154
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
155
филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің
бакалавр, магистратура, докторантура сатыларында оқы-
тылатын «Әдебиет теориясы», «Көркем әдебиеттегі пси-
хологизм», «Әдебиеттанудың теориялық мәселелері»,
«Көркем мәтін теориясы», «Композиция поэтикасы және
нарратология» т.б. курстарда үздіксіз пайдаланылады.
Тіпті, теориялық курстарды оқытып-үйретуде шәкірт-
тердің қазақ тіліндегі сұранысына ие бірегей еңбек бо-
лып саналатыны жасырын емес. Сондықтан, оқу орын-
дағы баспалар мен басқа да республикалық баспалар Б.
Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық тал-
дау» (1996), «Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы» ( 2001),
«Мұхтар Әуезов-суреткер» (1996) атты оқу құралдарын
және «Сөз сыны» (2002), «Көркемдік нәрі» (1983), «Пси-
хологизм в художественной литературе» (2004) еңбек-
тері мен «Әдебиет теориясы» пәнінің типтік бағдарлама-
сын» (З. Қабдоловпен бірге) (2001) қайта басып шығарар
болса, ұтылмас еді деген ойдамын.
Мен ардақты ұстазым, филология ғылымдарының
докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық-
тың лауреаты (2004), ҚР Президентінің «Алтын сана»
белгісінің иегері (2006), «Қазақстан Республикасының
ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің
иегері (2008), ҚР БҒМ-нің Ғылымдағы көрнекті
жетістіктері үшін берілетін мемлекеттік стипендиясы-
ның иегері (2009-2010 ж.ж.), Ш. Айтматов академия-
сының академигі (2010) Бақытжан Қауасқанұлы Май-
тановтың қазақ әдебиеттануында алғашқы болып жаңа
бағытты зерттеуге жол ашқан ғылыми әлеуеті зор ең-
бектері мен ғалымдық дана тұлғасын ғылым көгінде
келешек ғылым көшіне бағдар сілтеп, жарқырай берер
шоқ жұлдызға ұқсатамын..
Достарыңызбен бөлісу: