Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет131/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   166
Байланысты:
thesis147359

atlyγ
«атақтылар» и 
igil qara bodun
«қарапайым халық» деген терминдерді 
кездестіресіз. Ғаламтор мәліметтеріне жүгінетін болсақ, Орхон ескерткіштерінде әлеуметтік 
оппозицияның екі баспалдақты мінездемесі байқалады: 
Қаған және бектер >< халық 
Қаған >< бектер және халық 
Жазбалардағы мұндай көріністер бектер мен халықтың тәртібі мен көзқарасының 
алуан түрлілігін байқатады. Мысалы, Онгин жазбаларында (шамамен 731 ж) соғыстың бір 
сәтінде қарапайым халық қырылып, бектердің соғыс алаңынан қашып кеткені сөз болады. 
Ұйғыр қағаны Элетмиш Білге сатып кеткен «атақтылардың» пікірі мен «қарапайым 
халықтың» пікірін қарама-қарсы қойып салыстыра отырып бөлініп кеткен тайпаларды өзіне 
қосып алады. Ал басқа жағдайда түркілердің Білге қағаны халықтан бектермен бірге болуды 
талап еткен. Бұл жерде Махмұт Қашқаримен сабақтастық бар: 
«jer basruqy taγ 
bodun basruqy beg 
Жердің тірегі – тау, 
Халықтың тірегі – бек». 
Осы орайда тағы бір қырғыз бегінің айтқаны белгілі: «Қарапайым халық еңбексүйгіш 
болыңдар! Эльдің бұйрығын орындаңдар!». Ал басқа бір естеліктерді оқысаңыз, керісінше 
бектер мен халықтың бірдей, тең болуын насихаттайды. Қалай десек те барлық сословиелер 
материалды жағдайларының жақсаруы үшін күреседі. Мысалы деректерге жүгінетін болсақ, 
түргеш қағаны Сұлудың өркендеуі мен өлімі туралы мынандай айтылады: «Сұлу билігінің 
алғашқы кездерінде адамдарды жақсы басқарған; ықыласты және ұқыпты болған. Жорықтан 
кейінгі олжаны қол астындағыларға тең етіп бөлген. Олар да бұған жақсы қызмет етеді... 
Соңғы жылдары мардымсыздықты сезініп, түскен олжаны бөліске салмаған. Сөйтіп қол 
астындағылар одан бөлектене бастайды... Мохэ Даган мен Думочжы күтпеген жерден 
шабуыл жасап, оны өлтіреді» [9, 298-299 бб.]. Осы сияқты мысалдар өте көп. Ежелгі түркі 
қоғамының жоғарғы баспалдағында қаны жағынан ақсүйек, ерекше статусы бар, айтқаны 
сөзсіз заң деп қабылданатын бектер отырды. Мысалы түркілерде Ашын руынан шыққан 
қағандар, ұйғырларда Яғлакар руынан шыққандар іріктелгендер санатын толықтырады. 
Бірақ бұлардың маңайында басқа да атақты ру өкілдері болған. Барлығы бірігіп қауымды 
басқаратын болған. Олар тек басқарып қоймай, руластарының әл-ауқатын жақсартуға да баса 
назар аударатын. Әрбір түрк, ұйғыр, қырғыз тайпаларын генеалогиялық қауымдастық 
идеологиясы байланыстырады. Басып алынған аймақтардан түскен олжаны тең етіп бөлетін 
болған. Түркі қағандарының барлық жазбаларында халыққа жасаған көмектері туралы 
айтылады. Бугут жазбаларында Мұқан қаған (553-572) «халықты жақсы тамақтандырған», 
Білге қаған болса «халықты жақсы киіндіргенін, сөйтіп оларды байлыққа кенелткенін» 
мақтанышпен жеткізген. Оның інісі Күлтегін халық үшін «күндіз жұмыссыз отырмаған, 
түнде ұйықтамаған» деген жақсы келтірімдер кездеседі. Қағандардың барлығы тайпа 
ішіндегі теңдікті, татулықты қалаған. Кез-келген жасөспірім бала он жасқа келгенде 
er aty
«ер, батыр, жауынгер» деген атаққа ие болып әскер қатарына алынады, Элтеріш қағанның 
ұлы Күлтегін де осы жасында жауынгер атанған. Бұл титулға ие болу үшін жас жігіт алдымен 
аңға шыққанда немесе әскери ерлік көрсетіп көзге түсуі керек. Бұл турасында мынандай 


273 
мысал келтіруге болады «жеті жасында Күли-чор тау ешкісін өлтірген, онға келгенде жабайы 
қабанды олжалайды». Әрине ақсүйектердің аңға жиі шығуына байланысты баларын сынна 
өткізу рәсімі де ертерек жасалатын болған. Тек соғысқа қатысқан бала ғана ер жетіп кемеліне 
келді деген пікір қалыптасқан. Тура осындай мәселені оғыз эпосы «Менің атам
 
Қорқыттың 
кітабы»
 
туындысынан да кездестіресіз: «Байбөрі ханның ұлы он беске толғанда жігіт атанды, 
бірақ ол кездерде біреудің басын алмаған бозбалаға есім берілмейді екен, Сөйтіп ол бірде 
кереуенге шабуыл жасаған қарақшылардың көзін құртып, басын алған. Сол кезде оның әесі 
Байбөрі оғыздардың бектерін шақырып той жасайды, сөйтіп баласына Байсы-Бейрек деген 
ат беріледі» [10, 33-34 бб.]. «Ер есімін» иеленген соң жігіт қағанаттың әскери-әкімшілік 
иерархиясындағы титулдарға қол жеткізе бастайды. Титулдарды беру туралы рәсімдер, 
ережелер Ихе Хушоту жазбаларында жақсы көрінеді [10, 27-33 бб.]. Монғолия мен 
Енисейден табылған қабірдегі жазбалардың барлығында дерлік өлген адамның титулы, 
жасаған ерліктері жазылған. Эльдің мәртебесі мен абыройы оның байлығына, жанұясының 
жақсы тұрмыс пен молшылықта болуына байланысты белгіленетін болған. Жеке меншігі киіз 
үй 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет