыл бұл
турасында алты жасынан бастап баланы қиын емес үй шаруасына жұмсау абзал. Ал бала он
төрт жасқа дейін білім алатын мектептерде міндетті түрде қайырымды, білімі жақсы тұлғалар
қызмет жасауы шарт. Ибн Синаның айтуынша бала міндетті түрде жалғыз емес, өзінің
қатарластарымен бірге тәрбиелену керек. Жалғыз білім алып, тәрбиеленген бала эгоист, бір
жақты керек десеңіз бақытсыз болады. Мектептен тыс уақытта бала ойнау керек, бір-бірінің
жақсы қасиеттерін бойына сіңіргені дұрыс. Алты жастан он төрт жасқа дейін, яғни сегіз жыл
ішінде бала теологиялық ғылымдармен таныс болуы шарт, турасын айтқанда Құранды,
шариғатты, ана тілін сонымен бірге моральды этикалық мазмұны бар трактаттарды меңгеруі
тиіс. Ұстаз болса баланы жақсы қасиеттрге баулиды. Бірақ қатал болудың қажеті жоқ. Бала
қорықса, тұйық, басқалардан кеңес ала алмайтын, ойын ұстазға тура жеткізе алмайтын күйге
түседі. Сондықтан тәрбиеші баланы жан-жақты зерттеп, мінез құлқымен таныс болуы ләзім.
Бала тәрбие алып болған соң өз күнін өзі көріп, ата-анасына көмектесу керек. Мұны байқаған
ата-ана баласын дереу үйлендіріп, мүмкіндігі болса оңаша үймен қамтамасыз етеді. Жастар
үшін ең жақсы қасиет пен кәрілер үшін ең қайырымды қасиет не дегенге Әл-Фараби жастар
үшін – қарапайымдылық, батырлық, ер жүректілік, кәрілер үшін – даналық пен байсалдылық
дейді. Кемеңгер ойшыл Әбу Насыр өз өмірлерінде қайырымды көмек пен жақын достарына
көп иек артқан екен. Достықты дәріптеп, адалдықты аялаған. Бұл ілімнің өміршең болғаны
соншалық оны тек ислам әлемі ғана, бүкіл адамзат баласы аялап қастерлеуде. [5].
Адамзат ақыл-ойының дамуына қазақ халқының кемеңгер перзенттері қосқан үлестері
аз емес Әбу Насыр әл-Фараби қазақ даласына мол мұрасын қалдырды. Ойшылдың
араласпаған ғылым саласы кемде-кем деп айтуға болады. Екінші Ұстаздың тарихи мұраты
мен «Шын хакімдерінің мисал, хиқыматтарымен безендірілген.
Ел басының «Рухани
жаңғыру» еңбегі аясында рухани дүниемізді байытуға негізделеді. Қазіргі Жаһандану
кезеңінде рухани, мәдени, кәсіби біліктіліктің қалыптасуына кепілдік беруге және жастардың
діни
салауаттылығын
дамытуға
қазақстандық
патриотизм
мен
азаматтықты
қалыптастырудың басым бағыттары ретінде ислам мәдениетінің жастардың этикалық
тәрбиесіндегі моральдық-рухани құндылықтарыныің қалыптастыруына ерекше рольге ие.
Қазақстандағы дәстүрлі исламға жат, радикалды ағымдардың қоғамға таралуының алдын
алуға.
Достарыңызбен бөлісу: