Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет130/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Бірінші Тұлғаны 
яғни Тәңірдің міндетті 
болмыс болғандығын және сол себепті де Ол өзінің 
бар 
болуы үшін еш нәрсеге мұқтаж 
еместігін қабылдайды. Оның формасы еш нәрсеге ұқсамайды. Еш нәрсе оған ұқсамайды. 
Оның қарама-қайшылығы мен серігі жоқ. Тәңірі мен көпшілік қауым арасындағы 
байланысты әл-Фараби 
судур (эманация) 
арқылы түсіндіруге тырысады [7, 126 б.]. 
Фарабидің қоғамтанулық философиясы тәңірлік сөзден бастау алып, ғылыми негіздермен 
тұжырымдалады. «Фараби бүкіл болмысты себеп және салдар ара қатынастармен 
байланысты алты дәрежеге (себепке) бөледі: Алла (
ас-сабап әл-Аууал), 
аспан денелері (
ас-
сабап ас-саний),
ақл (
әл-ақл әл-фаал
)

жан (
ән-нафс
)

форма (
ас-сурат), 
материя (
әл-мадда
)
.
Бұлардан Алла (
вужуди уажіп
)
 
міндетті болмыс, ал қалғаны (
вужуди мүмкін
)

яғни мүмкін 
болмыстар. Бұлар бір-бірімен себеп жағынан байланысты. Адам пайда болған кезде ондағы 
ең маңызды рөл алатын азықтандырушы қуат (
қууа әл-ғазия
)

кейін сезімдік (
хасса
)

қиялдау 
(
мутахаийла
)

ойлау (
натиқа
)
 
және қалау (
нузуғия) 
қуаттары пайда болады. Бұл бесеуі 
рухтың негізгі қуаттары» [7, 127 б.]. Ойшылдың айтуынша қала тұрғындарының барлығы 
осы қуаттарға ие. Фарабидің дүниетанымы оның мағына жағынан тиянақты бөлігіне іс-
әрекеттің реалды тарихилығын уақытқа шұғыла, әсер, сәуле беру үшін ғана емес бүкіл 
идеялар мен таптық күштердің соқтығысуындағы адамдардың ой-сана құрылымы мен бастан 
кешіргендерін қамтитын кезеңді айқындайды. Әлеуметтік бақыт, мәдени және этикалық 
дәстүрлерге тәуелді болатын әртүрлі жауаптар әл-Фараби еңбектерінде – әлем мен адамға, 
қоғам құрылысына, болмыс мағынасына, өнер мен дінге, философия мен ғылымға, ақыл – ой 
мен қайырымдылыққа, дәуір құбылысының бүкіл тұтастығына оның айқындама дәлелі бар 
десек бірден-бір қателеспеген болар едік. Әбу Наср әл-Фарабидің қайырымды қаласын сөз 
қылғанда айтарымыз, ойшыл мұрасы мен мұраты біздің Қазақстан Республикасындағы қоғам 
дамуы мәселелерімен төркіндес. Фараби қалалар тұрғындарының арман мүдделері мен 
ниетін суреттей отырып, өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы әділетсіздік пен мінез-құлық 
коррупциясының күшейіп бара жатқандығын тікелей айтуға мүмкіншілігі болмай, өзінің 
қарсылығын басқаша формада теоретикалық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Надан 
қалаларда «ауқатты болуда және бай болуды көздеп, қажетті заттарды және осы заттардың 
орнына жүретін нәрселерді: дирхемдер мен динарларды көбейте беру үшін, өз бастарының 
өмір сүруіне ең қажетті заттарға жеткілікті бола тұрса да қажетінің сыртынан байлықтың, 
тойымсыз құлқының соңына түскендер» өмір сүреді деп жазады Әбу Наср. «Надан 
қалалардың тұрғындары өздері өлгеннен кейін, өздері тастап кететін сыбағалы дүниенің 
игілілігінен – рақаттан, байлықтан, құрметтен және басқа игіліктерден айырыламыз деп 
қорқады, ал бұзық адам өзінің артында қалатын тіршіліктегі (игіліктерден) айырылудан 
қорқады, өзім өлгеннен кейін бақыттан айырыламын деген ойдан қорқады» [1, 190 б.]. 
Фараби бұл жағдайды қатал сынға ала отырып, мұндай қоғамда адам тағдыры,оның рухани 
жетілуі, олардың арасындағы қарым-қатынастар саудаға түсетінін ескертеді» дейді 
А.Х. Қасымжанов. Мұндай қаланың билеушісі де толып жатқан жағымсыз, қоғамға жат 
қасиеттерге ие болмақ. Фараби мемлекеттегі бір орталыққа бағынған билік жүйесін құптай 
отырып, дәл осы уақытта барлық надан қалалардың ішінде коллективті қалаға ерекше мән 
беріп отырады. Даналар мен ораторлар өмір сүретін мұндай қалада қайырымдылық пен 
қатігездік үйлесімділік тапқанымен, қадірлі адамдардың пайда болуы әбден мүмкін. Өйткені 
надан қалалардың ішінде де кейбірінің қайырымдылық жолына түсуге болатын 
мүмкіншіліктері бар екенін ескертіп отырады. Аль-Фараби суреттейтін қалалардың әркелкі 
үлгілері өздері ұмтылыс жасайтын игіліетің өздері ұмтылыс жасайтын игіліктің түрлеріне 
байланысты анықталады.егер тұрғындар ұмтылыс жасайтын игілік жеке басты толық 
жетілдіруге бағытталған және ол ең ақырында ең жоғарғы игілік-бақытқа қол жеткізуге алып 
келетін болса, бұл «қайырымды қала» әрекетіне тән. Егер игілікке қол жеткізу маңызды 
қажеттілікті қанағаттандыруға, пайдакүнемдікке, көңіл көтеруге, мансапқұмарлыққа алып 
келсе, мұндай әрекеттегі тұрғындар пасық, мансапқұмар, зәру, даңғой қалаларда өмір сүреді. 
«...Надан қаланы материалдық және потенциалдық санадағы адамдар басқарады. Адамдар 


271 
мен мемлекет басшылары кейбір нәрселерді білгенімен шын мәнінде надан. Білген нәрселері 
тек қана осы дүниедегі істер туралы мағлұмат қана» [7, 129 б.]. Қалаларға жоғарыдағыдай 
сипаттама беру, оларды бөліп қарастыру сол кезеңдердегі феодалдық қоғамның реалиясын 
ашып көрсетеді. Қалалардың түрлерін қарастыру-адамзат бақыты мен тіршілік мәнін 
түсінүді анықтаудағы белгілі бір дүниетанысмдық үлгіні жүзеге асыру болмаса орындау 
іспеттес. Фараби осылайша қайырымды қала мен надан қаланы, ондағы билеушілерді 
салыстыра отырып,ең жоғарғы бақытты қоғамды аңсайды. Өйткені өзі өмір сүріп отырған 
кезеңдегі ортағасырлық аббасид халифатының ішіндегі әлеуметтік қарама-қайшылықтарды 
әділетті сынға алып, оны теортетикалық жағынан түсіндіруге тырысқан. Мінсіз 
мемлекеттердегі азаматтардың қол жеткізген бақыт деңгейі саны мен сапасы жағынан 
әртүрлі. Жойылуға душар болған мінсіз адамдардың жаны уақыт өткен сайын тәнінен 
алшақтай түсіп, рухтың болмысын қалыптастырады. Бірінен соң бірі ұрпақ осылайшаөте 
береді. Барлық жақсы адамдардың жандары көп мөлшерде бір-бірімен кездесіп, олардың 
бақыты өзаратанымның арқасында көбейе түседі. Ал жаман адамдардың жаны – ауру, олар 
мәңгілік бақытқа, кемелденуге қол жеткізе алмайды. 
Жүсіп Баласағұн дидактикалық туындысы «Құтты білік» шығармасында үлгілі қоғам 
мұратын, ондағы тұрғындардың бақытқа қол жеткізу мәселесін терең қарастырған. 
Баласағұндық ойшылдың қоғамы қатал түрде иерархиялық сипатта, ондағы тұлға қатал түрде 
бақыланады, әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар. Сословиелік бөлініс те өз 
деңгейінде жоғарғы көрініске ие. Діни заңдылықтар мен ата-баба өсиетін орындауғы үлкен 
мән береді. Аталмыш шығармада тайпалық аристократияның келбеті жақсы суреттелген. 
«Құтты білік»
 
шығармасының түр-сипаты, мазмұны жағынан тастағы сына (руна) 
жазуларымен үндес. Оны біз бүгінгі күні А. Егеубаевтың аудармаларын оқи отырып көз 
жеткіземіз. Таптық біржақтылық бой көрсететін түркі қоғамындағы саяси пікірдің сан 
алуандығы бүгін бізді таң қалдырып отыр. Олжа түсіру үшін соғыс ашу, ол кірісті тең етіп 
бөлудегі қайырымды билеушілердің келбеті ашық айқындалған. 
«Ескендірше бар жаһанды алайын. 
Нұқтың жасын беріп ұзақ қалайын. 
Ұстап жасын қылышын да Қайдардың, 
Рүстемдей даңқпен жерді жайлармын. 
Не Исадай ұшып көкке шығайын, 
Нұшырбандай әділ заңды құрайын! 
Иә, қарындай байлық жинап алайын, 
Не темірден қамал қала салайын!» [8, 136 б.]. 
Мұндай айбатты ұйқастарды ҮІІІ ғасырдағы түркі қағандары мен қолбасшыларының 
мәлімдемелерінен, әсіресе Орхон ескерткіштерінен, оның ішінде Білге қаған (735) мен 
Күлтегін (732) және Тоныкөк (шамамен 725 ж) эпитафияларынан байқауға болады. 
Ескерткіштердің саяси философиясының мәні бір мәселеге алып келеді: «адам әлемінің» 
құрылымы «төртбұрышты» ғалам құрылымына ұқсас. Оның сөзсіз, үзілді-кесілді бір 
мағынасы бар, ол кез-келген халықтың басқаларды өзіне бағындыруға, сөйтіп билік құруға 
ұмтылысы, немесе басқалардың қол астында жүргісі келмей, дербестікке талпынуы. 
Сондықтан да барлық халықтар бағынады немесе біреулерді бағындырады. Жалпы түркі 
қауымының яғни жекелеген тайпалар (bod) мен рулардан (oγuš) тұратын түркі тайпалық 
одақтарының (türk qara qamaγ bodun «жалпы тұтастай түркі халқы») құрылымы инвариантты; 
олар саяси ұйымдастырылыған. Рулық-тайпалық ұйымдастырушылық – бодун және әскери-
әкімшілік (мемлекеттік) ұйымдастырушылық – эль бір-бірін толықтырып тоғысып тұрады. 
Патша «эльді ұстап, одунды басқарады». Ол өзінің тайпалық одағының ішінде рулар мен 
тайпалардың генеалогиялық иерархиясындағы көсем, жоғарғы сот және абыз рөліндегі 
«азаматтық» билеу қызметін атқарды. Сонымен бірге саяси ұйымға жетекшілік етіп, басқа 
тайпаларды бағындырып, олардан салық жинайтын әскери басшы болған. Эль өз қызметіне 
жауапкершілікпен қараған, мықты жасақталған әскерді өз деңгейінде ұйымдастырған, 


272 
жорықтар мен шапқыншылықтардың бағытын белгілеген, басып алған аймақтарға қатал 
бақылау жасап, олардың экономикалық және әскери ресурстарын пайдаланған, ал 
барлығының үстінен әскери әкімшілікті басқаратын ақсүйектерге сүйенетін қаған қарайтын 
болған. Түркі қағандары мен оның маңайындағылар адамдарды ақсүйектер және халық деп 
екі сословиеге бөлген. ҮІ ғасырдың соңындағы соғды тілдес Бугут жазбаларында бұл екі 
сословие куркапындар, яғни «атақ иелері, мәртебелі» деп аталады. Ал, екінші Түрк 
қағанатының (687-744) жазбаларында – дәл осы ұғым бектер мен халық (türk begler bodun 
«түрк бектері мен халық») деп беріледі. Мұндай сословиелік жіктелуді енисей 
қырғыздарынан да кездестіруге болады. ҮІІІ ғасырдың ортасындағы ежелгі ұйғыр сына 
жазуларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет