Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

 мотив теориясы
-
ның дамуы
М


176
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
177
түсін түстеп мәтінінен дәлелді үзінді келтіріп отырып 
сынайды. Қазіргі әдебиет осындай сынға зәру емес пе? 
Сын жоқ, сыншы жоқ дейміз. Жас Қанипаш сын айта 
отырып, оқырман пікірімен де санасады. Өйткені, «Ар-
ман қанатынданың» алғашқы жинағы шыққанына он 
жыл өткен-ді. Кімнің кім екенін содан бері оқырман 
өзіиде елеп-екшеп қалды дегенді айтады. Демек, жас 
сыншының талғамы қалыптасқандығы. Оның бұл ұс-
танымы – сыншы ретіндегі адалдығына өмірлік жол 
ашқан еді Жоғарыда айтылған барша сөздің мәні, тіпті 
осы мақаласының түпкі мән-маңызы осы жолдарда 
жатқандай. Жастардың ортақол дүниелерін және олар-
ды ешбір талғамсыз қосқан баспагерлерді сынайды.
Сонымен, «Арман қанатынданың» алты кітабын-
да аты аталып, шығармасы шыққан талапкер жүзден 
астам. Ауыз толтырып айтары, оқушысын тапқаны – 
жиырма шақты жас жазушы» деп, олардың қатарында 
С. Асылбеков, М. Асылғазин Қ. Жиенбаев, С. Дүйсен-
биев, Т. Әлпейісов, Ж. Кәрменовтердің (екінші жинақ-
та) есімін атайды. «Жоғарыда жылы аталған есімдерге 
тындырып тастамағанмен, мүмкіндігін байқатқан, «Ар-
ман қанатында» ақ сапар тілеп аяқтандырған, өзгеге ұқ-
самас өз соқпағын табу жолында тер төгіп жүрген біраз 
жасты қосар едік. Болат Қанатбаев, Дидахмет Әшім-
ханов, Әлібек Асқаров, Жұмабай Шаштайұлы, Нұрғали 
Оразов, Нарбинь Кенжеғұлова, Жүсіпбек Қорғасбеков, 
Рақымжан Отарбаев, Төрехан Майбасовтардың кездей-
соқ талапкерлер емес екені айқын», – дейді Қанипаш 
Мәдібаева. Солардың біразы өзі қатарлас жас қой. Ал, 
қараңыз, сыншы көзінің қырағылығы қандай?
«Әйтеуір, есеп, ақпар беру үшін емес, не нәрсенің ал-
ғашқы адымы қуанышты болумен бірге қасиетті де.Тұ-
сау кесу. Тұңғыш қоңырау. Бет ашу. Ал әдебиеттегі тұң-
ғыш адымының сатанатын салғырттықпен айырбастай 
салу –күнә», – дейді. Сыншы жас талапкерлерді сабыр-
ға шақырады: «Шығармасын ұсынушыда да ұят болу 
керек».
Қанипаш Мәдібаеваның өзге ел әдебиетінен де хаба-
ры мол екенін, оның да жақсысы мен жасығын ажыра-
та алатындығы мынадан танылады. «Осыдан жеті-сегіз 
жыл бұрын орыстың жас жазушысы Петр Краснов «По 
причине души» повесінде нақақ сотталып, тағдыры 
тәлкекке түскен Тимофей дейтін кесек кейіпкер жаса-
ды. Бізде осындай қарапайым жанның мұң-мұқтажын 
жоқтаған адамға араша түсер шығармалар неге аз? Жаз-
ғанымызда уақыт талап етіп отырған публицистикалық 
сарын неге кемшін? Әдебиет уақыттан кейін жүруі ке-
рек пе, ілгері ме, қатар ма?» деген риторикалық сауал 
қояды. Бұл сауал шешілді ме, әлі шешілу керек пе бүгін 
қандай мәнде дер едік біз... Шынында, Қ. Мәдібаева 
әдебиеттің тамыршысындай не қажетін айтып тұрған 
жоқ па? Әдебиеттің қадір-қасиетін замандастарына 
жақсы жеткізе отырып, жинақ авторларының махаббат, 
соғыс, опасыздық, отбасындағы кикілжің сияқты тап-
таурын тақырыптарды шиырлап, «бүгінгі күннің айтпа-
сын айтуға» батылы жетпейтінін, «егер уақыт шынды-
ғы астар болса, тіпті әлгі «атам заманнан адам өміріне 
негіз болып келе жатқан құбылыстар арқылы да көп 
нәрсе айтуға болатынын меңзейді. Міне, сыншының 
бағыт беруі, жол сілтеуі деген осы емес пе?
«Адам іздеген Бақыт» атты мақаласында жазушы-
драматург, сыншы Серік Асылбекұлының қырық жыл-
дан бергі шығармашылық еңбегі туралы сын-толғамда-
рын тұжырымдайды. Жазушының қаламгерлік қасиеті 


178
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет