174
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
175
талғам. толғам. тағылым
1
968 жылы Абай атындағы
Қазақ Педагогикалық
Институтының филология факультетіне түсіп, оны
1972 жылы бітірген Қанипаш Қайсақызы Мәдібаева өзі
түлеп ұщқан Талдықорған облысы, Алакөл ауданын-
дағы М. Төлебаев атындағы
орта мектепте біраз жыл
мұғалім болып істейді. Бірақ, Серік Қирабаев сынды
білімпаз ұстаздың дәрістерін тыңдаған Қанипаштың
әдебиет әлеміне деген құштарлығы арманына қанат
байлап, Алматыға келеді. «Ғылым», «Қайнар», «Жа-
зушы» баспаларында, «Жалын» журналында редактор
болып қызмет істейді.
Қанипаштың әдеби сынға бет
бұруы осы кезден басталады. «Қайнар» баспасында
бөлім редакторы қызметінде жүргенде баспаға келіп
түсіп жатқан қолжазбаларға қорытынды пікірлерді жиі
жазады. Әрі оларды ерекше жауапкершілікпен және өз
жаны
рахаттанатындай құлшыныспен, ойланып-тол-
ғанып жазуды әдетке айналдырады. Бірде баспа ди-
ректоры белгілі журналист
Хайдолла Тілемісов қыз-
меткері Қанипашты кабинетіне шақырып алып, оның
жазған пікірлерінің жай ғана редакциялық қорытынды
емес, әдеби маңызы бар еңбектер екенін айтып, рия-
сыз мақтайды. Тәлімгер-журналист
Хайдолла ағаның
жақсы сөзіне жаны марқайған жас Қанипаш сол күн-
дерден бастап баспадан жарық көріп жатқан шығар-
маларға рецензия, сын мақалалар жазуға талпына бас-
тайды. Сол кезеңдегі Қ. Мәдібайдың ең алғашқы сын
мақалаларының бірі «Асыл арман арзандамасын» деп
аталады. Мақала «Уақыт және қаламгер» («Жазушы»,
1990.) атты сол кездегі сын мақалалар жинағында жа-
рық көреді. Сол кездің өлшемімен өзі де жас санала-
тын Қанипаш былай дейді: «Жас сыншылар ой-арманы,
жан-дүниесі өзіне ұқсас замандас талапкерлерден гөрі
азулы жазушылар жайлы жазуға бейім.» Қанипашқа
бұл жерде ұнамайтыны – олардың «ағалардың жағалау
сияқты бақай есебі». «Әдебиетке өмірден келу – қай-
наған тіршіліктің
шындығын көзбен көріп, көңілмен
сезіп, енді соны қайтсем көркемдік шындыққа айнал-
дырып, қайтсем өзгенің көкейіне қондырам дегенді де
ұғып-біліп, ізденіп, үйреніп келу бар. Әдебиетке көл-
денеңнен қосылу – ой айтқан болып, анауда, мынау да
жазушы атанып жүр ғой, мен де қара жаяу емеспін, ол
бітірген оқуды мен де түгестім деген патша көңілділік
бар. Жасыратыны жоқ, соңғы он шақты жыл көлемін-
де жазушылық дейтін қасиетті өнерді кәсіп деп ұққан
«білімді жазушылар» көбейді.»,-депті. Жас сыншылар
мен жас жазушылар туралы осындай пікірлер өрбітеді.
Онысы өте батыл, сын, өнер тазалығын көксейді. Және
батыл сөйлейді. Жас талапкер сыншы Қ. Мәдібайдың
көркемдік құпиясын ерте танығанын аңғартады. Осы
мақаласында 1978 жылы «Жалын» баспасынан жарық
көрген «Арман қанатында» жинағына дүмбілез дүние-
лердің кіріп кеткенін баспагерлердің кінәсі дей келіп:
«Күні кеше ғана жарық көрген алтыншы (1986 ж.) кі-
тапта шынын айтқанда, татымды дүние тым аз. Әрине,
өмірден байқағанын өзінше өрнектеуге ұмтылыс бәрін-
де де бар. Бірақ ниет әлі көркем әдебиет емес. Ол айта
беруді қажет етпейтін ақиқат»,-деп түйін түйеді. Осы
мақаласындағы батылдығы – әр қаламгердің атын атап,
Достарыңызбен бөлісу: