ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
. Тәуелсіздіктің
алғашқы онжылдықтарында шетелдік деректердің қол жетімді болуы, зерттеуші ғалымдарға
үлкен серпін берді. Тұңғыш рет қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің қалыптасуы және
дамуына байланысты іргелі ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді. Академик О.
Ысмағұловтың «Этническая антропология Казахстана (соматологическое исследование),
танымал тарихшы З. Қинаятұлының «Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы» монографиялары
304
мен Т. Смағұлұлының «Развитие государственности у древних тюрков в VI-VIII вв.» атты
зерттеу жұмыстары, «Қазақ хандығының тарихы» бойынша белгілі тарихшылар: Ж.
Қасымбаев, К. Пищуллина, И.В. Ерофеева, Е.Ж. Валиханов, Қ. Абуов, А. Исин, Б. Аяған, Х.
Әбжанов, Б. Кәрібаев және Ә. Мұқтар, Е. Сыздыков және басқалардың еңбектері жарық көрді.
Кейінгі буын өкілдерінің де шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалары жарық көре бастады.
Ұлттық Ғылым академиясының академиктері К. Байпақов, З. Самашев, В.Ф. Зайберт,
профессорлар У. Шәлекенов, М. Елеуов, Ә. Төлебаев, Ж. Таймағамбетов, С. Жолдасбаев, А.
Досымбаева бастаған археолог-ғалымдар тың жобалармен жұмыс жасады. Бүгінгі күні бұл
ғалымдардың әрқайсысы бір әлем. Әсіресе, «Қазақстанның палеолит кезеңі», «Орал-Ертіс
өзенаралығындағы энеолит дәуірі» қазбалары, «Ортағасырлық қалалар және Шу-Талас
өзенаралығы тұрақтарын (VI - XIII ғ. басы)», «Жетісу тұрғындарының мәдениеті (б.д.д. IIғ. –
б.д. Vғ.)» және басқа да ізденістерден кейінгі тың археологиялық зерттеу нәтижелері
халықаралық ғылыми қауым арасында мойындалды.
Айта кету керек, заманауи кезеңде Қазақстанның этнография ғылымы жан-жақты
дамып келеді. Зерттеуші ғалымдардың (С. Әжіғали, А. Тоқтабай, Д. Әлкейқызы, Р.
Мұстафина, Ш. Тохтабаева, А. Қалыш, М. Алпысбес, А. Оразбаева, Т. Картаева және басқалар)
халықтың тұрмыс-тіршілігі, тілі мен діні, өнері, әдет-ғұрыпын және тарихи кезеңдердегі
дәстүрлі қазақ қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуын пәнаралық байланыста зерделеген
еңбектері отандық және шетелдік ғылыми баспалардан жарық көрді. Мемлекеттік «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында (2001-2004 жылдары) ғана, Қазақстан тарихы, археологиясы мен
этнографиясы бойынша тарихи жадыны қалыптастыру және тарихи әділеттілікті орнату
бағытында 26 арнайы зерттеу жобасы іске асырылды. Жан-жақты зерделеу нәтижесінде,
шетел тарихнамасы аясында Қазақстан тарихының (К.Л. Есмағамбетов, Б. Садыкова т.б.) түрлі
қырлары алғаш рет ашыла түсті. Араб деректеріндегі қыпшақ, құман және қимақтар, көне
түркі ескерткіштеріндегі деректік құндылықтар, тұлғалар (Ә. Дербісәлі, Б.Е. Көмеков, Қ.З.
Тұрсынхан), Цинь империясы тұсындағы қазақ елінің стратегиялық ұстанымдары (К.
Хафизова), Орталық Мауереннахар қалаларының (II-VII/VIII-XIII ғғ.) өмір-тіршілігі (Ә.Қ.
Мүмінов), «Түрік әлемі: Тарихты қайта пайымдау» (Қ. Салғараұлы), Қазақ-Қытай
қатынастары (Н.А. Алдабек, Н. Мұхаметханұлы), ҚР кәсіби әскери кадрларды даярлау тарихы
(А.Б. Тасболатов), XVII-XVIII ғғ. Қазақстардың әскери ісі тарихы (А.Қ. Көшкімбаев) және т.б..
Мұрағат қорларындағы тарихи тың деректер, өткен ғасыр басылымдарындағы материалдар
ғылыми айналымға қосылды. Олар: Алаш қозғалысы (К.Н. Нұрпейіс, Қ.С. Алдажұманов, М.Қ.
