Пайдаланылған әдебиет:
1.Майтанов Б.Қ. Портрет поэтикасы. Ғылыми зерттеу. –
Алматы: Қазақ университеті, 2006. –127 б.
абыздар Жолымен
Б
үгінде көрнекті ғалым Жұмат Жұмалыұлы Тіле-
повтың асқар асулы мерейтойы өзі қабырғасында
тынымсыз ғылыми-ұстаздық еңбекпен марқайған білім
ордасы, еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбас-
шысы, білім берудің әлемдік озық технологияларын
игеру және оны өзінің ғасырға жуық тәжірибесі тұрғы-
сынан бағалай білу, жаңғырта білу біліктілігін таныту-
да халықаралық беделге ие болып отырған әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық
торқалы тойымен тұспа-тұс келуін оның ғылым жо-
лындағы кісілік қадір-қасиетіне, жанкешті еңбекқорлы-
ғына жорысақ болады. 1944 жылы Маңғыстау жерінде
туып-өсіп, есейе келе еңбек жолын Жетібай мұнай-газ
барлау өндірісінде мұнайшы болудан бастаған Жұмат
Жұмалыұлы бойында адамға қажет үш асылдың бірі
саналатын қажымас қайрат сол кезеңде-ақ орныға бас-
тағанға ұқсайды. Тіпті, 1969 – 71 жылдарда Забайкалье
әскери округінде әскери қызметкер болып істейді. Абай
айтқан үш асыл қасиет бойында өзек жарып, үндестік
тапқан жанның жоғары білім алып, біліктілікке ие бол-
май жаны тыншымасы анық. Қазірде өзі қызмет етіп
келе жатқан ҚазҰУ-ды 1969 жылы бітірген ол жоға-
ры білімге, кәсіби біліктілікке бір кісідей қол жеткізіп
қана қоймай, сол кезде білгір маманға ділгір ел тілегін
көксейтін қоғамдық-көпшілік басылым «Лениншіл
жас» (1969 ж.) газетінде, «Қазақстан коммунисі» жур-
164
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
165
налында әдеби қызметкер, «Қазақстан», «Жалын» бас-
паларында редактор (1972 – 78 ж.) болып қызмет атқа-
рады. Қалам қарымын күнделікті баспасөз бен баспа
ісінде шыңдаған ол 1978 – 96 жылдарда М. О. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші, аға,
жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қыз-
меттерін атқарады, ал 1997 – 99 жылдарда аталмыш
институттың қолжазба және текстология ғылыми ор-
талығының басшысы, институт директорының орын-
басары болып істейді. 1999 – 2000 жылдары Алматы
Халықаралық журналистика институттының ғылыми
жұмыс жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі бо-
лып еңбек етеді. Сол жылдарда «Ғылым» баспасының
бас редакторы қызметін де қатар алып жүріп атқарады.
Қандай мансапқа қолы жетсе де әлдекімдердей мар-
дамсымайды, керісінше, баспа ісі мен ғылым ісі жаста-
йынан өлең жазуға үйірсек кешегі жас мұнайшы, боз-
бала жігіт Жұматты соқпақты соқтықпалы жолдардан
өткізіп, әдебиет пен ғылым жолындағы жанкештілігін
сынға салып отырады. Бұл тағылымдар оған азабы мол
ғылыми ізленіс жолында олжа әкеліп, өзінің ғылыми
жаңашылдығы, соны ой-танымымен ғылымға өзіндік
өріс ашқан кандидаттық, докторлық диссертациялар
қорғайды. 2000 жылдан ҚазҰУ-дың профессоры болып
еңбек етіп, ғылыми ортада біліктілігімен, ғылым ісіне
барынша адалдығымен көзге түскен ол филология ғы-
лымдары бойынша докторлық диссертация қорғататын
Ғылыми кеңесінің мүшесі болады. Қазір Халықаралық
ақпараттандыру академиясының академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Жұма-
лыұлы Тілепов өзі бір кезде түлеп ұшқан ҚазҰУ-дің
қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасын-
да табан аудармай тынымсыз еңбек етіп келеді. Оның
«Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті: XV – XVIII ғғ.» (А.,
1983; авторлардың бірі), «XIX ғасырдағы қазақ ақын-
дары» (А., 1988; авторлардың бірі), «XX ғасырдың бас
кезіндегі қазақ әдебиеті» (А., 1994; авторлардың бірі),
«Қазақ поэзиясының тарихилығы» ( А., 1994;), «Елім
деп еңіреген ерлер жыры» (А, 1995;) «Шал ақын Құле-
кеұлы». Зерттеулер (А., 1999; авторлардың бірі), «Қазақ
әдебиетінің тарихы». 3-том. (авторлардың бірі) сияқты
танымал еңбектері ғылымда тыңнан түрен тартқан жа-
ңашыл нысандарымен ерекшеленеді. Қай еңбегін ал-
сақ та, академиялық стиль айшықталады, сөзбұйдаға
орын жоқ, саф алтындай таза ғылыми пайымдары дә-
йектілігімен тереңге тамыр тартып, ғылым өрісін аша
бастайды. Қазіргі ғылыми әдіснамалардың жаңашыл
бағыттарын кәнігі ғалым жіті танып, студент-шәкірт-
теріне өзі оқытып-үйретуден де еш жалыққан емес. Өзі
де олармен бірге қайта оқып-үйреніп жатқандай күй ке-
шетін сәттері де аз емес. Бұл, бір жағынан академиялық
мобильділікті, компьютерлік шамдағайлықты қажет
ететін уақыт талаптарынан туып жататын құбылыс-
тар болса керек. Атақты Алма апайдың (профессор А.
Қыраубаева) өзі де «кейбір нәрселерді студенттерімнен
үйренем» деп жазған екен «Жаным садаға» кітабында.
Ж. Тілепов өзіне ғылымда бағдар беріп, жөн сілте-
ген Ә. Дербісәлин, Р. Нұрғалиев, тікелей ғылыми же-
текшілік еткен Ш. Сәтбаева секілді ғұлама ұстаздары-
ның ғылымдағы адалдық пен әділдікке ғана тоқтайтын
сара жолын ұстанумен келеді. Ғылым ісіне тәңірідей
таза жүрегімен беріліп, азапты жолына бас тіккен ке-
шегі ұлы М. Әуезов, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, З.
Қабдолов, бүгінде ұлы ұстаз атанған Т. Кәкішев сын-
166
МС
Достарыңызбен бөлісу: |