114
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
115
серпілте сөйлеп, күмәнсіз сендіре білген қызыл тілдің
шебері, айтыс-тартыста озып шыққан жүйелі сөздің
жүйрігі, тайынбай, тайсалмай шындықты, әділетті жақ-
таған абзал азамат ...» /1,321/. Осылайша ол Қазыбек
бидің шешендік тұлғасын сипаттайды. Қазіргі компь-
ютер, интернет заманында алдындағы студент шәкірті
үшін өз жанынан жанып сөз шығарып, бар білімін жа-
йып салып, оқулық жазар Ханғали текті еңбекқор ұс-
таз-ғалымдар азаймаса екен дейміз?!..
Қорытып айтар болсақ, біз филология ғылымдары-
ның докторы, профессор, айтулы әдебиет тарихының
зерттеушісі Ханғали Сүйіншәлиевтің ғалымдық, ұстаз-
дық келбетін және қазақ әдебиеті тарихын, қазақ шешен
билерінің шығармашылығын зерттеуге қосқан үлесін,
оның әдебиет тарихын зерттеудегі әдіснамаларынан
үйрену қажеттігін аз да болса сөз еттік. Оның көптеген
зерттеу көздеріне бағыт сілтеуі де шексіз еңбекқорлы-
ғын танытатын өнегелі ісі. Әсіресе, оның авторлы ауыз
әдебиетінің өкілдері – жыраулар мен ақпа-төкпе ақын-
дар, би-шешендер шығармашылығының әдебиет тари-
хындағы орнын айқындауы ұлттық әдебиетіміз үшін
аса маңызды екенін айтуға тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: