Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
145
Сізде біреуді ренжіту, тіпті емеурін білдіру деген жоқ 
еді ғой. «Халтура» өзінен-өзі қалады. Қай заманда да 
солай» дейтінсіз де қоятынсыз. Сіздің әдеби-теориялық 
терең біліміңіз-ғылымдағы қайталауға, плагиатқа қо-
йылған табиғи шекара, тосқауыл еді.
Профессор Бақытжан Қауасқанұлы Жазушылар Ода-
ғындағы, ғылым академиясындағы жиындарға бар-
ғанда, сабағын ауыстыратынмын. Сондай-бір сабақ 
үстінде бір аңғалдау студент:- Бақытжан Қауасқанұ-
лы М.Әуезовтің баласы ма?,- дегені, мен қапелімде не 
дерімді білмей:- Ұқсай ма?,-десем, студент:-Ұқсайды, 
«Әуезов және Абай» деген курстан дәріс оқығанда өзі 
солардың ішінде бірге жүрген сияқты ғой» дейді. Ал, 
бір студент:- Әуелде, әдебиет теориясынан профессор 
Бақытжан Қауасқанұлы дәріс бастағанда, түк ұқпай-
тын сияқты едік. Кейінірек қызық бола бастады, түсіне 
бастадық, тіпті ағайды үзіліске шықпай тыңдай бергіміз 
келді,-деген пікірлерін естідім. Иә, Бақытжан Майтанов 
отбасының Әуезовтер ұрпағымен, Мұрат Әуезов, Диар 
Қонаевтармен әркез дәмдес болып, сыйласатынын ұс-
тазымның өз аузынан естігенім бар. Б. Майтановтың 
Әуезов шығармалары жайлы құнды зерттеулерін оның 
ұрпақтары аса құрмет тұтып, сыйлас болғаны белгілі. 
Тектілік жайын тарқата Ләйла Мұхтарқызы туралы ма-
қаласын жазғаны да есімде. 
Майтанов еңбектері уақыт өткен сайын өз қа-
жеттілігін сездіріп қана қоймай, әдебиетке жаны құмар 
жастар мен маман-ғалымдарды өзінің нұрымен шар-
пып, қол бұлғап шақырып тұрар мәңгі сөнбес от-шы-
рақтай алыстан нұр шашып жарқырап түрары анық. 
Оны елемей өту, өткінші санау-ғылым адамына тән 
емес қасиет деп ойлаймын. Басқасын айтпағанда, мен 
оның шәкірттері атынан оның туған жеріндегі жерлес-
терінен, ондағы биліктен қазақтың көрнекті әдебиет 
теоретигі, қазақ әдебиеттануында алғаш рет жаңа ба-
ғытты зерттеудің негізін қалаған филология ғылым-
дарының докторы, профессор Бақытжан Қауасқанұлы 
Майтановтың есімі ол оқыған мектепке берілуін сұрай-
мын. Майтанов сынды маңдайы жарқыраған білімпаз 
тұлғаға қандай марапат та, құрмет те артық болмас еді.
Майтанов мұралары «сөрелерде шаң баспайтын» 
құнды еңбектер, оны шын әдебиетші ғалым, сыншы я 
жазушы, ақын болам деген жастар іздеп жүріп оқитын 
болады. Майтанов еңбектерінің ішкі ғылыми қуаты 
зор, рухани нұры мол. Уақыт өткен сайын ғылыми мәні 
мен маңызы ашыла берері хақ, қасқалдақтың қанындай 
бағалы болары да хақ. Көрнекті ғалым, профессор Б. 
Қ. Майтанов еңбектерін жинау, жариялау оның аяулы 
жары Маруан апайдың немесе оның шәкірттерінің, я 
оның соңғы қызмет істеген мекемесінің ғана емес, қа-
зақ әдебиеттануының міндеті болуға тиіс. Өйткені, Б. 
Қ. Майтанов- қазақ әдебиеттануында алғашқы болып 
жаңа бағытты зерттеулерге жол ашты.
Аса көрнекті әдебиет сыншысы Б. Майтановтың ма-
қалалары «Қазақ әдебиеті» газетінде жиі жарияланатын 
еді. Ол:-«Ең жақсы әдебиет оқулығы – «Қазақ әдебиеті» 
газеті дейтін. Онда әдебиеттің барша мәселесі талқы-
ланады. Ол-әдеби үдерістің тамыршысы. Оны оқымай-
тын әдебиетші әдебиетші емес» дейтін. 
Профессор Б. Майтановтың «Қазақ романы және 
психологиялық талдау» атты (1996) оқу құралын қазақ 
романдарындағы психологизмнің көркемдік қызметін 
кеңінен талдаған бірден-бір тың, әрі толымды зерттеу 
деуге болады. Бұл бұған дейін қазақ әдебиеттануында 


146
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
147
психологиялық талдау өнері сөз болмады деген емес
зерттеушінің әлемдік әдебиеттанудың тың тәжірибе-
лерін терең игеру нәтижесінде, қазақ романдарындағы 
психологизм ерекшеліктерін социалистік реализм ау-
қымынан шығарып, жаңашыл нысанда зерттеуге алғаш 
рет бетбұрыс жасағанына көз жеткізуге болады. Өйт-
кені, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Бақытжан Қауасқанұлы Майтановтың «Қазақ романы 
және психологиялық талдау» еңбегі осы заманғы гер-
меневтикалық талдаудың шынайы үлгісі деуге болады. 
Зерттеу еңбекте психологизм әдебиеттің тектік белгісі 
екені, оның тарихи-философиялық генезисі, адам пси-
хологиясының қоршаған әлем және социуммен байла-
нысы, психологизмнің эстетикалық категорияларымен 
сәйкестігі, көркем психологизмнің табиғаты, ой мен 
психологиялық акт, бет құбылысы мен ым жүйесінің 
мәні, көркем пейзаж және психологизм, психологиялық 
портрет түрлері, баяндаудың психологиялық функция-
сы, фольклор мен әдебиеттегі түс көрудің ролі, психоло-
гизмнің орыс, қазақ, әлем әдебиетіндегі ерекшеліктері 
герменевтикалық талдаулар негізінде тұжырымдалады. 
Әдебиет теоретигі В.Е. Хализев «Теория литературы» 
деп аталатын еңбегінде герменевтика бастауы мифтер 
мен қасиетті мәтіндерді талқылау тәжірибесін қолдана 
бастаған ежелгі дәуір мен христиандық Ортағасырда 
жатқанын, ал оның XIX ғасырда өз алдына ғылым пәні 
болып қалыптасуына неміс ойшылдары Ф. Шлейерма-
хер мен В. Дильтей еңбектері айрықша ықпал еткенін 
жазады. Герменевтиканың негізгі ұғымы-түсіндіру, 
түсіндірудің маңызды компоненті-интерпретация екені 
белгілі. Герменевтика- көпқырлы, оның негізгі прин-
ципі мәтінтану мәселелеріне құрылады. Көптеген ше-
телдік ғалымдардың герменевтиканы мәтінді талдау 
өнері сипатында негіздегенін ұғуға болады. Сондай-ақ, 
әйгілі орыс оқымыстысы М. Бахтиннің диалогтық қа-
рым-қатынас концепциясы да герменевтика ұғымы си-
патында қарастырылатыны анық.
Біз бұл мақаламызда ғалымның барлық еңбектерінің 
құндылықтарын тізбелеуді мақсат етпейміз. Ертеректе 
жазған «Қазақ романы және психологиялық талдау» 
(1996) және «Портрет поэтикасы» (2006) сияқты еңбек-
теріндегі ғалымдық дара қасиеттерін, зерттеу еңбек-
терінің жаңа бағыттарын тануға талпыныс жасап, көп-
теген шәкірттерінің бірі санатында жарқын бейнесін 
еске алуды жөн көреміз.
Б. Майтанов әлем әдебиеттануындағы психологизм 
теориясын қанша сарыла зерделегенімен, ұлттық әде-
биетіміздегі психологиялық талдау өнерінің типология-
лық белгілерін және әлемдік әдеби даму заңдылықта-
рымен үндестігін жаңашыл нысанда айқындады. Ғалым 
көркем шығарманың баяндау жүйесіндегі психологизм 
қызметі секілді күрделі де күрмеулі мәселені шешуде
Г. Гегель, Н.Г. Чернышевский, М. Бахтин, А. Иезуитов, 
Л.Я. Гинзбург, М.Б. Храпченко, З. Фрейд, У. Эко, Л. Вы-
готский, А. Белецкий, В. Виноградов, В. Галанов, В. 
Лакшин, И. Страхов, А. Скафтымов, В. Компанеец, Е. 
Лизунова, В. Днепров, А. Чичерин, Б. Реизов, С.Г. Боча-
ров, В. Хализев, З. Ахметов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев,
Т. Нұртазин, Т. Ақшолақов, Ш. Елеукенов, С. Байжанов, 
Х. Әдібаев, Б. Наурызбаев т.б қазақ, орыс, шетел ғалым-
дарының ой-тұжырымдарына сүйенгенмен, өзіндік жа-
ңаша пайымдарды алға тартады. Ең алдымен, қаншама 
ғалымдар анықтама беріп, айдар таққан психологизм 
жөнінде: «Қаһарманның рухани әлемін, жан-сырын 


148
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет