180
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
181
Серік Асылбекұлы «ежелгі Жойқын дарияның мың-сан
иінінің бірінде қонақтап
ғұмыр кешіп жатқан шағын
бір ауылдың таңы мен түн қараңғысын, тал түсі мен
кешқұрымын тұтас қармап алып, жарық дүниенің қас
қағым сәтінен баян тауып күліп-ойнап, қуанып, мұңа-
йып, бір толып, бір орта түсіп, маңдайға жазған тағды-
рын кешіп жатқан адам өмірін алақандағыдай анық су-
реттейді.» Қанипаш жазушының шеберлігін «шынайы
суреттейді» деп бір ауыз сөзбен қайыра салса, қазіргі
оқырманның қайсысы да тұщына қоймас еді. Жазушы
жайлы жазыла сөйлеуіне шығарма шымырлығы түрткі
болғанмен, Қанипаштың қара сөздің қайнарынан қа-
нып ішкендігі осылайша тізгін бермей жататыны бар.
Қазіргі қат-қабат тіршілік майданында қапылып жүрген
оқырманның жанын жылытар осындай күлтелі тілмен
көмкерілген ой ғана оны бір сәтке селт еткізіп, кітап
бетін ашқызар... Ылайым солай болса, бұл іспетті тіл де
сын өнерінің қоржынына салынған бір олжа болар еді.
Автор Серік Асылбекұлының ауыл жайлы шығарма-
ларын тұтастықта алып, қадау-қадау шеберліктерін сөз
етеді. Автордың айтуынша,
жазушы қауіп еткен жай-
дың бірі – «қасиет дарыған ауыл дейтін үлкен дүниенің
замана желінің екпінінде біртіндеп болмысын өзгерте
бастағаны..». «Эх, Россия» әңгімесінде «ауылды әлі та-
лай кеп күтіп тұрғанын» жаны ауыра жазғанын айтып,
оның нағыз жазушыға тән азаматтық қасиетін әспет-
тейді.
Жазушының «Қоңыртаудың басында бір түп жусан»
әңгімесіндегі пейзаждың психологиялық функциясына,
деталь беру ерекшеліктерін зерделейді. «Баяндауға су-
рет дарытып жазудың классикалық үрдісін қолайлылау
көретін» Серік Асылбекұлының оқырманмен комму-
никациясының тығыздығын өз сезімдері арқылы сал-
мақтайды. Серік Асылбекұлы шығармаларында ауыл
мұғалімі бейнесі жаңғыра, толыға түскені де сыншы
назарына ілікпей қалған жоқ. Жазушының драматургия
жанрындағы табыстарын «әңгіме, повестерінде өмір
көріністерін, қилы құбылыстарды қанық, нақты бейне-
леу, суретпен баяндау ерекшеліктерімен» сабақтастыра-
ды. Серік Асылбекұлы қаламгерлік жолды таңдауының
сырын: «Адамға араша тұру бағытындағы балаң тал-
пыныс бірте-бірте оның ғұмырлық мұратына ұласқан.
Шекспир өз заманында көп құбылысқа ықпал ете алды.
Толстой да солай. Демек, әу баста жаратқан Иенің өзі
ұлы міндет артқан киелі Сөз, Сөз өнерінің мүмкіндігі
зор деп түйді. Серік Асылбекұлы адамға жандауа бола-
тын, оны ізгілікке бағыттайтын, туралық пен тазалыққа
тартатын жазушылық кәсіпті осылайша таңдаған»,-деп
түйеді. Сын мақалада жазушының азаматтық, кісілік,
отбасындағы ерен қасиеттері шығармашылық тұлғасы-
мен тұтастықта танылады. Автор «кейіпкерінің» бақыт
туралы философиясын сөз ете келіп: «Біреулер сол Ба-
қытты айла салып, амал жасап қуар еді. Енді біреулерді
сол бақыттың өзі іздеп келеді. Ниет, жүрегіне, пиғыл,
пайымына келіп қонақтайды.», – дейді.
Қанипаш Қайсақызының әдеби сын мақалаларынан
танылатын тағы бір ерекшелігі – жекелеген ақын-жазу-
шылардың шығармашылығын әдеби процеспен өзектес
қарастыратындығы. Мысалы: «XX ғасырдың өн бойын-
да қазақ прозасы қилы көркемдік бағытты бағындырды.
Жазу өнерінің даму үдерісі аса бір қарқын алған тұстар
болды. Ұлттық болмысы қанық, әлемдік өріске ұмтыл-
ған шеберлік мектептер қалыптасып дамыды.
Қашан-
нан сөзге ынтық, сусап отыратын қазақ дейтін қалың