54
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
55
ұштасып жатуы тиіс. Сондықтанда, әйгілі оқымысты М.В.
Ломоносов «шешендік дегеніміз ғылым» деген кітап жаз-
ғаны мәлім. Ал, нағыз ғалым, оқу дегеніңіз «инемен құдық
қазғандай» азапты еңбекті тілемей ме?!
Риторика қайта жаңдана бастаған кезден бері зерттеуші-
лер лекция тілінің «жатықтығы» («суость» – ауд. Р.Ә.) не-
месе «қарапайымдылығы» («сдержанность» – ауд. Р.Ә.)
жөнінде айта келіп, оның сол ерекшеліктерінің өзінен өр-
битін эстетикалық «көркемдігі» («художественность»-ауд.
Р.Ә.) және «сахналық өнерге тән сипаты» ретінде лекция
тілінің жүйелі баяндауға құрылған сыртқы «жағымдылы-
ғы» («изящество» – ауд. Р.Ә.), лектордың еркін суырып
салып айту (импровизация), тыңдаушыларды баурай алу,
олардың қиялын қозғай алу ерекшеліктері танылып жүр-
гені белгілі. Ал, осылардың
ішінде импровизацияның да
орны бөлек. Ол жөнінде Чеслав Далецкий: «Речь оратора в
большей части-импровизация, а импровизация-это не что
иное, как спешная мобилизация раннее накпопленных зна-
ний» /8,187/, – деп жазады.
Риторикада лекцияның «көркемдігі» туралы идеяны ал-
ған ұсынған Н.В. Гоголь (1934 ж.) екені айтылады /5.93/.
Шынында, академиялық шешендікке тән сипаттардың
баршасы лекцияның «көркемдік» мәні меңзейтінін түсіну-
ге болады. Өйткені, ақпараттық толымдылықтан шынайы-
лық пен айқындықтан туындайтын қысқалық пен нақты-
лық ғылми қара сөздің қуатын арттырып, оған көркемді
пен сұлулық дарытады. Сондықтан, ғылым тілі нәрсіз,
көркемдіктен ада деп ойлау дұрыс болмас еді. Ғылыми
сөздің көрскемдігі оны сырттай көзге ұрып тұратын эпи-
теттермен, метафоралармен, әртүрлі риторикалық айшық-
тармен безендірілуінде емес /9,188/. Ғылыми проза тілінің
көркемділігі мен сұлулығы – сөздің ең жоғары ақпараттық
толымдылығы арқылы ойға қуат, сөзге қысқалықпен нақ-
тылық беруі.
Әрине, ерте дамыған орыс педагогикалық риторикасы
шешендік сөздің бұл тегінің негізгі мақсаты тыңдаушының
ғылыми көзқарасын қалыптастыру екенін айқындай оты-
рып, оның түрлі
сипаттарын ашып, міндеттерін белгілеп
береді. Лектордың шеберлігін шыңдайтын талаптар қоя
отырып, осы тұрғыдан оның ой өрбітіп, сөз сақтауында-
ғы ешкімге ұқсамайтынын сара қасиеттерін суыртпақтай-
ды. Олардың лекциялары немесе оған негіз болған акаде-
миялвқ еңбектерін талдай келіп шешендік қасиеттерінің
бір құписы- терең білімділікте, кең дүниетанымда екенін
көрсетеді.
Ресейде XVII ғасырдың басында-ақ риторика оқулықта-
ры жазыла бастағаны белгілі. Ол ғажайып оқулықтардың
авторы да М.В. Ломоносов, И.С. Рижаский, А.Ф. Мерзля-
ков, М.М. Сперанский, А.И. Галич ( А.С. Пушкиннің ұста-
зы), А.Ф. Кони сияқты шешен лекторлар еді. Бұл – табиғи
заңдылық. Орысттың әйгілі оқымыстылары, орыс физигі
А.Г. Столетовтың, орыс әдебиетшісі, біртуар тұлға Ф.И.
Буслаевтың, атақты физиолог К.А. Тимирязевтің,
әйгілі
сыншы А.В. Луначарскийдің ауызша шешен сөйлеу ше-
берліктерінің әлемге танылуы, ғылым тарихында сақталуы
академиялық шешендікті тануға, бағалауға о бастан ден
қойылғандығын аңғартады.
Дегенмен, қазақ академиялық ғылымы мен әдебиетінде
де білімпаз лекторлардың шешендік шеберлігін пайымда-
ған ой-пікірлер жоқ емес. Бірақ, З. Қабдоловтың М. Әуе-
зов, С. Негимовтың Қ. Сәтбаев, Г.Қосымованың З. Қабдо-
лов, Р. Сыздық, М. Қозыбаев сынды ғұлама ғалымдардың
шешендігі жайлы толғаныстарын, ұлтық кітапханадан
тауып оқуға болатын Ә. Болғанбаев, А. Қыдыршаев сияқты
бірен-саран авторлардың алғашқы қадам іспетті шағын ең-
бектерін айтпағанда, лектордың шеберлігі мен шешендігін
арнайы зерттеп жазылған
татымды еңбек жоқтың қасы
екенін (басқа жұрттың танымал еңбектерін көре отрып)
мойындауымыз керек. Тек тіл, әдебиет қана емес, басқа да