Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

 Пайдаланылған әдебиет:
 
1.Мәдібай Қанипаш Қайсақызы. Тұрсынбек Кәкішұлы 
– сәкентанушы. (көмекші оқу құралы.) – «Қазақ универси-
теті». – Алматы, 2007. – 75бет.


132
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
133
бақытЖан майтанов – 
қазақ Әдебиеттануындағы
 Жаңа бағыттың көшбасшысы
М
енің Бақытжан Қауасқанұлымен таныстығым 
«Жазушы» баспасында қызмет істеп жүрген 
кезімнен басталған еді. Баспадан кітабы шығып жа-
тыр екен. Кітабы шыққандар жұмсартыңқырап айтсақ, 
«шай береді» дегенді сол жердегі үлкендер аузынан ес-
туші едім. Бірақ мән бермегенмін. Университетті бітіре 
салып, баспаға жұмысқа барған мен сондағы қызмет-
керлердің ең жасымын. Монтиған бір кісі келіп сатирик 
ақын Оңалбек Кенжебеков екеумізді шайға шақырып 
тұр. Қызметтес апайларым бармауға болмайтынын, кі-
табының корректоры болып тұрып, әлгі кісінің қуаны-
шын бөліспесең, ұят болатынын айтқан соң бала мінезді 
Оңқаң (кітабының редакторы) екеуіміз монтиған, нұр 
жүзді жасамыс кісінің артынан еріп жүре бердік. Өзін 
Бақытжанмын деп таныстырған кісі Атакенттегі әдемі 
бір ресторанға алып келіп, дастарқан басына жайғастыр-
ды. Ешкім қолқаламаса да, жазушы-ақындар көрсетіп 
жататын салт-мезіретті көрсеткені ме, я болмаса кітабы 
жарыққа шығып жатқанына шын қуанғаны ма, ол жа-
ғын ол кезде балалық мінезден арыла қоймаған өзім де 
аңғармаппын. Екі ер адамның ортасына келгеніме іштей 
қысылып отырған мен бұл «жазушылардың» дастарқан 
басында не айтқанын да естімейтін сияқтымын. Қазір 
де есімде жоқ. Бірақ, Бақытжан Қауасқанұлы менің бір-
екі ауыз сөзімнен әдебиетті жақсы көретінімді ұққан-
дай болып еді. Кейін 1995 жылы ҚазҰУ-ге қазақ тілі 
кафедрасына жұмысқа келгенімде, тани кетіп, жылы 
шыраймен мән-жай сұрады. Өзі осында қазақ әдебиеті 
кафедрасының профессоры екен. Бірақ, маған ол кезде 
неге екені белгісіз, көп ұзамай Бақытжан Қауасқанұ-
лы Қазақ мемлекеттік заң университетінің қазақ, орыс 
және шығыс тілдері кафедрасының профессорлығына 
ауысып кетіпті. Содан кейін де «Әуезов үйі» ғылыми-
мәдени орталығына жетекші және әуезовтану бөлімінің 
меңгерушісі қызметін атқарыпты. Мен бұл жайлардан 
Бақытжан Қауасқанұлы 2000 жылы әл-Фараби атында-
ғы ҚазҰУ-дің әдебиет теориясы кафедрасының меңге-
рушісі болып қайта оралғанда бір-ақ хабардар болдым. 
Әдебиет теориясына меңгеруші бола жүріп, М.О. Әуе-
зов атындағы Әдебиет және өнер институтының әуе-
зовтану бөліміндегі бас ғылыми қызметкер міндетін 
де көпке дейін атқарып жүрді. Мен кейін 2001 жылы 
әдебиет тақырыбында алған жұмысымды қорғағаннан 
кейін, менің көңіл қалауым әдебиет екенін білетін ол қа-
зақ тіліндегі алдыңғы толық сағатым үстіне әдебиеттен 
аз ғана сағат қосып берді, мені «әдебиет ісіне жаттық-
сын» дегені деп ұқтым. Кейін бұл сағат қысқарып қал-
ды. Мен өкінген жоқпын, аз уақыт болса да, көрнекті 
әдебиет теоретигінің қасында жүріп, тағылым алудың 
өзі бақыт еді. Кейін 2006 жылы қазақ тілінде он жылдан 
аса қызмет істеп жүрген мені Бақытжан Қауасқанұлы 
арнайы шақырып алып: «Сен әдебиетке біржола ауыс-
тырып алатын болдым. Әдебиетке кездейсоқ келген 
адам емессің. Баспада істедің, жазушылардың бәрін 
білесің, қорғадың. Әдебиетке құштарлығың бар. Сені 
ұсынып едім, декан Қансейіт Әбдезұлы да қарсы бол-


134
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
135
ған жоқ. Кафедра мүшелері де ұсынысымды қолдады» 
деп өзі басқарып отырған кафедраға жұмысқа алғанда 
төбем көкке жеткендей болғаны рас. Мен онымен бір 
факультетте жұмыс істеп жүргенде-ақ, факультет оқы-
тушы-профессорлар қауымының, студенттердің, басқа 
да отандық және шетелдік ғылыми қауымның профес-
сор Б.Қ. Майтановты әдебиет теориясының білгірі деп 
ерекше құрметпен қарайтынын білетінмін. Сондықтан 
мен ғана емес, басқалар да оған жуық жүріп, тілдесуге 
бейіл еді. Бір күні менің әріптес тілші досым Зейнехан: 
«Армандаған әдебиетіңе біржола ауысқаның жақсы 
болды. Бақытжан Майтанов нағыз ғалым ғой, байқай-
сың ба, сол кісінің жүзінен нұр шашырап тұрады..» де-
ген еді. Қуанғаным жұртқа танымал әдебиет теоретигі 
Майтановпен бір кафедрада жұмыс істеу, оның әдеби 
ортасында жүріп, әдебиет сырларын ұғу бір ғанибет 
секілденді. Бірақ, ол көбіне сөзге сараң, көбіне іспен 
айналысып, томаға-тұйық жүреді. Тіпті қарапайым, 
жұрт таныған әдебиет теориясының ғажап білгірі екені-
не мардамсып, әлдекімдер сияқты сәлеміңді алмай, сені 
кішік санап, кекіреймейді. Моп-момақан, әңгімелескен-
де бала мінезі танылады, айтулы «еңбек торысының» 
өзі. Бірақ, кез-келген кісіге сыр ашпайды. Күні-түні 
жазудан жалықпайды. Байқағаным, жазуы, майда анық. 
Кісінің жазуы көп нәрсені аңғартады демей ме? Менің 
байқағаным, ісі мен сөзі нақты. Өзіне рухы ұқсас адам-
дарды сыйлайды, кафедрадағы өзіне тақау орындықта 
отыратын кішіпейіл, кісілігі өзгеше профессор Зұфар 
Сейітжановты ерекше құрметтейді. Сондай жандарға 
жөнін айтып, іш тартатынын байқадым. Онда да терең 
ақтарылмайтынын байқадым. «Дистанция» ұстайды. 
Мен бұл сөзді әдейі орысша алып отырмын. Қазақша-
сы алыстан сыйласу ғой. «Ағайынмен алыстан сый-
лас» деген халқымыз қандай дана еді. Ағайын дегені 
адам ғой. Шынында да, қазіргі әлемилену заманында 
қандай адаммен де алыстан сыйласу мәдениеттіліктің 
бір белгісі екенін енді ұққандаймын. Ал, ол болса бұл 
қасиетті ерте жастан бойына дарытып, өз уақытын ба-
ғалай білген екен. Тіпті, бұл ғылым адамына пайдалы 
қасиет екен.
Бақытжан Қауасқанұлының әдебиетті, әсіресе оның 
теориясын терең білетіндігі көп адамдарды жасқан-
дыратын. Оның алдында әдебиет туралы сөйлеудің өзі 
қиын еді. Әдебиетке кештеу келгеніме арланып, күндіз-
түні жазып-оқумен болдым, оныма кейбіреулер күлетін 
еді. Ал, мен Бақытжан Қауасқанұлын ұятқа қалдырмай, 
аудитория алдына өз-өзіме сенімді болып баруды күні-
түні ойладым. Көрнекті ұстаз-ғалым мені әр қиынға са-
лып сынап жүргендей болды, бір күні маған «сені енді 
өлең теориясына салсам ба деймін» деген ойын айтып, 
«Қазақ өлеңінің құрылысы» деген сабақты берді. Бірде 
өлең өлшемдерін математикше санап, буын мен бунақ-
қа бөліп, тақтаға жазып жатсам керек, аудитория есігін 
ашып қарады да, қысылмасын десе керек, қайта жап-
ты. Үзіліске шығып, кафедраға кіргенімде жылыұшы-
рай қарап, жымиды да: «Көп оқытушылар тақтаға жо-
ламайды, сен маржандай ғып жазып қойыпсың» деді. 
Әдебиет теориясының білгірі саналатын ұстаздың сөзі-
не ежептеуір қанаттанып қалдым. Кейін менің тілден 
әдебиетке келгеніме-орынның бола қалғанына қуанып 
отырғандай болған бір сәтімізде, ағай мені жақын тар-
та сөйлеп, заң институтында практикалық қазақ тілінен 
сабақ бергенін айтқанда, мен әрі таңырқап, әрі ойла-
нып қалдым. Мен оған бақытты адам деп, әдебиетте 


136
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет