Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
131
Сондай-ақ, оқу құралына белгілі сыншы-ғалым 
Қанипаш Мәдібайдың 1997 жылы «Қазақ әдебиеті» 
газетінде жарияланған «Тұғыры биік тұлға» аталатын 
сыр-сұхбаты енгізілген. Бұнда ол өзі тағлым алған тар-
лан ұстазы Тұрсынбек Кәкішұлымен еркін де емен-
жарқын сұхбаттасып, С. Сейфуллин өмірі мен шы-
ғармашылығының көпшілікке беймәлім қырларынан 
суыртпақтай тартады. Бұл да жас талап студент-шәкірт-
тер үшін қызықты және қажет болса керек.
Оқу құралының «Ақиқаттың алыс жолы» бөлімінде 
Т. Кәкішұлының әйгілі «Мағжан-Сәкен» эссесінің құн-
дылықтары мен көркемдік сипаттары ашылады. Сонда-
ғы ең басты ерекшеліктерді көрсете келіп, профессор 
Қ. Мәдібай: «Мағжанның «Шолпан» (1912), Сәкеннің 
«Өткен күндер» (1914) жинақтарын өлеңдік өріс, көр-
кемдік талғам, басты сарындар ыңғайында аалыстыра 
ой түю арқылы да Тұрсынбек Кәкішұлы қазақтың XX 
ғасыр басындағы поэтикалық екі тұлғасының бір бағы-
тын, түбі тереңге тартқан тамырлас, рухани бағыттас-
тығын нақтылы шығарма үлгілерімен негіздей түскен» 
(1,49),-деп сәкентанушы ұстазы жайлы тың толғамда-
рын өрбітіп-өрістетеді.
Бүгінде сексен бестің ғана емес, әдебиет деген ас-
қардың шыңына болат топшысын тасқа қайрап жетіліп, 
тауда туып, таста өскен қыран тастүлектей ширығып 
ұшқан ұлт ұстазы, әйгілі әдебиет сыншысы, көрнекті 
ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы талантты шәкірті белгілі 
әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының док-
торы, профессор Қанипаш Қайсақызы Мәдібайдың 
қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары үрдісінде жаз-
ған зерттеулері мен сын мақалаларын, оқулықтары мен 
оқу құралдарын қолына алғанда өз еңбегінің жемісін 
көргендей марқайып, масаттанары анық. «Ұстазы жақ-
сының ұстамы жақсы» деген емес пе? 
Сонымен, біз сөз еткен ұстаз-ғалым Қ. Мәдібайдың
«Тұрсынбек Кәкішұлы – сәкентанушы» атты көмекші 
оқу құралы қазақ әдебиетінің тарихы мен сынына қа-
тысты пәндерді немесе сәкентану курстарын ғана оқы-
туға қажетті еңбек қана емес, ғылыми тың толғамдары 
мен жаңашыл тұжырымдарын шымыр да шырайлы тіл-
мен студент-шәкірттері жүрегіне шым-шымдап жеткі-
зе білетін әдіс-тәсілімен де ерекшеленетін еңбек деуге 
болады. Шәкірттің ұстаз туралы толғауы, ғалымның 
ғалым туралы сара көңіл, зерек зердесінен туған саң-
лақ толғау-толғамдары десек те жарасады. Демек, 
әдебиеттанушы Қ. Мәдібайдың «Тұрсынбек Кәкішұ-
лы – сәкентанушы» атты еңбегі аты айтып тұрғандай 
Т. Кәкішұлы шығармашылығын зерттеу мен оқытудың 
бұла бастауы болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет