Мазм ұ н ы кіріспе Мәтін туралы түсінік Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі. Көркем мәтіннің зерттелуі мен талдау жолдары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет1/5
Дата02.06.2020
өлшемі116,5 Kb.
#72042
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтін реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Р Е Ф Е Р А Т

«КӨРКЕМ МӘТІН»

Орындаған:

6М020500 – филология мамандығының

1курс магистранты Жукенова А

Тексерген:

Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры,

Ф.ғ.д. Әділова А.С.

ҚАРАҒАНДЫ 2017

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе

Мәтін туралы түсінік



  1. Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі.

  2. Көркем мәтіннің зерттелуі мен талдау жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Мәтін туралы түсінік
 Мәтін - қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды.

«Мәтін» сөзі, ұғымы ертеден бар болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады.

«Мәтін» (текст) сөзінің этимологиясы латынның texo-«тоқимын», «тігемін», «өремін» етістігіне ұштасады, textus -«мата», («ткань») дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «мәтін» (текст) сөзі семантикасының негізінде «тігу», «өру» метафорасы жатыр. Салыстыру үшін: «мән-мағынасыз әлденені айтуды» білдіретін, «плести» етістігі, «сплетни» зат есімі немесе көне орыс кітап сөзі «плетение словес»; қазіргі лингвистер мен сыншылардың еңбектеріндегі «ткань текста» метафорасының қолданылуы [1, 3].

Кейінге дейін мәтін деп нені тану керектігі толық айқындалмай, мәтінге әр түрлі анықтамалар беріліп жүр. Бұл ерекшелік оның өте күрделі тілдік кұбылыс екенімен және әрбір зерттеушінің ұстанымымен байланысты түсіндіріледі. Мәселен, З.Я.Тураева: «Мәтін - әр түрлі лексикапық, логикалық, грамматикалық байланыстардан тұратын 8 құрылымдық-мағыналық бірлік ретінде қызмет ететін күрделі тұтастық», - деп анықтаса [2, 8], А.И.Новиков Н.И.Жинкиннің тұжырымдамасы негізінде мәтінді тіл, сөйлеу, интеллект факторларының бір-бірімен өзара байланысқан біртұтас кешені деп қарастырып, мәтіннің басты белгісіне сыртқы және ішкі формалардың бірлігін жатқызады. Бүл жерде сыртқы форма - тікелей қабылданып ұғынылатын тілдік кұралдардың жиынтығы мен автордың түпкі ойын жүзеге асыратын олардың мазмұндық жағы болса, ал ұғынылатын нәрсе оның ішкі формасын құрайды. Ішкі форма - берілген барлық тілдік құралдардың жиынтығымен тұтастай сәйкес келетін, адамның ақыл-ойында жүзеге асатын ойлаудың түзілісі [2, 9] деп түсіндіреді. Ғалым М.М.Бахтин мәтінді объективті әлемнің субъективті бейнесі [3,308] және кең мағынасындаекі сананың қарым-қатынасқа түсуінің бір жолы деп анықтайды [3,301]. Г.В.Колшанский қолданысындағы мәтін - сөйлемдердің тәртіпсіз жай ғана тізбегі емес, ол - қарым-қатынастың тұлғалык және мағыналык бірлігі [2,9]. И.П.Сусов: «Мәтін - өз табиғатынан екі жакты. Бір жағынан, ол тілдік жүйенің негізгі бірлігіне, яғни тар мағынасында тілге жатады, ал екінші жағынан, қарым-қатынас әрекетіне жатады.... Мәтін тілдік қатысым мен тілдік жүйенің арасынан орын алатын жай ғана нысан емес: ол тең дәрежеде тілдік болмыстың осы екі аймағына да катысты болады», - дейді [2, 9]. И.Р.Гальперин: «Мәтін - бұл жазба құжат түрінде объектіленген және сол қүжатқа сәйкес әдеби тұрғыдан сұрыптапған, тақырыбы бар, лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық амал- тәсілдердің әр түрлерімен байланысып жататын, айқын бағыт пен прагматикалык мақсатгы иеленген ерекше тұлға-бірліктерден (күрделі фразалық тұтасым) тұратын аяқталған сөйлеу әрекетінің туындысы», - деп аныктайды [4,18].

Түркологиядағы тілші-ғалымдардың мәтінге берген анықтамаларына тоқталып өтсек, мәселен, қырғыз мәтінінің қатысымдық құрылымын зерттеген С.Ж.Мусаев мәтінді «қимыл- әрекеттегі тіл» деген тұжырымды ұстана отырып анықтайды. Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынасты жүзеге асыратын тұлғаларды сөз ете келіп, мәтінді «... ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау қүбылысгарымен байланысты, адамдар арасыңдағы тілдік қатынастьщ іске асуьша негіз болатын қатысымдық жүйелі түлға» ретінде анықтап, мәтінді тілдік қатынастың мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйесі деп таниды [5,25-26]. Сөйлеу тілін прагмалингвистикалық тұрғыда қарастырған З.Ерназарова: «Мәтін деп сөйлеуші мақсатына сай аякталған ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөйлемдер тізбегін айтады. Тілдің иерархиялық кұрылымында мәтін семантика- синтаксистік құрылым ретінде жоғары деңгей болып есептеледі. Ал сөйлеу бірлігі ретінде мәтін сөйлесіммен салыстырғанда бүтіндік сипатқа ие. Ол ортақ мақсаттағы бірнеше сөйлесім тізбегі болуы мүмкін», - деп ой түйеді [2, 9]. А.Жұбанов өз еңбегінде мәтінді тілдің негізгі бірліктерін - морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді қамтитын күрделі бірлік деп таниды [7,5]. Ал жоғарыдағы еңбектерден бірнеше жыл бұрын М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Манасбаев, М.Томановтардың авторлығымен жарық көрген «Қазак тілінің стилистикасы» (1974 жылы) оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: «Сонымен жазу - ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабарлайды. ...Тілдік белгілерді сұрыптап қолдану зандылықтары әдетте айтылатын ойдың мазмұнына байпанысты. Ойлау жұмысының нәтижелерін тіл сөз (речь) арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады». Бұл ойдан мәтін - тіл жүйесін пайдалану аркылы қағаз бетіне түскен сөздің бір түрі, яғни ол сөйлеудің хатқа түскен бейнесі түрінде танылып отырғаны байқалады. Лингвистикалық сөздіктерде мәтінге мынадай аныктамалар берілген: «Мәтін - тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі» [2,10]. «Мәтін - латынша textus байланысу, қосылу, тұтасып кету. Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналык байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі» [2,10].

«Тіл білімі» сөздігінде мәтін:

1. Тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі (З.Шмидт);

2. Жүйеленген, тұтасқан, тиянақталған және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің тізбегі;

3. Коммуникацияға қатысушыға тән сөйлемелік (высказывание) бірізділігі.

4. Ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындылары [7, 374].

Қазіргі мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп. Айырмашылық, ең алдымен, мәтіннің тіл мен сөйлеудің қайсысының жүйесіне жататындығында.

Мәтін атауы сөйлеудің әр түрлі формаларына қолданыла береді. Сонымен қатар мәтін лингвистикасында бұл терминді макро және микромәтіндерді сипаттау үшін де қолдану үрдісі қалыптасқан. Солай болса да, ғалымдардың көпшілігі мәтін деп белгілі бір тәртіппен кұрылған, ұйымдасқан сөйлеуді түсінеді. Демек, жүйелі байланыстардың негізінде құрылатын мәтіннің берілу жолдарының өзі әр түрлі болады. Сондықтан мәтін жазбаша әрі ауызша формада, монолог әрі диалог түрінде кездеседі және кез келген мәтін қандай формада көрінсе де, қатысым қызметін атқарып хабарды жіберуші (адресант) мен хабарды қабылдаушының (адресат) бірлігінен тұрады.

Кейбір ғалымдар мәтіннің коммуникация актісімен шендесуі, оның сөйлеу тудырушы сипаты, мәтіндік қызметтің функционалды қызметі мәтіннің сөйлеу және тек сөйлеу құбылысы екеніне сендіреді. Алайда И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Е. И. Шендельс, Г. В. Колшанский және басқа ғалымдардың пікірінше, мәтін - тілдің модельдендірілген бірлігі, қарым-қатынаста коммуникативтік аяқталған ойға ие негізгі тілдік бірлік ретінде қоғамда қызмет ететін микрожүйе [4,18] деп түсіндіреді.

Мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуына және айтушының (жазушының) коммуникативтік ниетіне қарай Г.А. Золотова бес мәтін (сөйлеу) типтерін немесе сөйлеу регистрлерін бөледі: репродуктивті (бейнелеу), информативтік, генеритивтік (ақпаратты жинақтау) – монологқа, волюнтивтік және реактивтік-диалогқа тән [8,28].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет