Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет61/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
211
алдық-Р.Ә), – деп ұлы дарын хақында тұғырлы тұжы-
рым жасайды. Бальзактың жазу мәнерінің құпиясын 
ешқашан айтылмағандай аңсармен жеткізеді. Оқыр-
ман өзін жазушы лабораториясына еніп кеткендей сезі-
неді. Одан қалай жазуды үйреніп жатқандай болады. Қ. 
Мәдібай аталған мақаласында: «Қазақ әдебиетінде кең 
тынысты роман ауқымына тартып, адамды оның орта-
сымен астастықта аялап айтқан туындылар бар»,- дей 
келіп, М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын, Ә. Нұр-
пейісовтің «Қан мен тер» трилогиясын Бальзак туын-
дыларымен теңдес, өрелес қарап, оқшау-оқшау озық 
сипаттарына қанықтырып, сұлу өрілген сүмбілдей 
сөздерінің айшықтарына көз қарықтыражазады. Дана-
лық пен даралық мәнердің шексіз шеберлігіне қайран 
қалдырады. Өз дәуірінің ақиқатын ақтара жазып, ке-
мел суреткерлік шеберлікке психологизм арнасынан 
жол іздеген замандасы Жұмабай Шаштайұлының «Аяз 
би» романын «қазақ романдарының тұтас шоғырында 
қазіргі заманғы романның әлеуметтік-психологиялық 
үлгісін дарытуда кеңістік аша келген туынды болды» 
деп бағалайды. 
Бүгінде көрнекті әдебиеттанушы, сыншы Қ. Мәді-
байдың «Қолтаңба» деп аталатын еңбегінде М. Әуезов, 
Х. Сүйіншәлиев, Р. Нұрғали, Б. Т. Кәкішев, А. Қырау-
баева, С. Қирабаев, Н. Келімбетов Майтанов, , М. Мыр-
захметовтен бастап А. Ісімақовадейінгі ғалымдардың 
ғылыми портреті жайлы мақалалары жинақталды.
Ал, филология ғылымдарының докторы, профессор-
Қанипаш Қайсақызы Мәдібай өзі зерттеп-зерделеген 
ғылыми еңбектерінің негізінде көптеген оқулықтар 
мен оқу құралдарын, монографиялар жазды. Дегенмен, 
ғалымның 1993 жылы Кәмел Жүністегімен бірге құ-
растырған «Шортанбай жырау» атты жинаққа жазған 
алғысөзіндегі салиқалы пікірлерін аттап өтуге болмас. 
Бұнда да, ол М. Әуезов «зар заман» деп атаған дәуірдің 
өкілі Шортанбай ақынның өлеңі сан мәрте уақыт тара-
зысына тартылып, «шын салмағы уақыт таразысының 
өлшем мөлшерінен ауыр түсіп» жатқанын бағамдайды. 
Қ. Мәдібайдың студент-шәкірттерге арнап жазған 
ғылыми еңбектерінің бірі – «Зар заман ағымы» (1997) 
аталатын оқу құралы. Бұл еңбекте ғалым М. Әуезов 
еңбегіне сүйене отырып, «зар заман» деген бағыттың 
неден басталып, немен біткенін былай түйіндейді. В.В. 
Радлов, Лютшь, Ы. Алтынсарин басылымдарындағы 
Шортанбайдың «Зар заман» толғауын сөз етеді. Шор-
танбай сынды басқа да зар заман ақындарының ғибрат-
тарына философиясына ой жүгіртеді.
Профессор Қ. Мәдібай «XIX ғасырдағы қазақ әде-
биеті» (2001) атты оқу құралында аталмыш тарихи 
дәуір әдебиетін зерттеп-зерделеудегі мақсатын айқын 
танытады.Ол ең алдымен, Х. Досмұхамедұлының, М. 
Әуезовтің, С. Мұқановтың XIX ғасырда жазба әде-
биеттің тууы жайлы тұғырнамаларынан бастау алған-
дығына көз жеткізеді. Алайда, автор өз зерттеуіне XIX 
ғасыр әдебиетінің болмыс-бітімін, бағыт-бағдарын, 
көркемдік құндылықтарын зерделеген еңбектерді әдіс-
намалық негіз етіп алады. Зерттеуші: «XIX ғасыр әде-
биеті сол дәуірде жасаған әдеби жанрларды саралауға, 
көркемдік-саяси ағым, бағыттарды қарастыра, айқын-
дай түсуге әлі де зәру»,- деп жазады. Әйтсе де, бағалау-
ды бағалаудың оңай болмасы анық, Қанипаш Мәдібай-
дың ғалымдық қарымы, сарапкер сыншылық қабілеті 
осы орайларда айқын төбе көрсетеді.


212
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
213
Қ. Мәдібайдың «Тұрсынбек Кәкішұлы – сәкентану-
шы» (2007) атты көмекші оқу құралы қазақ әдебиетінің 
тарихы мен сынына қатысты пәндерді немесе сәкен-
тану курстарын ғана оқытуға қажетті еңбек қана емес, 
ғылыми тың толғамдары мен жаңашыл тұжырымдарын 
шымыр да шырайлы тілмен студент-шәкірттері жүрегі-
не шым-шымдап жеткізе білетін әдіс-тәсілімен де ерек-
шеленетін еңбек деуге болады. Шәкірттің ұстаз туралы 
толғауы, ғалымның ғалым туралы сара көңіл, зерек зер-
десінен туған саңлақ толғау-толғамдары десек те жара-
сады.
Өткен жылы Қанипаш Мәдібайдың «Қазақ әде-
биетінің жауһар ғасыры» (2013) атты монографиясы 
жарық көрді. Еңбек авторының «қазақ әдебиетінің 
жауһар ғасыры» деп атап отырғаны – XIX ғасыр. Өйт-
кені, XIX ғасыр әдебиеті саяси-тарихи астары қалың 
тәуелсіздік үшін күрес әдебиеті болуымен бірге әдеби 
дамудағы азатшыл, жаңа бағытты айғақтайтын Ма-
хамбет, Ыбырай, Шортанбай, Дулат сияқты зар заман 
ақындарын, Абай сынды жазба әдебиет алыбын туды-
руымен ерекшеленеді. АвторXIX ғасыр әдебиеті жай-
лы байламдарды әдеби-сыншылық сорабынан өткізіп, 
жинақтап, жүйелейді. Әрине, бағалауды бағалау, таны-
лымды таразылау көтерер жүгі мол, бейнетті іс.
Биылғы жылы Қанипаш Мәдібайдың құрастыруымен 
«Ана тілі» баспасынан XIX ғасырда өмір сүрген зар за-
ман поэзиясының көрнекті өкілі Шортанбай Қанайұ-
лының (1818-1881) шығармалар жинағы жарық көрді. 
Бұл еңбекті ғылым мен білімнің ғана емес, көпшілік 
оқырманның да игілігіне жарар басылым деуге бола-
ды. «Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі» (2007), 
«Өрісті өнер» (2014) атты оқу құралдары мен қазақ әде-
биеті тарихын оқытуға арналған «Абайтанудағы жаңа 
бағыттар», «Махамбеттану», «Сәкентану» тағы басқа 
да авторлық курстарын әзірледі. Бұлардың қай-қайсы-
сы да ғалым-ұстаздың көз майын тауысқан түгесілмес 
төзімі мен қажырлы ізденістерінің айғағы екені мәлім. 
Қанипаш Мәдібайдың ғылым мен әдебиет ісіндегі 
жанкештілігін, шәкірттері алдындағы ұстаздық жауап-
кершілігі мен оларға деген тәлімгерлік сүйіспеншілігін 
өзінің алдында ҚазҰУ-де ұстаздық еткен, көрнекті ға-
лым Алма Қыраубаеваның өнегесіне ұқсатуға болады. 
Бүгінгі таңда Жетісу өңірінің түлегі Қанипаш Қайса-
қызы Мәдібай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни-
верситетінің профессоры, филология ғылымдарының 
докторы, ЖОО-ның оқытушыларына ҚР БжҒм тарапы-
нан жыл сайын берілетін марапатының –«2012 жылдың 
жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының 
иегері, ҚазҰУ-дің 75 жылдығы мерекелік медалінің 
иегері, көрнекті әдебиеттанушы, сыншы. Университет-
те «Ай-Ару» студент-қыздар орталығының жұмысы-
на жетекшілік ете жүріп, «Ай-Ару» әдеби-танымдық 
журналын шығару арқылы оларды шығармашылыққа, 
тарихымызды танып, дәстүрімізді сақтауға баулиды. 
Қанипаш Қайсақызы Мәдібай- ардың ісін аялаған аяу-
лы жан, ардақты ана. Ол өз отбасында білімді заңгер 
маман Рүстемдей ұл өсіріп, Сардардай сүйкімді неме-
ре сүйіп отыр.. Ардың ісін аялаған күндердің азабымен 
бірге аппақ шуағы болатынына ол сонау балалық шағы-
нан қалтқысыз сенген еді..


214
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
215


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет