216
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
217
хан Сейітханқызының үздіксіз ізденісін, еңбекқорлық қа-
сиетін таныта бастады. 2005
жылы әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің Ғы-
лыми кеңесінде «Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы
теориясының лингвистикалық негіздері» атты докторлық
диссертациясын қорғады. Оқулық теориясын жазуына
мұрындық болған ғылыми кеңесшісі көрнекті лингивист,
профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменованың ұстаз-
дық қамқорлығын, жолбасшылық еңбегін Зейнехан Сейіт-
ханқызы әрдайым жылы лебізбен әңгімелейді.
Тіл үйрету әдіскерлік шеберлікті терең меңгергенде
ғана өнерге айналатынын, ана тіліміздің мемлекеттік мәр-
тебесі асқақтайтынын профессор З. Сейітханқызы ертерек
сезінді. Оқытушының аудиторияға кіргенде алып кіретін
материалдарының әдіскерлік әлеуетіне,
ғылыми-иннова-
циялық ерекшеліктеріне терең мән арта бастады. Бұл ұс-
таз-ғалымды оқулықтар мен оқу құралдарын, сөздіктерді
үздіксіз жазуға мәжбүр етті. Өйткені, сол кезеңдегі өзге
ұлт аудиториясына арналған кейбір еңбектер уақыт та-
лабына жауап бере алмайтын еді. Десек те, тіл үйретудің
дәстүрлі әдістері болғанмен,
қандай тиімді әдіс-тәсілдер
болсын қашанда уақыт талабына сай жаңғыртып отыруды
қажет ететіні анық. Осы мақсатта Зейнехан Сейітханқы-
зы 1996-2001 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті қазіргі шығыс тілдері кафедрасының доценті
қызметінде жүріп, мамандыққа қатысты «Қазақ тілі (ха-
лықаралық қатынас факультетіне арналған) оқу құралын»
(Алматы,2-ші басылым, 2008), «Дипломатия: оқу құра-
лын» (Астана: «Елорда», 1998. Бірлескен авторлықта),
сондай-ақ «Қазақ тілі ( бастапқы деңгейде оқытуға арнал-
ған) оқу құралы»( Алматы, 2005.), «Қазақ тілі практикумы
жаттығулар жинағын» ( В1, В2 деңгейге арналған. Астана,
2010.), «Қазақша сөйлейміз» сөйлеу жаттығуларын (Алма-
ты, 2010.), «Қазақ тілінің экономика факультетіне арналған
оқу құралын», (4 – ші басылымы. Алматы, 2011.), «Қазақ
тілінің гуманитарлық факультетке арналған оқу құралын»
(2-басылымы. Алматы, 2011.) және осы типтес көптеген
еңбектермен қоса, «Қазақстан республикасының мемле-
кеттік стандарты (Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері А1, А2, В1, В2, С1» ( Астана, 2009
жыл) атты сүбелі еңбектерін жазуы ереше ғалымдық қа-
рым мен табандылықты талап еткен еді.
2010 жылдан бастап Назарбаев университеті Гумани-
тарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (SHSS)
қауымдастырылған профессоры қызметіне ауысқан З.С.
Күзекова аталған университеттің халықаралық деңгейдегі
беделін арттыру бағытында
тың ізденістерге жол ашып
келеді. Көптеген оқулықтарында грамматика функцио-
налдық аспект негізінде жазылды, бұл ғалымның ұзақ уа-
қыт бойы қузап келе жатқан ғылыми мәселелерінің бірі,
әрі тіл үйретудегі өнімді тәсіл болып табылады. З. Күзе-
кованың «Қазақ тілінің функционалды практикалық грам-
матикасы: жоғары оқу орындары филология факультетінің
студенттеріне, оқытушыларына, ізденушілеріне арналған
оқу құралы» (Астана, 2015 ) осы бағдарда жазылған тың
еңбегінің бірінен саналады. З.С. Күзекова оқулықтарының
құрылымы тіл үйретуге ғана емес, қазақ тілін екінші тіл
ретінде үйренушіге ұлттық
құндылықтарымызды таны-
туға бағытталуымен ерекшеленеді. Ұстаз-ғалым өз тәжі-
рибесінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен шетелдік
студенттердің де тілін сындыруға барынша күш салады.
Алайда, тіл үйренуге деген құлық болмаса, барлық, әдіс-
тәсілің де зая кетері рас. Дегенмен, қазақ тілінің мемле-
кеттік мәртебесі орнығып, тіл үйренгендердің қатары бұ-
рынғы жылдардан әлденеше есе өскені әмбеге аян десек
болады. Сондықтан, тілші-ғалым тіл үйренушіні қызық-