Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
195
лық қарым-қатыныстарды қабылдау мәдениеті, оларды
саралай қабылдау өлшемі, сондай-ақ олардың әрқилы
белгілерін жинақтап тұтастықта тани білу талабы мен
қабілеті болып табылады. Рас, сыншыға табиғатынан
дарыған алғыр ақылы, сергек сезімі сүйемел болған-
мен, эстетикалық талғамының биік болуына, дүние-
танымы мен ой өрісінің өсуіне өмірлік тағылым-тәжі-
рибе, жанкешті еңбекқорлық, табанды ізденіске толы
шынайы үздіксіз білім ықпал етері даусыз. Жазушы «өз
ішінен шыққан» жаратындысының бойына дарытқан
дара сипаттарын жыға танып, жіліктей жазғанымен,
сөз сілемдеріне сіңісіп, сілтідей тұнып жатқан түпкі
мәннің (смысл) мәнісін түсінуді оқырманның еншісіне
қалдырары хақ. Алайда, бұл түсінуді бүгінгі герменев-
тика (өнер және мәтін талқылау теориясы) ұғымындағы
түсінумен алмастыратын болсақ, оқырман деп отырға-
нымыз, қарапайым оқырман емес, сыншы оқырман-ин-
терпретатор болып шығады. Ал, герменевтика тілімен
айтқанда, интерпретация дегеніміз – мәтінді, шығар-
маны шығармашылықпен игеру, жаңғырта, толықтыра
талқылау. Әдебиет теоретигі В. Е. Хализев: «Ф. Шле-
йермахердің айтуынша, мәтінді талқылаушы-интерпре-
татордың міндеті сөзді сөйлеушінің өзінен де жақсы,
анағұрлым жақсы түсіну, тіпті оның «анық ұғына алма-
ғанын» анық ұғынып, сөзге қосымша айқындық беру,
жарық түсіру, айқын сөздегі жасырын мәнді ашу бо-
лып табылады»,-деп көрсетеді. («Теория литературы»,
стр.129. ауд. – Р.Ә.) Міне, герменевтика өнері мәтінді,
көркем шығарманы талдаудың, түсіндірудің осындай
жаңашыл бағыттарын белгілейді.
Алайда, біз зымыран уақыт жүлгесінде әл-Фараби
университетінің профессоры, филология ғылымдары-
ның докторы, өткен жылы ғана ҚР БжҒм тарапынан
ЖОО-ның оқытушыларына жыл сайын берілетін сый-
лықтың –«2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы» грантының иегері атанған танымал әде-
биеттанушы Қанипаш Қайсақызы Мәдібаеваның сыни
еңбектерінен де герменевтикалық талқыға құрылған
жаңашыл сипатты танитын боламыз. Дегенмен, Қани-
паш Мәдібаеваның қалың оқырманға бет түзеген «Адам
іздеген бақыт» атты сын мақалалар жинағына оның ең-
бектерін баспасөз беттерінен үзбей оқитын оқырманы-
ның бірі қатарында ғана аз-кем пікір білдіріп, шығарма-
шылық табыс тілемекпіз.
196
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
197
Достарыңызбен бөлісу: |