70
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
71
абай ЖӘне шӘкӘрім
Поэзиясындағы
интертекст құбылысы
И
нтертекст проблемасы М.Б. Ямпольский, И.И. Ар-
нольд, У. Эко, Ж. Женетт, Ю. Кристева, Ю.Н. Ты-
нянов, М.М. Бахтин, Ф. Де Соссюр, Г.В. Денисова, Ю.М.
Лотман, М.Л. Гаспаров сияқты көптеген орыс және басқа
да шетел ғалымдарының еңбектерінде тұжырымдалғаны
белгілі. Қазақ әдебиеттануында интертекст проблемасы
А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Е. Турсунов, Н. Келімбетов,
А. Қыраубаева, Ө. Күмісбаев еңбектерінен бастау алып,
С. Ағыбаеваның, А. Әділованың диссертациялық жұ-
мыстарында жүйеленеді. Сондай-ақ, О.В.
Васильева,
Н. Богатова, К. Воронкова, Ж.В. Бурцева, К.С. Бузау-
багарова сияқты авторлардың мақалаларында талдана-
ды. Интертекст тар және кең мағынада қарастырылады.
Бір жағынан, интертекст мәтін ішіндегі мәтін сипатында
айқындалады (мәселен, Ю.М. Лотманның жұмыстарын-
да). Екінші жағынан- интертекстуальдылық табиғаты
зерделенеді (мәселен, Ю. Кристеваның, М. Бахтиннің,
С. Кибальниктің еңбектерінде).
Алайда бұлардан кейінгі
лингвистердің қилы көзқа-
растарын түйіндей келсек, көркем мәтінде келтірінді
құрылымдарды тар мағынада қолдану автордың оларды
әртүрлі мақсатта пайдалануымен түсіндіріледі. Ал ин-
тертекстуальдықты кең мағынада түсіну шетелдік ға-
лым Ю.Кристеваның байланысты екені көпшілікке аян.
Дегенмен орыс әдебиетінің білгірі М.М. Бахтин көркем
шығарманың диалогтық сипаты туралы пайымдай келіп:
«В любой момент развития
диалога существует ог-
ромные, неограниченные массы забытых смыслов, но в
определенные моменты далнейшего развития диалога,
по ходу его, они снова вспомнятся и оживут в обновлен-
ном (в новом контексте) виде»деп жазады.[1, 445].
Ғалымның пайымдауынша диологизм көркем мәтін
құрылымындағы цитаталық байланыстарды да меңзейді.
Шығарма сюжетіндегі образдарындағы ұқсастық пен үн-
дестік жайы қазақ ғалымдарының да еңбектерінде ерте
кезден-ақ сөз бола бастады. Қазақтың ғұлама ғалымы
М.Әуезов «Әр жылдар ойлары»
атты зерттеу еңбегін-
де назирагөйлік дәстүрді еліктеу мен аудармадан алшақ
алып пайымдауының мәнін бүгінгі күн тұрғысында ес-
керсек болады. [2].
Зерттеуші А. Әділова интертекстуалдылықты кең ма-
ғынада түсінуді Ю. Кристеваның, тар мағынада түсінуді
Ю.М. Лотманның еңбектерімен байланысты қарастыра-
ды. Интертекстуалдылық кең мағынада – мәтіннен алын-
ған цитаталардың тоғысу кеңістігі, әр мәтіннің басқа
мәтінді өзіне сіңіріп алуы және оларды трансформация-
лауы. Ю. Лотман көрсеткен «мәтін ішіндегі мәтін» белгі-
лері өткен ғасырдың 60-жылдарындағы
қазақ көркем
прозасында, М. Мағауиннің, Т. Әбдіковтің, Ә. Нұршайы-
қовтың романдарында цитаталық атаудан бастап, түрлі
поэзиялық мәтіндерден келтірілген үзінділер, кейіпкер
хаттары, күнделіктері, түстері сияқты келтірінді (интер-
текстуалды) элементтердің бірнеше түрі кездесетінін
пайымдайды. Интертекстуалдылықты әдебиеттанудағы
«жалпы орындар», «тұрақты формулалар»
ұғымдары-
мен байланысты қарастырған еңбектерді атайды. Ин-
тертекстуалдылықты тұжырымдаудағы шетел ғалымда-
рының көзқарастарындағы қайшылықтарға тоқталады.
[3, 67]. Зерттеуші Б.М. Гаспаровтың, И.В. Арнольдтің,