Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
149
жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-
эстетикалық, шығармашылық феномен- психологизм» 
деп тұғырлы тұжырым жасауы қаншама жанкешті ең-
бекті қажет еткенін де біреу біліп, біреу білмес. Жоға-
рыда, ғалым еңбегінде сөз болатын қадау-қадау мәсе-
лелердің бірі-баяндаудың психологиялық функциясы 
десек, зерттеушінің бұл бағдардағы тұжырымдары тың, 
талдаулары да тым терең екенін көреміз. Зерттеуші қа-
зақ әдебиетіндегі реалистік психологизмнің бастаула-
рын М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалынан» ізерлей 
келе, Ш. Құдайбердиевтің «Әділ-Мариясының» баян-
дау құрылымындағы пейзаж қызметінің, диалог форма-
сының өзгешеліктерін жіті пайымдайды. Ал, зерттеуші 
Майтанов Ж. Аймауытовты «социалистік» реализм 
өкіліне тартпақтау қажетсіздігін» көрсете келіп, оның 
«реализміне керемет ажар қосып, жазғанын қорғасын 
құйған сақадай күйлі шығаруға өлшеусіз ықпал жасай-
тын күш-психологиялық талдау өнері» екенін байып-
тайды. Ж. Аймауытов романындағы Ақбілекті А. Ка-
мюдің «Бөгде» романындағы «қылмысына өкінбеген» 
кейіпкер Мерсомен, Соммерсет Моэмнің «Бас имеген 
әйел» әңгімесіндегі Аннетпен салыстырады. Шығар-
малар арасында уақыт алшақтығы болса да, ғалымның 
айтпағы- бұл кейіпкерлердің бәрі де адам, «адам психо-
логиясының ұшы-қиырсыз стихиясына тән құбылыс» 
бұларға ортақ. Ғалым осы бір тұста «әдебиеттің объ-
ектісі-адам» деп келе жатқан бізге ол туралы: «Адам-
тарихи, әлеуметтік объект қана емес, психологиялық, 
биологиялық субъект» деген байлам ұсынады. Ақбілек-
«Қара мұрт» қарым-қатынастарындағы психологиялық 
ахуалды талдай келіп: «Эротикалық түйсік пен сананы 
асау атпен алысқан адамға балайтын З. Фрейд пікірі дә-
лелді» деген пікір қосады. Алайда, Б. Майтанов фрей-
дизм ілімін толық қабылдаудан аулақ, оны ойға қоным-
ды тұстарын ғана тілге тиек етеді. 
Зерттеуші реалистік психологизмнің толысу кезең-
деріндегі М. Жұмабаев, М. Әуезов, Б. Майлин, С. Мұ-
қанов, С. Ерубаев туындыларындағы «бейнелеу прин-
ципі мен бейнелеу тәсілдеріндегі жетістіктер қазақ 
әдебиетінің асқаралы биігі-«Абай жолы» роман-эпо-
пеясына барар жолдағы үлкен көркемдік тәжірибелер 
жиынтығы, лайықты рухани, эстетикалық дайындық 
қоры болғанын» ғылыми негіздейді. Сөз жоқ, Әуезов 
шығармашылығы Б. Майтановтың ерекше ғылыми 
зердемен, ынтызар ықылас, ыстық жүрек, сарабдал 
ақылмен сараптауға жан салған қимас қазынасы бол-
ғаны баршаға мәлім. Алайда, бұл күнде ұшан-теңіз әуе-
зовтану іліміне өзгеден ала бөтен ой қосу аңғал мінезді 
ғалымның қаперіне де келмегені анық. «Әр жүйрік 
әліне қарай шабады». Дегенмен, Майтанов танымы өз 
биігінен жаңаша таниды. Алайда, ғалым «уақыт қа-
бағына қарай толғанатын жазушы айта алмаған «ішкі 
монологтарын» ашық жариялап жатпайтынын» ескер-
теді. Мәселен, зерттеуші: «Көпшілік айта беретіндей, 
«Абай жолы» әке мен баланың қиян-кескі айқасына 
құрылмаған, әкесін Абайдың қадірлейтін сәттері мол» 
дей келіп, романнан көптеген дәйектер келтіре дәлел-
дейді. Л. Гинзбургтың Толстой шығармашылығындағы 
образ эволюциясы туралы байламын қаперінде ұстай 
келіп: «...Құнанбай тұлғасы бір өлшеммен келуді азсы-
натын, әр қырынан, әр түрлі ыңғайда сараптауды талап 
етер елеулі құбылыс екенін танимыз» дейді. Сондай-ақ, 
«Құнанбайдың Қодар талқысы туралы күңгірт бейуақ-
тағы әңгімеге жолдан шаршап келген, ана көкірегін иіс-


150
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
151
кеп, мейірі қанбаған ұлын әдейі шақыруы тегін емес. 
Мүмкін, уақыт, болашақ ұрпақ алдында өз үкімінің 
қаталдығынан ақталуы шығар. Үкімінің хақтығына 
сенімі шығар. Бірақ шығармада осы көңіл-күйлердің 
бір ғана жағы: баласын өз досы мен қастарының аужа-
йын түйіп, ел дауы мен шарына көз үйрете беруін қалау 
ниеті бой көрсетеді», деп жазады. Зерттеуші шығар-
мадан көпшілік қауым «Құнанбай бейнесін бір жақты 
ұғынып келгені өтірік емес» екенін байыптай отырып, 
Әуезов суреттеуінде «ешбір ғайбат сөз, ашық айыптау 
аңғармайсыз» деп түйеді. Ал, Қодар оқиғасының шын-
дығы екіталай екені айтылып жүр. Ал, зерттеуші Абай 
әкесінің баласы «көп алдында көлденеңдегені үшін на-
разылық» танытып айтқан сөздерінде «өкініш те, кісілік 
те, асқан сыншылық та, ғаламат сезгірлік те бар» екенін 
аңғартуы да Құнанбай бейнесін жаңа қырынан тануға 
бастайды емес пе?
Түптей келгенде, зерттеуші Әуезов эпопеясынан 
«таза психологиялық шығарма рухын» тұйық психо-
логизм мысалдарынан айрықша танытып, соңғы кітап-
тарында аналитизм элементтерінің драматизммен аста-
сып жатқанын байыптайды. Жалпы, Б. Майтановтың 
Әуезов суреткерлігі жайлы зерттеулерінің қайсысы да 
жаңаша пайымға, кең танымға құрылады. Зерттеушінің 
соны пайым, тың идеяларының қайсысы да шәкірттері 
әрі қарай дамытып, жаңғырта жазып кетуге бейім тұ-
рады. Оның зерттеулері осынысымен де құнды екенін 
аңғаруға болады.
Зерттеуші Б. Майтановтың «Сөз сыны» (2002) зерт-
теу еңбегі-қазіргі заманда ғылыми өзекті болып та-
былатын әдеби шығарманы мәдениеттану, психология, 
нарратология, семиотика сияқты пәндер тоғысында 
зерттеудің айқын үлгісі. Ал, ғалымның «Модернистс-
кие и постмодернистские тенденции в современной 
казахской прозе» (Мәскеу, «Русская словесность в ми-
ровом культурном контексте» атты Халықаралық конг-
ресс, 2004; Каунас, 2007), «Этнопсихологизм портрет-
ного дискурса» (Новосибирск, ғылыми жинақ, 2007),
«Аңыздың ақыры: мекеншақ пен семиозис» («Қазақ 
әдебиеті», 2009), «Абай жолы» және тәуелсіздік рухы: 
«еркіндік» архетипі» («Ақиқат», 2010) атты т.б. мақа-
лалары филология ғылымдары әдіснамасы көкжиегін 
кеңейткен архетиптік талдау, семиотикалық талдау 
секілді жаңа парадигмаларға серпін берген ғалымның 
жаңашыл танымын айғақтайды.
Майтанов зерттеулеріндегі жаңашыл сипаттарын 
сөз еткенде ауызға алмай өтуге болмайтын бір еңбегі- 
«Пейзаждың көркемдік семантикасы» (2010) деп ата-
лады. Бұнда С. Сейфуллин, З. Шашкин, Х. Есенжанов, 
Ә. Нұрпейісов т.б. қазақ жазушыларының шығарма-
ларындағы пейзаждың көркемдік функцияларын жаңа 
қырынан бағамдайды. Фольклорлық дәстүрдегі ланд-
шафт пен кейіпкер бейнесін берудегі тәсілдерді айта 
келе: «Ал тарихи-революциялық тақырыптың алғашқы 
дәуірлердегі жемісі – С. Сейфуллин шығармасынан Ә. 
Нұрпейісов трилогиясына дейінгі аралықта бұл амал 
әрқилы вариациялардан өте тұрып, күрделілене, шың-
дала түсіпті» деген қорытындыға келмес бұрын зерт-
теуші пейзаждың семантикалық структурасына терең 
талдау жасағаны айқындалады. 
Б. Майтановтың отандық және шетелдік халықара-
лық ғылыми форумдар мен конференцияларда жасаған 
сандаған баяндамаларын айтпағанда, әрқилы маңызды 
басылымдарда әр жылдарда жарық көрген шоқтығы 


152
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет