62
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
63
зейді. Шығарма сюжетіндегі образдарындағы ұқсастық
пен үндестік жайы қазақ ғалымдарының да еңбектерін-
де ерте кезден-ақ сөз бола бастады. Қазақтың ғұлама
ғалымы М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» атты зерттеу
еңбегінде назирагөйлік дәстүрді
еліктеу мен аударма-
дан алшақ алып пайымдауының мәнін бүгінгі күн тұр-
ғысында ескерсек болады [2].
Әдебиеттану мен лингвистикада «интертекст», «ин-
тертекстуалды», «интертекстуалдылық» терминдері
төңірегінде қайшылықты пікірлер көп. Соған қарамас-
тан қазіргі уақытта интертексталдық проблемасын зерт-
теу жүйелі түрде қолға алына бастады. Әрине аталған
мәселе тіл мен әдебиет тоғысында қарастырылып ке-
леді. Қазақ прозасы мен поэзиясынындағы интертекст
поэтикасының фольклорлық негізі зерттеле бастады.
Алайда бүгінгі күнге дейін фольклорға телініп келген
авторлы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі дәстүр жалғастығы
принципін интертекстуалды байланыс түрінде түсінді-
рудің жаңашылдық сипатын ұғынуға тиіспіз. Бүгінде
қазақтың авторлық ауызша
әдебиетінен интертекстің
сан алуан үлгілерін табу арнайы зерттеуді қажет етеді.
Себебі И.И. Ильиннің айтуынша, әр мәтін интертекст
болып табылады. Олай болса қазақтың авторлы ауыз
әдебиетіндегі интермәтін поэтикасы біздің мақаламыз-
да алғаш рет сөз болады [3, 207].
Фольклорный интертекст шешендік сөздерде де
кездеседі.Әдебиет зерттеушілері күні бүгінге
дейін
шешендік сөздерді фольклор қатарына қосып келеді.
Бұл орайда, ұлы М.Әуезовтің пікіріне сүйінсек, билер
сөзінің авторы қазақтың даңқты би-шешендері болмай
ма? Расында, шешендік сөз белгілі бір би-шешеннің
атынан айтылатыны мәлім. Ал, атақты В.Г.Белинский
фольклорда даңқты есімдер болмайтынын, ондағы көр-
кем сөз авторы халық екенін ескерткен [4, 9]. Осы пікір-
лерге қарамастан, шешендік сөздерді фольклорға телу
кеңестік дәуір тұсында би-шешендер есімін ауызға алу-
ға тайсақтағандық па, әлде фольклор мен авторлы ауыз
әдебиеті ара жігінің ғылыми тұрғыда түпкілікті ажы-
ратылмағандығы ма? Рас, шешендік сөздер ғана емес,
белгілі әдебиет зерттеушісі Е.Тұрсыновтың айтуынша,
жақын уақыттан бері ғана баспасөзде авторлы шығарма
деп танылған және осы күнге дейін авторлығы ауызша
сақталып келген қазақ ақын-жырауларының бай поэзия-
сы, неге екені беймәлім, фольклор қатарына жатқызы-
лып келді [5, 95]. Сондықтан сонау Қазтуғаннан бастап,
бертінгі Жамбыл, Кенен, Иса сияқты ақындарды автор-
лы ауыз әдебиетінің өкілдері деп тану абзал. Белгілі
ғалым Р. Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы» ең-
бегінде шешендік сөздермен қоса, жыраулық поэзияны
ауызша тараған авторлы әдебиет деп көрсетеді [6, 22].
Шешендік сөздердің авторлығына қатысты мәселенің
бірі – дәстүрлі шешендік
сөздердің би-шешендердің
көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйткені, оларды айту-
шы әрбір өңірдің адамы сөзі өтімді болуы үшін көнеден
қалған сөзді өз елінің беделді би-шешендерінің атынан
айтқан. Әрине, бұл көпшілікті сөзге ұйытудың тәсілі
екені де рас. Алайда, дәстүрлі шешендік сөздерді белгілі
бір би-шешендерге меншіктеп беру қисынсыз. Тарихи
деректер мен шежірелер, жазба мұрағаттар айғақ бол-
ған жағдайларда да дәстүрлі шешендік сөздердің ал-
ғашқы шығарушысын айқындау қиын. Дей тұрғанмен,
ауызша сақталып жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің
билер сөзі екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал, дәстүрлі
шешендік сөздердің би-шешендердің көпшілігіне қатар