138
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
139
Көп адамдармен жақын жуыса бермейтін Бақытжан
Қауасқанұлы бір күні маған: «Сен маған доссың, бірақ
алыстан сыйласамыз» деп, жастық шағында бір сенген
дос жігітінен көңілі қалғанын айтып еді. Маған дос деп
қарағаны баспадан бері білетіндігі болар деп ойласам
да, ұялдым, менің әдеби өрем ол кісіден жүз есе төмен
ғой! «Дана мен бала ұқсас деген-ау..» Дос санағанына
қораштанып қалсам да, іштей желпініп қалғаным рас..
Пендеміз..
Бақытжан Майтанов еңбектеріндегі
жаңа бағыттың
бірі көркемдік құбылыстарын пәндер тоғысында зерде-
леу десек, «Абай жолындағы» кескіндеме өнеріне қа-
тысты тобықты руы адамдарының бет пішіні сөз бол-
ғанда, антропология ілімінен деректер келтіргенін сөз
етіп отырғанымызда маған: «Сенің жүзіңде ағылшын
қыздарына тән бір сипат бар» деді. Ол менің о бастан
сөзге жоқтығым, адамға көп жуыса бермейтінім, өзім-
ше «сыр шашпайтыным» деп түсіндім. Ол көбінесе
«жазу-сызуы туралы» маған «сыр» ашады. Мен мақала-
сы жарияланғанша оны тісімнен шығармаймын. Мыса-
лы, ардақты ұстазы академик Рымғали Нұрғали туралы
мақала жазып жатқанын, оны «Тайбурыл» я «Арғымақ»
деп атасам ба» деп, онысын маған ойласқандай болып
айтып жүрді. Міне, «достығымыздың» бір қыры. Үнде-
местік мінез о баста менде де бар еді, оны ұстазымның
әлгі «дистанция» теориясы қайрай түсті..
Бір жолы өзін академик Зейнолла Қабдоловтың мақ-
тағанын айтып: «Сол кісінің мақтауы ерекше еді. Ол кісі
сияқты ешкім мақтай алмайды. Сол кісі бір мақтағанда
шын қанаттанып қалдым...» деп шын риза көңілмен
ақтарылып еді. Тағы бірде жұмыстан қолы қалт еткен
сәті болса керек, өзінің оқытушылар отыратын кафед-
ра бөлмесінде отырып:- Раушан, кешегі менің «Қазақ
әдебиетіндегі» мақаламды оқыдың ба, мені бір мақта-
шы дегені, – мен қапелімде не
дерімді білмей газетті
қолыма түсіре алмағанымды (ол кезде мен «Қазақ әде-
биеті» газетін университет қасындағы киоскіден алып
оқитынмын, ол тез таланып кететін) айтып едім, өзі ка-
бинетінен әкеліп берді. Бұнысына қатты қысылғаным
сонша, сол кезден бастап «Қазақ әдебиетін» үйге жаз-
дырып алатын болдым). Онсыз да ұстазымның ғалым-
дық талантына іштей бас иіп жүретін мен мақаладағы
танымға соны талдауларын сұқтана оқып шығып, шын
жүректен «мақтап» едім, ұстазым «сенен басқа мені
мақтайтын адам жоқ па?!» дегендей кілт етіп қалғанын
байқадым да тілімді тістеп қалдым. Мұны күтпеген
мен: «Асыра мақтап жібердім бе? Ондайды жаратпау-
шы еді ғой.. Мені мақтамаңдар, мақтау дандайсытып
жібереді, жұмыс істей алмай қалам деуші еді ғой. Қа-
лай оны естен шығарып алдым.. Шынында, ол кісіні
мақтап, баға беретін мен кім едім?» деп өзімді-өзім іш-
тей талқылап, жерден алып жерге салдым.. Ғылыми дә-
лелмен жанды жерін тауып мақтамай, мақтау деген осы
екен деп лепіріп артық айтсам керек.
Ренжігені- асы-
ра мақтау адамды дандайсытады, шын мақтау өсіреді
дегені екен. Ертесіне жұмысқа келсем, ойында ештеңе
жоқ, жадырап отыр екен..
Шынында, мен Бақытжан Қауасқанұлымен әңгімелес-
кенде әдебиет теориясының мән-жайын түсініп жүрдім.
Алайда, өзің ізденбей болмайды. Майтанов біліміне
қызығушылар: «Ол жастайынан әдебиеттің майын іш-
кен, әдебиет ісіне жастайынан берілген» дейтінін талай
естідім. Мен кеш емес пе деймін де, күні-түні әдебиет
теориясын оқимын, таусылмайды, «наверстать» ету