Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Әдебиеттер:
1.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – 
Алматы, «Санат», 1997ж. – 928 бет.
2.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана 
тілі,1993. –320б.
3.Турсунов Е. Единство эстетического опыта кочевых и 
некочевых народов // Кочевники. Эстетика. – Алматы: Ғы-
лым, 1993. – С 94-96.
4.Әбдіқұлова Р. Бөлтірік Әлменұлының шығармашылығы: Оқу 
құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 193б. 
р. нұрғалидың драматургияны 
зерттеу Әдістері
Ә
дебиеттану ғылымында осы уақытқа дейін жал-
пы «әдебиет» деген ұғымға нақты терминдік 
анықтамалар да, әралуан сападағы әдеби айқындама-
тұжырымдар да берілгені ақиқат. Алайда, «әдебиет», 
«ұлттық әдебиет» ұғымдарына жалпылама айқындама 
беру бір басқа да, нақты бір ұлттық әдебиеттің тұтастай 
жаратылысы мен бітім-болмысын, ішкі-сыртқы байла-
ныстары мен даму-дағдару заңдылықтарын, бет-бағы-
тын айқындап, болашағын болжау арқылы оған зама-
науи ұғым дарыту, оның қандай сапалық қасиеттерге 
қол жеткізген әдебиет екенін тұжырымдау оңай емес.
Тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиетімізге тұғыр-
лы айқындама беруге әлемдік әдебиеттанудың жаңа 
аспектілері деңгейінде кең көлемде зерттеулер жүргі-
зу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Дегенмен, қазақ 
әдебиеттануында әр кезеңнің бағыт-бағдарына сай тың 
зерттеулер жазылғанын жоққа шығаруға болмайды. 
Қазақ әдебиетінің бағзыдан бүгінге дейінгі қалыпта-
суының ұланғайыр тарихын, даму үдерісіндегі сандық-
сапалық өзгерістерді оның күретамырын басқан тамыр-
шысындай білімпаз білгір, «әдебиеттің Күреңбайы» 
атанған сарабдал сыншы, «алашұлы» атын иемденген 
белгілі қоғам қайраткері, академик Рымғали Нұрғалиев 
«Драма өнері» атты зерттеу еңбегінің кіріспесінде: «Ха-
лықтың шындық, әділет, ақиқат ұранын алтын арқау 


116
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
117
еткен қазақ әдебиеті – қалың қауым арманының шапа-
ғатты нұрынан жаратылған, ең үздік дәстүрлерді ілгері 
жалғастырған, адам баласы қан-қазынасына толымды 
қор қосқан жаңа сапалы құбылыс» /1,5/, – деп, бір ауыз 
сөздің бойына жинақтайды. Бұл «қазақ әдебиеті» деген 
жалпы да кең ұғымды жинақтаған тұғырлы тұжырым 
болып табылады. Тұжырымға қазақ әдебиетінің барша 
мінез-бітімі, мақсат-мүддесі сыйып тұр десе болады. 
Ғалым оған әдебиеттанудың жаңа көкжиегінен көз тіге 
отырып, нақтылайды, терең мағыналы, әдебиеттануда 
афоризмге айналар қуатты ғылыми тұжырым жасай-
ды, оны «Драма өнерінде» жанкешті еңбегі мен текті 
талантын, кіршіксіз ар-ожданын сүйеніш ете отырып, 
ненің болса да тұңғиығын танып, таныта алатын, өрімі 
өзгеше, толғауы тоқсан қызыл тілмен, өзіне ғана хас 
сыршыл ғылыми стильмен еңбектің өн бойында сусы-
ныңды қандыра тарқатады. Енді осыған келейік.
«Драма өнері» авторы поэтиканың ең күрделі де 
күрмеулі мәселесі жанрлық жүйені зерттеуге, соның 
негізінде қазақ әдебиеті мен қазақ сахна өнерінің көр-
кемдік-эстетикалық ерекшеліктерін, драмалық шығар-
малардың типологиялық сипаттарын ашуға ден қояды. 
Ең алдымен, еңбек авторы қазақ әдебиеті мен өнері 
туралы жүйелі ғылым салаларының қалыптасуына та-
рихи еңбек сіңірген А. Байтұрсынов бастаған ұлы шо-
ғырды ауызға алады. Жанр,стиль және әдеби әдіс проб-
лемаларын саралауға арналған фольклор мен әдебиет 
саласындағы еңбектерді, бұған дейінгі драматургия ту-
ралы арнаулы еңбектерді қағыс қалдырмайды, кешегі-
бүгінгі қазақ театр сыншыларының тұжырымдарын 
бағалайды, жанр проблемасына қатысты белгілі орыс 
ғалымдарының концепцияларын, талаптарын ескереді, 
жанр тарихының Аристотельден- Белинскийге дейінгі 
көне бастауларына үңіліп, жанрлық жүйені пайымдауда 
эстетикада әртүрлі мектептер болғанын көрсетеді.
Зерттеу еңбекте академик Р. Нұрғали қазақ драма-
тургия жанрының өзіндік даму ерекшелігін айрықша 
ескерте отырып, оның аз уақыт ішінде жаңа сапалық 
деңгейге көтерілуінің сырын: «Егер әлем драматургия-
сы сан ғасырмен есептелетін ұланғайыр жолдан өтсе, 
қазақ драматургиясының тарихы әлі ғасырға да жеткен 
жоқ. Соған қарамастан, қоғамымыздың әлеуметтік-эко-
номикалық тарихи-мәдени қауырт өрлеп дамуы, халық-
тың мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі 
өнері, бай әдебиеті жаһан мәдениетіндегі дәстүрлермен 
қауыша келіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін – драма-
тургия мен театрды өмірге әкелді»/1,7/, – деп сабақтай-
ды. Әрине, зерттеуде жаңа сападағы драматургия жанр-
ларының ерекшеліктері эстетикалық категориялармен 
«сабақтас түрде, типологиялық салыстырулар арқылы 
ашылады, қазақ драматургиясында тақырыптық арна-
лардың қалыптасу кезеңдері қаһарман мәселесімен, 
типтендіру әдістерімен, авторлық позиция принцип-
терімен, көркемдік құралдардың баюымен, халықтық 
дәстүрлердің ықпалымен диалектикалық байланыста 
тексеріледі»/1,7/. Демек, зерттеу еңбекте автор алға 
қойған осындай күрделі мақсат-міндеттердің үддесінен 
шыққанына көз жеткіземіз.
Зерттеуші кейбір батыс оқымыстыларының жанр 
туралы тұжырымдарымен келісе бермейді. Озық ғы-
лымда жанрға берілген анықтамаларды өзінше қоры-
тып түсіндіреді. Мәселен, жанр тудырушы элементтер, 
жанр құбылысы жөнінде айта келіп: «Кең мағынасында 
алғанда, типологиялық тұтастық сипаты бар эстетика-


118
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет