172
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
173
да жарық көрген С.
Қирабаев, Ш. Сәтбаева, М. Жол-
дасбеков, Н. Келімбетов, М. Қараев және тағы басқа
да еңбектерде «бірнеше ғасырлық өмірі бар қазақ әде-
биеті өкілдерінің шығармаларын кейінгі жылдардың
рухани мүмкіндігі тұрғысынан тану» және оларды
елінің бостандығын көксегені үшін жазықсыз тағыл-
ған айыптан арашалау принципі көзге түсетінін айтады
(1,16). Жалпы, көрнекті ғалым Жұмат Тілеповтің «Та-
рих және әдебиет (XIV-XX ғасыр басындағы әдебиет)»
атты ғылыми еңбегінде XIV-XVII ғасырлардағы қазақ
әдебиетінің
тарихилығы мәселесі, XVIII-XIX ғасыр-
лардағы жыраулық мұра һәм ел тағдыры, жер тағдыры
мен ақындық дәстүр және тарих жайы тарихилық кон-
цепциясы тұрғысынан тарихи-салыстырмалы, кешенді
талдау әдіснамалары негізінде терең де кең ауқымда
зерттеледі. Жоғарыда аталған зерттеу ерекшеліктері-
нен профессор Ж. Тілеповтің жаңашыл нысандағы
зерттеушілік әлеуеті танылады. Ел тарихындағы аласа-
пыран, алмағайып кезеңдердің ақын-жыраулар шығар-
масында бейнеленуінің ауызша үрдіске тән сипаттары
мен тарихи тамырлары ашылады. Мәселен, атақты «Ер
Едіге» тарихи жырындағы деректілік пен көркемдіктің
сипаттар оқырманын бейжай қалдыра алмайды. Асан-
қайғы, Сыпыра, Қазтуған жыр-толғаулардағы қазақтың
арғы түбіне байланысты, хандар мен билердің, абыз-
дардың, батырларлардың
тарихи тұлғаларына қатыс-
ты көркемдік деректердің тарихы шындығы толымды
мәліметтер негізінде нақтыланады. Жалпы, профессор
Жұмат Тілепов әдебиеттанудың іргелі проблемасына
қатысты қандай мәселені де шеткері қалдырмай, қо-
рытқан ғылыми тұжырымдарын нақты деректермен
немесе айқын мысалдармен дәйектейді. Өзі жастайы-
нан ізерлей,індете зерттеген тарихилық концепциясы
мірдің
оғындай дәлдікті, нақтылықты, айқындықты,
деректілікті, автордан шыншылдықты талап етті және
ғалымның өзіне тән туабітті табиғи болмысы тазалық
пен кіршіксіз адамдық арды әспеттеді. Ғылыми ізденіс
үстінде уақытты санамай күнді-түнге жалғап отыратын
табандылығы жастайынан қалыптасқан ғалым күні
бүгінге дейін үздіксіз, тынымсыз ізденістен мойыған
емес. Ғылымдағы жанкештілігі-алдыңғы абыз ағалар
дәстүрін пір тұтқандығы. Алдыңғы толқын ағалар жо-
лы-абыздар жолы. Сол жолмен жүріп келеді..Сол жолда
бір шырақ жанғандай...Шын ғалымның ғылымда жақ-
қан шырағы...Сан-тарапқа...Ол аялаған отбасына нұрын
шашқандай.. Бейнеттің де зейнеті бар деген.. Қашан-
нан-ақ қанағатшыл жүрегі.. «дүние де өзі, мал да өзі»..
Немересі жұмыстан келсе атасын мойнынан құшақтай-
ды. Атасының жүзінде басқа ешкімде жоқ ерекше нұр
бар..Университеттегі студент-шәкірттері де
ұстаз-ға-
лымның жүріс-тұрысынан тәңірідей тазалықты, асқақ
кісілік мінезді таниды. Дәрісін ұйып тыңдаған аудито-
рия қоңырау соғылғанда еріксіз ес жияды...Жұмат Жұ-
малыұлы сияқты шын ғалым болғысы келетіндер бар
шығар кім білсін.. Шынында да... шын ғалымдар көп
емес...Ұлы Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, шын ғалым-
ды көрсеңіз..» демеп пе еді? Шын ғалымды көрсеңіз..
Достарыңызбен бөлісу: