192
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
193
на, жаңғыру, жарылу проблемасына, формалық ізденіс-
терге, стильге қатысты соны пікірлер тұжырымдайды.
Қ. Мәдібаева прозаға ғана емес, поэзияға да қатысты
әдеби сын мақаларды дер кезінде жазып отырды. «Өлең
өзегіндегі өмір» деген мақаласында белгілі ақындар-
дың бірі Бақыткерей Ысқақтың өлеңдері жайлы қозғай-
ды. Ақынның «Өлеңнің тууы» атты жырын талдайды.
«Ақын өлеңге өкінішін құяды. Арғы ата-бабаның тарих-
тағлымы, замандастың жан әлемі көрінеді» – деп ақын
өлеңдерінің тынысын сезеді,
поэтикалық тәсілдерін
айқындайды. Х. Ерғалиев сынды ақынмен қатарлас-
тыра қарап, «сәулелі тікестеріне» мән артады. Мақала
авторы: «Б. Ысқақтың «Жұрттағы үйі» – ауыл азасы», –
деп, ақынның «адамдық таза қалпымен ғұмыр кешкен»
жан екенін әспеттейді. Бақыткерей ақынның «өзіндік
көркемдік танымы, жазу тәсілі, отты, ойлы орамдары»
хақында ой толғайды. «Жүрекпен сөйлейтін» ақынның
«өмір бойы жырланып келе жатқан теңізді көру, сезі-
ну, оның суретін салу шеберлігі – назар аударуға тұра-
тын тәсілдер» деп жазады. Сондай-ақ, Қ. Мәдібаева:
«Домбыраның дауысы» сынды елдік рухпен суарылған
өлеңдерінде тосын астастырулар аз емес. Оның Бек-
зат Саттархановқа арнаған поэмасы- көкейтесті күй.
«Мұздай шындық» өлеңін де әлеумет жайы шырмаған.
Ішкі ұйқасқа құрылған өлең, ұйқассыз өлең түрлері,
қос тармақты қайырымдар, он бір буынды болғанмен,
ырғағы, бунақтағы буын санының орналасу реті Бақыт-
керейде бар. Тәртіпке бағынбай жатқан шумақ, түйдек-
оның өлеңдерінің ерекшелігі.
Болбыр оқылатыны да
бар. Ағылып келетін құнарлы оралымдар оның өлеңіне
поэтикалық қуат береді» – деп өмірі «өлеңге байланған
ғұмырдың шын таза болмысын көрсеткен»,-деп ақын
өлеңдерін талдауға көшеді. Бұл тұстағы Қанипаш Қай-
сақызының өлең құрылымы жайлы тұжырымдары сын-
шының әдеби-ғылыми теориялық білімінің тереңдігін
айқындайды. Оның басқа да ғылым-теориялық мазмұн-
ға ие сын мақалаларының қатарына аталмыш жинаққа
енгізілген Ж. Нәжімеденов, Д. Әшімханов, Р. Мұқанова
секілді көрнекті жазушылар мен ақындар жайлы басқа
да сыни әлеуеті жоғары туындыларын атауға болады.
Алайда, біз оларды интерпретациялауды саналы оқыр-
манның өз еншісіне қалдыруды жөн санадық.
Десек те, қазақ сын өнерінің өз бағындырған биігі, өз
өресі мен өрісі бар, сыншыға қояр талабы да қатал, зор
екені белгілі. Сол ұлы өрісте өз жолымен ғана жүріп,
үнсіз ғана іс тындырып келе жатқан адал да еңбексүйгіш
жанның бірі –Қанипаш Мәдібаева. «Адам іздеген ба-
қыт» атты бұл сын мақалалар жинағы оның ғалым-ұс-
таз ғана емес, әдебиет сыншысы екенін айғақтайды.
Кәсіпті, өнерді үйренуге, тынымсыз еңбек арқасын-
да ғалым дәрежесін иеленуге де болады. Ал, шынайы
жазушы, сыншы атану әркімнің қолынан келе бермесі
анық. Рас, «өнерді үйрен..» десек те, жазушылық үй-
ренуге болмайтын өнер болып табылады. Өйткені,
өнердің бұл тектес түрлері табиғи дарыннан туады. Сол
жазушылық өнердің құпия сырларын тануға келгенде,
жазушының өзімен иық тірестіре алатын тең тұлға –
өз заманының озық ойлы
азаматы әдебиет сыншысы
болса керек. Өнер туындысының көркемдік құпиясын
ашу, оның шынайы заманауи бағасын беру міндеті сын-
шыға жүктеледі. Сондай орасан зор міндетті атқаруда
сыншының эстетикалық талғамының деңгейі таныла-
ры анық. Эстетика ілімі бойынша, талғам ұғымы, оның
болуы мен болмауы, дамып жетілу дәрежесі эстетика-