Қойгелдиев, С. Аққұлұлы және т.б.), Біртұтас Түркістан идеясы (Д.Қ. Қыдырәлі), Қазақстан
тұрғындары көші-қонының тарихнамалық мәселелері (С.И. Ковальская), «1926-1959жж.
Қазақстанның демографиялық дамуы» (А.И. Құдайбергенова), «XVIII-XIX ғасырдағы
қоныстандыру тарихы және зардаптары» (Д. Әбенов, Б. Әбенова), ХХ ғасыр басындағы
мерзімді баспасөз материалдарындағы қазақ тұрмысы (С.Ө. Смағұлова), «Кеңес мемлекетінің
көші-қон саясаты (Қ.М. Ерімбетова), «Қазіргі заман тарихы» (Б. Аяған, А. Ауанасова) және
т.б.
Қазақстан тарихы әлемдік тарихпен ұштастырыла зерттелген еңбектер жарық көрді.
Мысалы, профессор К.Қ. Қожахметов ҚазМУ-де Шығыстану факультетін құрудың алғашқы
бастамашысы, 1989-2003 жылдар аралығында Азия және Африка елдері тарихы
кафедрасының меңгерушісі, ал одан соң Индология кафедрасының меңгерушісі қызметін
атқарған. Ол Корея, Египет, Палестина, Үндістан, Қытай, Ливан, Түркия, Иран, Пакистан және
де басқа елдердің елшілігі мен мәдени орталықтарымен өзара байланыс орнатуға ықпал
жасаған, араб елдері мәселелеріне қатысты іргелі зерттеу жүргізген дара тұлға. Сол сияқты
ежелгі герман қоғамынан халықтардың Ұлы қоныстануына дейінгі дамуының негізгі
мәселелері (Қ.Т. Жұмағұлов), Францияның ақыл-ойындағы голлизм (Ж.О. Ибрашев), одақтас
республикалар ынтымақтастығы (Қ. Қаражанов), Жошы ұлысы құрамындағы Шығыс Дешті
қыпшақ. Ақ Орданың саяси тарихының аспектілері (Қ.З. Өскенбай), XVIII ғасырдың соңғы
ширегімен – ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі Қазақ-қоқан қарым-қатынастары (Ө.Қ.
305
Қожақов), XVIII – XX ғғ. басындағы Түркістан халықтарының өзара қарым-қатынасы тарихы
(С. Мәдуанов, М. Шәлекенов), Ресейдегі қазақ диаспорасы (Меңдіқұлова Г.М., Қалыш А.,
Қабылдинов З.Е. Қалшабаева Б.К.), ХІХ ғасыр тарихы архив деректерінде (В.В. Галиев),
Қазақстанның шығыс аймағы мен Алтай өлкесі шетел деректерінде ( Ғ.М. Қарасаев),
Қазақстан тарихының тарихнамасы (О.Х. Мұқатова) және өзге де ғалымдар (Н.А. Абдуллаев,
М.Ж. Әбдіров, Х.М. Тұрсын, Ұ.Ш. Ысмағұлов, Р. Оразов, А. Күзембайұлы, С.К. Шілдебаев,
Қ. Әлімғазинов, З. Сақтағанова, Г. Көкебаева, Ф.Т. Көкеева, Т.С. Көлбаев, Б. Қойшыбаев, Р.М.
Жұмашев, Т.А. Төлебаев, Қ.Р. Несіпбаева, Р.Ж. Қадысова, М. Аңсатова, Д. Сәтбай, Г.М.
Какенова, Г.К. Кенжебаев, А.Ш. Махаева, Р.М. Таштемханова, Д. Махат, К.М. Ілиясова, А.
Оразбақов, У. Ибраев, Н. Мыңжасов, Ә. Әлпейісов, Қ.А. Еңсенов және т.б.) өзекті
тақырыптарда ғылыми жұмыстарының нәтижесін жариялады.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси, экономикалық өмірі мен тұлғалар
тағдыры кеңінен тарихнамалық әрі деректік тұрғыда ғалымдардың (М. Қойгелдиев, Т.
Омарбеков, Ж. Қуанышев, Ө. Озғанбай, Г. Халидуллин, Қ. Атабаев, Т. Жұртбай, Л. Гурьевич,
С. Мәжитов, М. Кәрімхан, Н. Шаяхметов және басқалардың) зерттеу нысанына айналып,
тарихи «ақтаңдақтардың» ақиқаты айқындалды.
Жоғарыда аталған және басқа да іргелі ғылыми зерттеу барысында ата тарихтың
белестері дала өркениетінің құрамды бөлігі ретінде, шежіре және құжаттық деректер арқылы
тұжырымдалды. Қандай заман болмасын, елдік мүдде - қазақтың ұлттық мемлекеттік бітімі,
біртұтастық үрдісі болғандығы айқындалды. Ата-баба жолы – ата дәстүрі, елін және жерін
қорғау дәстүрінің сабақтастығы сараланды. Тарихқа деген қызығушылық артты. Рухани
салада түбегейлі өзгерістер қалыптаса түсті. «Тарихи сана тұжырымдамасы» аясында,
қазақстандықтар өз рухтарының – өрі де, тұғыры да – төрде болуы жолында, еңбек етті және
алға ұмтылыс жасалды. Келешек ұрпақтың жаңа дүниетанымдық моделін жобалау, басты
құндылықтар мен бағдарларды айқындау қажеттігі туындаған тұста, 2013 жылдың 5
маусымында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық
тарихын зерделеу жөніндегі ведомоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқалы жиыны
болып өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, үкімет
мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, жергілікті атқарушы билік басшыларының
орынбасарлары, республиканың танымал жетекші тарихшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Мұхамбетқазыұлы
Тәжиннің басшылығымен өтіп, баяндама жасады және ол «бүгінгі күні тарихи ғылымға мүлде
жаңа талаптар қойылып отырғанын, ал әлемдік тарихнамада таным тәсілдеріне қатысты сыни
қайта бағалау жасалынып отырғанын ерекше атады. Қазақстандық тарих ғылымын алдыңғы
қатарлы методология мен тәсілдер негізінде сапалы дамытуға жол ашу, қазақтардың ұлттық
тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру,
Қазақстанның қазіргі заман тарихының екі он жылдығын електен өткізу сияқты нақты
мақсаттар қойылды. Жалпы қазақстандық бірегейлік - ұлттың тарихи санасының тұтқасы
болуы қажеттілігі» баса назарға алынды. Ұлттық бірегейлікті үйлестірудегі тарих ғылымының
маңызы ерекше екені белгілі. Тарих ғылымының даму Тұжырымдамасына да өзгерістер енгізу
қажеттілігі артты. Тарих ғылымының жаңа міндеттері де айқындала түсті. Олар: мұрағат
құжаттары мен жазбаларды сыни көзқараспен сүзгіден өткізу, зерттеу тәсілдері мен тілдік
құралдарды өзгерту, жүйелі зерттеу, толыққанды ұлттық тарихи көріністі жасау, елдің
көпэтникалық құрамының қалыптасу процесін объективті тұрғыда зерттеу.
Соңғы ширек ғасырда елдегі өткен оқиғалардың ауқымы мен тарихи маңызы жүйелі
зерделеуді қажет етеді. Тарихшылар үшін нақты ғылыми талдау жасау нысаны ретінде,
мемлекеттік басқарудағы қазақстандық моделдің маңызды бөлігі – ұлт көшбасшының рөлі
көрсетілді. Әсіресе, оның стратегиялық көрегендігі, халыққа нақты іс-қимыл ауқымында уәде
беретіндігі, басқарудың инновациялық түрін меңгеруі, жеке тұлғаның интеллектуалдық күші
зерделенуі керектігі алға тартылды. Осының барлығы жүйелі әрі объективті қарастырылуы
306
қажеттігі ескерілді. Ведомоствоаралық жұмысшы тобының отырысында алдағы кезеңнің
жоспары айқындалды және бекітілді.
2013-2016 жылдары қабылданған шешімдерге сәйкес келесі жұмыс жүргізілді. Шет
елдерге экспедициялардың нәтижелері бойынша материалдар жинақталып, электронды
ресурстарға орналастырылды: Ұлттық кітапхана, «Мәдени мұра» порталы, «Қазконтент» АҚ,
Электронды каталог (www.ncai.kz).
2013-2014 оқу жылының басында барлық мемлекеттік университеттерде Қазақстан
тарихы кафедралары ашылды, жоғары оқу орнынан кейінгі «Тарих» мамандығы бойынша
кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс, сондай-ақ PhD докторлар саны өсті.
Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктерін көрсететін оқу жоспарларына
өзгерістер енгізілді, департаменттердің материалдық-техникалық жабдықталуы, кітапхана
қорын толықтыру мәселелері талқыланды. ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының
бірқатар веб-сайттары жаңартылды . Ғалымдар тобымен ежелгі дәуірден қазіргі заманға
дейінгі ұлттық тарих бойынша негізгі оқулықтарды дайындау бойынша ауқымды жұмыс
жүргізді.
2014-2016 жылдардағы «Халық тарих толқынында» ғылыми зерделеу бағдарламасы
аясында ұлттық тарих тұжырымдамасының жаңаша сипаты айқындалды. Ұлттық Конгресс
тарихи ғылымды жаңғыртуда үлкен жұмыс жасады. 2014 жылы ғалымдар, университеттердің,
әкімдіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
қатысқан алты аймақта тарихшылардың кездесулері өтті. «Нұр Отан» партиясының мүшелері,
Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жастар конгресі, Жас тарихшылар қауымдастығы және басқа
да қоғамдық және ғылыми ұйымдар көптеген тақырыптық іс-шараларға қатысты. ҮЕҰ
мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 арнайы жобаны ұсынды, олар қажетті сараптамалардан
өтті. Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, шетелдік ғалымдардың Қазақстанға келуі
және археологиялық экспедицияларға қатысуы, сондай-ақ шетелдік рейтингтік ғылыми
журналдарда Қазақстан тарихына арналған материалдарды аудару және жариялау туралы
мақалалар дайындау жұмыстары басталды. 2014 жылы қазақстандық ғалымдар тарапынан
шетелдік он елдің мұрағат қорларына ғылыми сапарлар ұйымдастырылды: Иран, Үндістан,
Қытай, Египет, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан, Ресей. Түркі
қағанатының қалыптасуы мен даму тарихы туралы түркі тастан-жазбаша және қолжазба
дереккөздерін анықтау, суретке түсіру және көшіру жұмыстары жүргізілді, Шыңғыс хан
дәуіріне дейін түркі тайпаларының тарихи бірізділігі мен біртұтас этно-географиялық
байланыстары туралы мәліметтер анықталды. Моңғолиядан, Қытайдан және Германиядан
шыққан түркітілдес (әсіресе қазақ) халықтар тарихының прото-, ежелгі және ортағасырлық
кезеңдерін түсіндіруге мүмкіндік беретін ежелгі, түрік руна хемо-жазба, ежелгі үнді, қытай
көздерінің негізінде ерте көшпенділердің тарихына тарихи деректердің көшірмелері әкелінді.
Ғылымды одан әрі дамытуға үлкен серпіліс берген Қазақ хандығының 550 жылдығын
мерекелеуге байланысты еді (2015).
2014-2016 жылдарға арналған «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында көне,
ортағасырлық, жаңа, қазіргі заман және тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан тарихы мен
мәдениетіне арналған ғылыми жобаларының іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарының
бағдарламасы дайындалды. Айта кету керек, қазақстандықтар бойына жоғары руханилықты
қалыптастыруда, қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап, нығайтуға мемлекеттік
қоғамдық-мәдени және діни ұйымдардың бірлескен ұжымдық жұмысы қажеттілігін алға
тартқан шығыстанушы-исламтанушы ғалым, ата сөздің шешені - Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ол
Иран, Орталық Азия және Ресей, араб елдері кітапханалары қорларында сақталған араб және
парсы қолжазбаларын ғылыми айналымға енгізіп, X-XVIII ғасырлардағы ғылымның көптеген
салаларын дамытуға үлес қосқан 50-ден аса ойшылдар мен оқымыстылар есімімен
толықтырып, отандық ғылымның дәрежесін көтерді. Бір ғана Отрардың ислам ғылымы мен
мәдениетіне үлес қосқан 18 Отрарлық-Фарабилер жөнінде тың мәліметтер жариялады. Оған
қоса, әрбір дерекке ғылыми дәлелдер және қорытындылармен тұжырым жасады. Ғалым
307
ортағасырлық қазақ тарихшысы, дипломат және ақын Мұхаммед Қайдар Дулаттың жерленген
жерін
анықтап,
ондағы
құлпытас
эпитафиясының
мағынасын
шешті,
оның
шығармашылығының жаңа қырларын ашты. Тәу еткен тәуелсіз Қазақстан тарихының асқар
белестерінің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Душанбе, Ташкенттің қолжазба
нұсқалары және Теһранда жарық көрген А. Ғаффарифәрд тексологиясы еңбегі негізінде парсы
тілінен қазақшаға аударылған, құнды дерек көзі - Мұхаммед Қайдар Дулаттың «Тарих-и
Рашиди» шығармасының жаңа басылымын қазақтың қажырлы азаматы, шығыстанушы-ғалым
Ислам Жеменей тарихсүйер қауымға тосын сый ретінде ұсынды. Кітап «Тарихи сананың
жаңғыруы» атты алғысөзбен жарық көрді.
Мемлекет тарихы институты «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында
Салааралық жұмысшы тобының кеңейтілген отырысының хаттамасына сәйкес,
тапсырмаларды қолға алынып, 2014-2016 жылдар аралығында жұмыстар атқарылды [5]. Атап
айтқанда, Батыс Еуропа елдеріндегі екінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардың қатысуы;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қызметі, оның қазақстандық
мемлекеттілікті қалыптастыру және оны нығайтудағы рөлі; Қазақстан тарихы (ерте кезеңнен
тәуелсіздікке дейін) оқулығы мен хрестоматиясын, базалық Қазақстан тарихы оқулықтарын
оқу процесіне енгізу (жобасы қолға алынды); «Қазіргі заман тарихы» оқулығы мен
хрестоматиясын жасау және баспадан шығару; Қазақстан Республикасы дүниежүзілік және
аймақтық интеграциялық процестерде; Алаш интеллигенциясының тарихи ойы, тұлғалар және
қазіргі кезең; Қазақстандағы этностар мен мәдениеттер т.б.
Қазақстан Республикасы жаңғырған мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңінде отандық
ғалымдар ғана емес, сол сияқты таяу және алыс шетелдегі тарихшы қауым да белсенділік
көрсетті. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары қазақтың Мағжанын тірілткен, 70-ші жылдары Алаш
қайраткерлерін ұлағаттап, қазақтың ұлт-азаттық қозғалысына шолу жасаған, бірегей тарихшы
- Хасен Оралтай (1933 - 2010), ХХ ғасырдың 40-шы жылдары көрші қытай елі оқырмандарына
қазақ халқының тарихы мен мәдениетін «Қазақ тарихының дерегі» (1947ж.) еңбегі арқылы
танытқан аудармашы, тарихшы-әдебиетші, «қазақтану ғылымының атасы» атанған ірі
тұлғалардың бірі - Нығмет Мыңжанұлы. Түркия еліндегі Мимар Синан университетінде
жұмыс атқаратын тарихшы-түрколог, Мұстафа Шоқайтанушы ғалым – Әбдіуақап Қара Ресей
Федерациясы Ресей Тарихы институтының (бұдан әрі, -РФ РТИ) профессоры, тарих
ғылымдарының докторы Найля Ермұханқызы Бекмаханова, Дина Ахметжанқызы
Аманжолова, РФ Шығыстану институтының профессоры Александр Шайдатұлы
Қадырбаевты атап өту абзал. Айта кету керек, соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей ғалымдары
арасында өзара ғылыми-интеллектуалдық ортаны қалыпты жағдайда дамыту үрдістері
жаңаша бағытта жаңғырып келеді.
Астана – тәуелсіздіктің тұмары болғандықтан да республика аймақтарындағы рухы
биік тарихшылар қауымы, әрбір ғылыми шарада шығармашылық белсенділігін көрсете білді.
Мемлекет тарихы институты тек мемлекеттік органдар мен қорлар ғана емес, сол сияқты
аймақтағы ЖОО-дағы тарихшылармен тұрақты байланыс орнатқан. Республика бойынша аға
буынның жолын жалғастырған танымал тарихшы, археолог, антрополог, этнограф,
демографтар және басқа қоғамдық білім және ғылым салаларының мамандары өсіп жетілді.
2018 жылы 19 қаңтар күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Н.Ә.
Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері»
тақырыбында өткізілген Қазақстан тарихшыларының V Ұлттық Конгресінде басты идеялар
- қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттың рухани жаңғыру мәселелері талқыланып, арнайы Қарар
қабылданды. Мемлекет басшысының барлық идеялары мен бастамалары, рухани даму және
жаңғыру негіздерін қалыптастыру сияқты ұсыныстары үлкен қолдауға ие болды. Ал,
«Тәуелсіздік дәуірі» кітабында тұжырымдалған тәуелсіздік кезеңдері, негізге алынды.
Мемлекет тарихы институтының ғалымдары қазақстандық қоғамда тарихи танымды
қалыптастыру, халықтың тарихи-мәдени мұрасын талдау, жаңа жағдайдағы Отан тарихының
теориялық-методологиялық принциптерін қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар
308
атқарды және жалғасуда. Қазақстан Республикасының қазіргі заман тарихының іргелі және
қолданбалы зерттеу жұмыстары жолға қойылып, оның нәтижесі бойынша ғылыми
басылымдардан іргелі ғылыми еңбектер жарық көруде. Жаңалыққа ұмтылыс және жаңғырған
заманға қарай бейімделу нәтижесінде, Қазақстанда әлем қауымдастығы алдында беделге ие
болды және ол стратегиялық мұраттары бар қуатты мемлекетке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |