Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
65
телінетіндігі ауыз сақталып, ауызша таралғандығымен 
байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпесе керек. 
Жамбыл мен Абайдың ақындық қасиеттеріндегі үн-
дестіктер аз емес. Екеуіне ортақ мүдде – ұлт мүддесі. 
Екі ақын ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтарға жаны 
күйзеледі. Тығырықтан шығар жол іздейді. Қытымыр 
байдың қылықтарына күйініп, кедейдің мүшкіл халі-
не жаны ауырады. Рас, Жамбылдың бұл өлеңі қазақ 
кедейінің жайын күйттеген Ыбырай, Сұлтанмахмұт, 
Бейімбет сияқты көптеген ақындардың, әсіресе Абай 
өлеңіндегі кедей мен байдың бейнесін көбірек еске 
түсіретін реминисценция болып табылады. А.Ахма-
тованың «Белая стая» (1915) өлеңіндегі «қайыршы» 
реминисценциясы Бунин, Горький, Блок шығармала-
рындағы «қайыршы» сөзінің тарихи мәнімен, олар-
дың «қайыршы Ресейге» деген сүйіспеншілігін айғақ-
тайтын азаматтық үнімен қалай ассоциацияланса [7, 
267], Жамбыл мен Абай өлеңдерінің әлеуметтік мәні де 
солай шендеседі. Ақынның «Әлемде бір жұлдыз бар» 
өлеңінде: «Үміт алыс, өмір шақ» деген интермәтінді 
шеберлікпен сыналап енгізгенін де көруге болады.
Ақындық пен шешендік егіз өнер екенін Жамбыл 
айтыс өлеңдерінде ерекше танытқаны белгілі. Жам-
был шешендік өнері қанат жайған, фольклоры аса бай 
әлеуметтік ортадан өсіп шыққандықтан, оның ақындық 
әлемі бұлардың екеуімен де астарлас жатқанын дәлел-
деудің қажеті болмас. Дегенмен, Жамбыл поэзиясында 
суырыпсалмалық өнер,ойға жүйріктік, халықтық қағи-
даларды қанат ету, нақыл сөздерді жаңғырта қолдану, 
өзінше афоризм түю, шешендік айшықтар түрінде көз-
ге түседі.
Әдебиет туындыларының баяндау жүйесіндегі ин-
тертекст телімдерін айқындау мүмкіндіктері болған-
мен, фольклорлық шығармалардан интертекст ком-
поненттерін іздеудің шарттылығын түсінуге болады. 
«Фольклорный текст в буквальным смысле образуется 
из анонимных, неуловимых и вместе с тем уже слы-
шанных цитат без кавычек. Литературный тексты ци-
тирует фольклор (или даже стилизует его), как пра-
вило, подчеркивая факт цитирования, демонстрируя 
свой фольклоризм («сигнализируя» фольклорность, по 
выражению П.Г. Богатырева). А в казахской литерату-
ре фольклорный интертекст в силу активности фольк-
лорного сознания является базовым» [8, 445], Расында 
да, қазақтың XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулары, 
шешен-билері ғана емес, тіпті XIX-XX ғасырлардағы 
ақын-жазушы, өнерпаздардың қайсысы да өз халқы-
ның тарихы мен дәстүр-салтынан, айтыс, ақындық-жы-
раулық өнерінен мол хабардар болғаны, ел аузындағы 
аңыз-жыр, өлеңдердің шығармашыл тұлғалардың сана-
сынан ірге тепкені айқын.
Көрнекті ғалым Е.Турсынов фольклор жанрларының 
туу тарихы мен оларды таратушылардың типі жөнін-
де: «Это родовые поэты и песенники-композиторы 
акыны, «вещие» поэты и создатели эпических произве-
дении жырау, исполнители бытовых рассказов, преда-
ний и легенд ангимеши, исполнители перенятых произ-
ведений жыршы,шаманы-баксы, поэтызатейники сал 
и сэри, поэты и предсказатели-физионмисты сыншы и 
другие» [9, 6], Ауыз әдебиеті жанрларын тудырушы 
импровизатор ақын-жыраулар мен шешендер өнерінде 
ортақ тақырыптар бар екені белгілі. Солардың бірі ел 
мен жер жайы десек, бұлар туралы ақын-жыраулардың,


66
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
67
би-шешендердің де танымы да ұқсас болуын да интер-
текст құбылысымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі ше-
шендік сөздерді есте сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу 
мақсатымен қайталап айтып отыру ауызша дамыған 
қазақ шешендік өнерінің шарты да, салты да болған. 
Сол сияқты ақын-жыраулар да дәстүрлі қолданыстарды 
тіркес оралымдарды қайталап отырған. «Біреудің айт-
қанын келесінің, одан үшінші бір жыраудың айнытпай 
келтіріп отыруы – мін емес, біреудің меншігін еншілеу 
емес. Оял жырау поэзиясының ерекшелігі, міндетті 
шарты» [10, 52]. Десек те, жырау поэзиясындағы не-
месе шешендік сөздердегі бұндай дәстүр жалғастығы 
принципін бүгінде интертекст поэтикасы мен ұштасты-
руға болады. 
К.С. Бузаубагарова фольклор мен әдебиеттің өзара 
ықпалдастығы проблемасын, фольклор дәстүрлерінің 
жемістілігін қарастыра келіп: «Именно в соотношении 
с литературой особенно ясно становится, что фольклор 
– искусство слова. Близости к фольклору объязана ка-
захская литература своими лучшими художественными 
ценностями» [8, 444].
К.С. Бузаубагарова интертекстуалдық теориясы тұр-
ғысынан қазақтың ұлы ақыны Шәкерім Құдайбердіұ-
лының «Қалқаман-Мамыр» поэмасын жазуда «қазақ 
халқының эстетикалық, тарихи және этикалық тәжі-
рибесіне сүйенгенін» сөз етеді. Демек Еңлік Кебектегі 
поэмасындағы кейіпкерлердің тағдырлары, есімдері 
«Қалқаман-Мамырдағы» кейіпкерлерге ауысады. Ав-
тор эпостық негізді сақтай отырып өз шығармасына 
«өзгелік» сипаттар дарыта отырып, жаңа туындыны 
жазып шығады. Фольклорлық сюжет-архетип Шәкерім 
өңдеуінде әлеуметтік адамгершіл жаңа сипатты иеле-
неді. Шәкірім поэмасына фольклорлық интертекст 
айтарлықтай ықпал еткенмен автордың тек өзіне тән 
қолтаңбасы да ерекше. Сондықтан Шәкәрім шығарма-
ларындағы фольклорлық дәстүрді зерттеуші: «В поэ-
мах Шакарима много недосказанного. Герои всю боль, 
все муки уносят с собой. Но это уже сюжет для дру-
гого произведения. А физическая среда фольклора не 
знает сопротивления. Этой особенностью фольклор-
ной поэтики интертекстуально характеризуются поэмы 
Шакарима. Особенности фольклорного мира как цент-
ральной категории в поэтики жанрово-обусловленного 
эпоса демонстрируют фундаментальную рольфольк-
лорного интертекста» [8, 448].
Белгілі қазақ ғалымы Ш.Елеукенов «Мағжан» атты 
зерттеуінде мынадай бір жайтты аңғартады. Қазақ 
ақынының орыс символизімі өкілдерінің бірі Д.С.Ме-
режковскийдің бір шумақ өлеңін «Пайғамбар» атты 
шығармасына эпиграф етіп алғанын жазады: Мұнда-
ғы мақсат – шығарма тақырыбына сілтеме жасау ғана 
емес, Эпиграф Күншығыс идеясының әлемге кең тара-
ғанына айғақ есебінде де келтірілсе керек. Орыс ақын 
Шығыстан Христосты, яки Айса пайғамбарды күтсе, 
Мағжан Күннен туған Гун келеді, деп жар салады» 
[11, 195]. Интертекст поэтикасының осыған ұқсас ерек-
шеліктері тек Мағжаннан табылады деп айту ағаттық 
болар. Демек интертекстуальдық теориясы төңірегінде 
дәстүр мен жаңашылдық, ұқсастық туралы да ой қоры-
туға мүмкіндік бар екенін пайымдаймыз.
Бұнымен қоса қазақ әдебиеттануы романдық поэти-
калық интертекст мәселесіне де назар аударғанын ай-
туға тиіспіз. Зерттеушілер (З.Ахметов, А.Жақсылықов, 
Е.В.Лизунова) қазақтың алғашқы романдарындағы 


68
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
69
(«Несчастная Жамал», «Печальная Мариям», «Смотри-
ны») халықтық поэтикалық дәстүрлерді көрсетеді [12, 
132-138]. Бұл жаңа қалыптаса бастаған қазақ прозасын-
дағы оқырманды роман мазмұнын эмоциональдық қа-
былдауға дайындайтын поэтикалық экспозициялардан 
көрінеді. Сондықтан көптеген поэтикалық интекстер 
қазақ романдарының көркемдік телімдерінің қатарында 
саналады. Роман жүйесінде кездесетін өлеңдер кейіп-
керлердің сөздері мен ой сезімдеріне экспрессивтік мән 
жүктейді. Сондай-ақ зерттеушілер З.Ахметов, Е.Лизу-
нова «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы М.Әуе-
зовтың Абай өлеңдерін тура мәнінде де, келтірінді 
мәнінде де пайдаланғанын көрсетеді. Демек фольклор-
лық поэтикалық интертекстер мен цитаттарды қолдана 
отырып, қазақ жазушылары өз шығармаларына ұлттық 
сипат береді, мотивтерді шығармашылықпен жаңғыр-
тады, оның мазмұнын көркемдікпен байытады. 
Қорыта айтқанда, бүгінгі қазақ прозасы мен поэзия-
сына фольклордың бай қазынасы негіз болып, интер-
текст поэтикасының дамуына ықпал етті деуге болады. 
Басқа елдердің мәдениетінде сирек ұшырасатын,имп-
ровизацияға негізделген шешендік өнері мен жыраулық 
поэзиядағы және авторлы ауызша әдебиеттің өзге үлгі-
леріндегі интертекстуалдық байланыстар ұқсастықтар, 
үндестіктер, жаңғырулар, жаңашылдықтар туғыза оты-
рып, қайталанбас поэтикалық құндылықтарды құрай-
тынына көз жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет