86
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
87
м. Әуезов – академиялық
шешендік мектебі
негізін қалаушы
Қ
азақ шешендік өнерін зерттеудің егемендікке
дейінгі талайлы тағдыры салдарынан шешендік
сөздің бір түрі саналатын академиялық шешендік жайы
енді ғана сөз бола бастады десе де болады. Қазақтың ғұ-
лама ғалымы А. Байтұрсынов шешендіктің бұл түрін:
« Білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені
білімір шешен сөзі деп аталады»/ 1, 405/, – деп көрсе-
теді. Қазіргі риторикада академиялық шешендік: жоға-
ры оқу орындарындағы (мектептердегі) лекция, ғылыми
баяндама,
ғылыми шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми-
көпшілікке арналған лекция түрлеріне жіктеледі. Г.Ап-
ресян: «В даваемой нами классификации красноречие
под «академическим» подразумевается
строго научное
по характеру красноречие, отличающееся глубокой аргу-
ментированностью, высокой логической культурой, ст-
рогим стилем речи, к тому же имеющее специфическую
терминологию»/2, 92/, – деп академиялық шешендіктің
айрықша сипаттарын атап өтеді. Бұған қоса, қазіргі ри-
торикада академиялық шешендіктің мазмұнына тән шы-
найылық, ақпараттық толымдылық, қозғалып отырған
мәселенің
ғылыми жаңалығы, өзектілігі, материалдың
толық жетімділігі сияқты ерекшеліктері де ескеріледі.
Жоғары оқу орындарындағы ұстаз-ғалымдар мен мек-
теп мұғалімдері ғылыми конференция, семинарлар мен
симпозиумдарда
өз ойларын ортаға салып, көсіле сөй-
легендерінде академиялық шешендікке жол ашылғанын
байқауға болады.
Академиялық және педагогикалық шешендіктің бір
түрі – лекция. Лекцияның тартымды,
қызықты оқы-
луының сыр-сипаты аз емес. Ол, ең алдымен, лекцияға
мұхият дайындық жұмыстарын жүргізуден басталады.
Оның да қазіргі заманға сай қалыптасқан мынадай та-
лаптары бар: мәселен, тәжірибелі лектор аудиторияның
психологиясын, көңіл-күй ауанын, жас ерекшелігін,
білім деңгейін барлайды, соған сәйкес материалды жү-
йелеп, жоспар құрады, ұсынылатын
әдебиеттер тізімін
жасайды, лекцияның ғылыми мазмұны айқын болуын
қадағалайды, тақырыпты игеруге қатысты дидактика-
лық-методикалық құралдарды белгілейді, негізгі оқулық
болмаған жағдайда жаңа курс үшін лекция мәтінін жаза-
ды, көрнекі құралдарды таңдап, әзірлейді. Алайда, «кез
келген тәжірибелі лектор шешен бола алмайды» (ауд.
Р.Ә.) /2,93/. Өйткені, шешендік – өнер, кез келгеннің
маңдайына біте бермейтін тума қасиет.
Әйткенмен, ол
қажырлы еңбекпен, үздіксіз дайындықпен ұштасып жа-
туы тиіс.
Риторика қайта жандана бастаған кезден бері зерт-
теушілер лекция тілінің «жатықтығы» («сухость» – ауд.
Р.Ә.) немесе «қарапайымдылығы» («сдержанность»
– ауд. Р.Ә.) жөнінде айта келіп, оның сол ерекшелік-
терінің өзінен өрбитін эстетикалық «көркемдігі» («ху-
дожественность» – ауд. Р.Ә.) және «сахналық
өнерге
тән сипаты» («артистичность» – ауд. Р.Ә.) жайында ой
қозғайды/2,93/. Академиялық шешендіктің «сахналық
өнерге тән сипаты» ретінде лекция тілінің жүйелі баян-
дауға құрылған сыртқы «жағымдылығы» («изящество»–
ауд. Р.Ә.), лектордың еркін суырып салып айту (импро-
визация), тыңдаушыларды баурай алу, олардың қиялын