Жауһардай сый
Ф
араби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, әдебиет
сыншысы Қанипаш Қайсақызы Мәдібайдың
«Қазақ әдебиетінің жауһар ғасыры» атты монография-
сы жарық көрді. Еңбек авторының «қазақ әдебиетінің
жауһар ғасыры» деп атап отырғаны – XIX ғасыр. Өйт-
кені, XIX ғасыр әдебиеті саяси-тарихи астары қалың
тәуелсіздік үшін күрес әдебиеті болуымен бірге ауыз
әдебиетінен жазба әдебиетке ойысу кезеңіндегі қисса
өлең, тарихи жыр, төлтума сипаттағы дәстүрлі ән өлең,
айтыс өлеңнің жанрлық түрлерін, сондай-ақ ,әдеби да-
мудағы азатшыл, жаңа бағытты айғақтайтын Махамбет,
Ыбырай, Шортанбай, Дулат сияқты зар заман ақында-
рын, Абай сынды жазба әдебиет алыбын тудыруымен
ерекшеленеді.
Автормонографияда тұғырлы тұжырымға келу үшін
аталмыш ғасыр әдебиетіндаму бағыттары және таны-
лым өрісі тарапынан қарастырады.Өйткені, XIX ғасыр
әдебиеті бұрыннан зерттеліп-зерделеніп келе жатқаны
белгілі. Сонау А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Х. Досмұ-
хамедұлынан бастап Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиевтен
Қ. Өмірәлиевке дейінгі және одан кейінгі зерттеуші-
лер шоғырын айтсақ та жеткілікті. Демек, XIX ғасыр
әдебиетінің танылым өрісі өте кең, ұланғайыр деуге
болады. Автор сол ой-танымдардың, бағалаулар мен
тұжырымдардың қай-қайсысын да шеткері қалдыр-
май,әдебиеттанудың жаңа бағыттары тұрғысынан зерт-
тейді. Әдеби-сыншылық сорабынан өткізіп, жинақтап,
жүйелейді. Тіпті осы бағыттағы қайшылықты жай-
ларды жаңаша көзқарас тұрғысынан бағалайды, соны
қырынан танып, талдайды. Әрине, бағалауды бағалау,
танылымды таразылау көтерер жүгі мол, бейнетті іс.
Сондықтан зерттеуші Қ. Мәдібайдың «танылым өрісі»
деген терминді қолдануының ғылыми құндылығы зор
деуге болады.Автордың айтуынша, XIX ғасырдың қа-
зыналы қойнауындағы әдебиет жауһарларының поэти-
калық ерекшеліктері, әдеби мектеп дәстүрін ғылыми
негіздеу мәселесі, тіпті кешелі-бүгінгі Махамбеттану,
Абайтану мәселелері әлі дежинақтай жүйелеуді қажет
еткені анық.
Расында, сыншы ғалым Қ. Мәдібайдың «Қазақ әде-
биетінің жауһар ғасыры» атты монографиясы әде-
биеттану ғылымына қосылған қыруар олжа ғанаемес,
бүгінгі білім жауһарын іздеген жастарға жауһардай сый
болары даусыз.
МС
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
247
Достарыңызбен бөлісу: |