Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
89
қозғай алу ерекшеліктері танылып жүргені белгілі. Ал, 
осылардың ішінде импровизацияның да орны бөлек. 
Ол жөнінде Чеслав Далецкий: «Речь оратора в боль-
шей части – импровизация, а импровизация – это не что 
иное, как спешная мобилизация ранее накопленных зна-
ний»/3,187/, – деп жазады. 
Шынында, академиялық шешендікке тән сипаттардың 
баршасы лекцияның «көркемдік» мәніне меңзейтінін 
түсінуге болады. Өйткені, ақпараттық толымдылықтан, 
шынайылық пен айқындықтан туындайтын қысқалық 
пен нақтылық ғылыми қара сөздің қуатын арттырып, 
оған көркемдік пен сұлулық дарытады. Сондықтан, ғы-
лым тілі нәрсіз, көркемдіктен ада деп ойлау дұрыс бол-
мас еді. Ғылыми сөздің көркемдігі оның сырттай көзге 
ұрып тұратын эпитеттермен, метафоралармен, әртүрлі 
риторикалық айшықтармен безендірілуінде емес/4,188/. 
Ғылыми проза тілінің көркемдігі мен сұлулығы – сөздің 
ең жоғары ақпараттық толымдылығы арқылы ойға қуат, 
сөзге қысқалық пен нақтылық беруі. Әрине, ерте да-
мыған орыс педагогикалық риторикасы шешендік сөздің 
бұл тегінің негізгі мақсаты тыңдаушының ғылыми көз-
қарасын қалыптастыру екенін айқындай отырып, оның 
түрлі сипаттарын ашып, міндеттерін белгілеп береді. 
Лектордың шеберлігін шыңдайтын талаптар қоя отырып, 
осы тұрғыдан оның ой өрбітіп, сөз саптауындағы ешкім-
ге ұқсамайтын сара қасиеттерін суыртпақтайды. Олар-
дың лекцияларын немесе оған негіз болған академиялық 
еңбектерін талдай келіп, шешендік қасиеттерінің бір 
құпиясы – терең білімділікте, кең дүниетанымда екенін 
көрсетеді.
Ресейде XVII ғасырдың басында-ақ риторика оқулық-
тары жазыла бастағаны белгілі. Дегенмен, қазақ акаде-
миялық ғылымы мен әдебиетінде де білімпаз лекторлар-
дың шешендік шеберлігін пайымдаған ой-пікірлер жоқ 
емес. 
Зымыран уақыт қарыштап алға жылжыған сайын 
адамзаттың ой-санасы да түлеп, білімі мен мәдениеті 
алға озып, тұрмыс-тіршілігі жаңарып, жеке басының қа-
рым-қабілетін дамытуға мүмкіндік алғаны бұлтартпас 
шындық болса керек. Бұның бір дәлелі – елімізде жыл 
өткен сайын өркендеп, қанатын кеңге жайған білім ор-
далары мен ошақтары. Олардың сапалық көрсеткішін 
айтпағанда, сандық өсуінің өзі халықтың заман тала-
бына сай білімге деген сұранысының соғыстан кейінгі 
жылдардан осы уақытқа шейінгі аралықта аса зор жыл-
дамдықпен еселеп өсіп отырғанын көрсетпей ме?!
Міне, сол білім ордаларының бірі – жоғары білім 
берудің көшбасшысы, жуықта 75 жылдық мерейтойын 
атап өткен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универси-
теті. Бұл өз алдына ұлы әңгіме, үлкен тарих! Дегенмен, 
біздің айтпағымыз – білім беру мен маман даярлау сапа-
сын және ғылым саласын заманауи талапқа сай үздіксіз 
дамытып келе жатқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 
2003 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан мен Орта Азия 
елдері арасында алғашқы болып Дүниежүзілік білім 
беру кеңістігіне қосылуы, Рейтер агенттігінің мәлім-
демесі бойынша, бүгінде планетадағы ең танымал 500 
университеттің ішінде 15-орынды иеленуі, 2006 жылы 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласын-
дағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуы, Қазақстан жо-
ғары оқу орындарының рейтінгі көрсеткішінде алғашқы 
орында тұруы – оның алып білім кемесіне ғана емес, 
біз сөз етіп отырған академиялық шешендіктің бесігіне – 
мектебіне айналғандығының шынайы куәсі екендігі.
Академиялық шешендіктің іргетасы ҚазҰУ-да ұлы 
жазушы, ғұлама ғалым М. О. Әуезов ұстаздық еткен со-


90
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет