Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет78/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
277
Қазіргі заманның малшыларының білімі анау-мынау 
«оқығандардан» кем болмаса ше?
– «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дейік. Менікі жай әзіл 
ғой. Әйтпесе сізді осы сайын даланың падишасы дер 
едім, – деді жымиып.
– Қойыңыз, ағасы, бүкіл даланы маған бас идіріп 
қойдыңыз-ау, лезде-ақ. Бағындырсам бір отарды ғана 
бағандырып жүрмін. Ол да уақытша.
– Қазір көмекшімін-ақ деңіз, ертең нағыз шопан бол-
масыңызға кім кепіл?!.. 
Бәрменнің мына сөзіне қыз жаны жылып қалды. Қа-
раңғылық бүркеген Бәрменнің кескіні қызға ұнамды 
көрінді. Үстіндегі торкөз ақшыл жейдесін батырлар 
киетін ақсауытқа ұқсатты ма-ау.. Тікірейген кірпі шашы 
да әлдебір күш-жігердің белгісіндей сезілмесі бар ма.. 
Еңсесі биік ер адамның кескінінен жабырқау көңілі 
жылылық іздеп аласұрғандай күйге енді. Сол сәтте 
жігіттің жүрегін өз жүрегіне балап, оны да бейкүнә етіп 
көрсеткен бір сиқырлы сезім, өз жүрегінде әлі де сейіле 
қоймаған бала сезім, дүниенің бәрін бір өңге бояп қана 
көрсететін көгілдір сағым сезім екенін Ақбұрым аңда-
маған еді.
Жігіт те Ақбұрымның әрбір сөзінен сыр тартып, 
оның кеудесіне құлаған қос бұрымына ұрлана қарай 
берді. Сол құлаған қос бұрымда өзгеше салмақтылық, 
тұңғиық көздерде қалың мұң бар екенін сезбей қойған 
жоқ. Қыздың әрбір демінен ескен кіршіксіз таза леп 
Бәрменді сол сәтте дір еткізгені рас. Кеше ғана махаб-
бат жырын оқыған балғын қыз өзін Жібекке, мұны Тө-
легенге теңесе несі айып?!
Бәрмен әлдене уақытта Бозшұбарға көз сүзген қы-
зылқасқасын бүйірден тебініп қалып, қыз қолындағы 
қамшыға қол созып:
– Тобылға сапты ма?-деп көріп тұрса да, көрмегенсіп 
сөз иінін жалғағысы келді.
– Жоқ, елік сирағынан. – деп ұсына берген қыз қолын 
сыртынан сипай ұстап, қамшыны ұзақ қарады. Сол сәт-
те Бозшұбар иесін қызғанғандай бүкіл денесін сілкілеп 
қалды. Сосын, жорықтан қалып бара жатқандай тыпыр-
шыды. Ең әуелі жігіттің қызылқасқасына айбат қылып, 
екі аяғын аспанға көтере кісінеді. Қызылқасқа да құла-
ғын қайшылады. Екі жануар бір кезде ымыраға келген-
дей меңіреу даланы бастарына көтере кісінесті. Жылқы 
баласы кісінескенше...деген осы-ау.
Қыз бен жігіт жарыса шауып барып, бытырап бара 
жатқан отарды асықтай иіргенде жұлдыздар жанды. 
Сұлтан шал мен кемпірінің даусы:
– Ақбұрым!
– Ақаш! Ақаш-ай!
– Көріскенше, қадірлі қарындас!-деді жігіт қараңғы 
кеште қыз сымбатына ұрлана қарап.
– Көріскенше!-Қыз Бозшұбарға қамшы басып, меңі-
реу даланы дүсірлете шауып өтіп, отарды қараша үйге 
қарай маңытты.
Әлгінде жүрегін әлдебір отты сезім осып өткені анық. 
Балғын жанында бұрын байқалмаған бұлқыныс бар. 
Күні бойы шаршағаны да ұмыт. Өзінің заты әйел екенін 
тұңғыш рет сезінді. Бұл қыз-ғұмырдың заңды өзгерісі 
екен де.. Бұдан кейінгі күндердің қызығы өз алдына. 
Махаббат әуеніне толы жайлау күндерінде есеп болған 
жоқ. Көк өзеннің жағасында отырып айтқан жігіт сыры 


278
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
279
қыз жүрегіне бойлай берген, қыздың тұңғиық жанары 
да жігіт жанын тереңіне батырған.
Қыздың бұрымын саусағымен тарамдап отырып, 
жігіт шын сырын жайғандай:
– Ақаш, екеуміз де әке-шешеден тұл екенбіз. Бас 
біріктіріп, иесіз шаңырақтарға шырақ жағалық.
Бұл сөзді Ақбұрым іштей құптаса да, сыр берместен:
– Мендік арман әлі орындалған жоқ,-деп еді, жігіт бір 
сәт тіксініп қалды да, сендіре сөйледі:
– Арман бірден орындала қоя ма? Бәрі бірте-бірте.. 
Кейде арманның жақындаған сайын алыстай түсетіні 
бар. Білем, шопан болғың келетін шығар. Болсаң, несі 
бар. Келесі жыл Сұлтан шал пенсияға шығам деп жүр. 
Бас біріктіріп, бір отарды қолға алу қиын ба?...
– Мен – инженер, сен – шопан...Инженер мен шо-
панның арасы алшақтау емес пе? Транзистордан күнде 
айтылатын әлгібір қырғыз әніндей: «Мен –жылқышы, 
сен – шопан» десек бір жөн-ау!? – деп күлді қыз.
– Мамандықта тұрған ешнәрсе жоқ, татулық пен ма-
хаббат болса.. – деп сендіргендей еді жігіт.
Бұлардың осындай жарасымын, небір нәзік сырлары 
мен сезім күйлерін сыбырласқан ну қамыстар тына қа-
лып тыңдайтын. Ағысы асау өзеннің бұйра толқындары 
талай сырды бөктеріп ала қашқан. Алысқа алып кеткен 
жоқ.
Келесі жылдың жазында ну қамыстың саясында сы-
бырласқан екі жас пәктігі мен жастығын мәңгілікке жо-
ғалтып алды да, мәңгілікке бірігіп іздемекке бел буған-
ды.
Неге екені беймәлім, Сұлтан шал сол жазда зейнетке 
шықпақшы еді, олай етпеді... 
***
Көрші ауылға келін болып барған Ақбұрым арманы 
алыстап кеткенін сезбеп еді. Үйелмелі-сүйелмелі екі 
балаға ана болған соң, от басынан ұзай алмады. Сол 
ұзамағаны тұзақталғаны екен.
Бүгін де Бәрмен үйге түнеріп кірді. Шешесінің етегі-
не үйіріліп мәз болысқан екі баланы:
– Немене, шешелеріңнің мәуесі үзіліп тұр ма, өшір 
дыбыстарыңды, – деп зекіп тастады.
Бұл құбылыстың жайын Ақбұрымға Балқыш қара те-
лефон арқылы баяғыда-ақ жеткізген. «Қыз-ау, бір кү-
йеуіңе ие болмай қайда жүрсің? Құдайдың құтты күні-
не көрші ауданның дүкеніне барам ғой.. Зылиха біздің 
ауылдан бекер кетпепті. Екеуі енді арбасып тұрғаны. 
Сайқал неме, майлы ішекше айналдырып алыпты. Ша-
шын жұлмайсың ба, ұябұзар албастының!» деген сөзді 
естігенде сенер-сенбесін білмей дағдарып қалып ақы-
рында: «Өзі жаққан отты өзі сөндіргісі келсе қайтеміз», 
– деп Балқышқа сыр бергісі келмеді.
Екі балалы болғанша шырқы бұзылмай келген тату 
тіршіліктің бүгінгі сиқына Ақбұрым аң-таң. «Шөлмек 
мың күнде емес, бір күнде сынады» деген осы-ау!..Шын 
сүю мен жай ғана ұнатудың арасын бағамдай білмеген 
сол бір кезде жабырқау жүрегіне жұбаныш қана тіле-
ген балғын кезін өкінішпен еске алды. Бұндай өткінші 
сезімнен гөрі шынайы махаббат тілесеші сонда.. Еңбек 
етпеді дей ме?.. Сыбай-салтаң кезінде ел қатарлы қара 
жұмыс та істеді. Алғаш отау тіккенде-ақ бір отар қойды 
алдына салмақшы еді. Бәрменнің « қойыңды қоя тұр. 
Менің табысым да жетер. Үй ішін реттеп ал...» дегеніне 
көніп қалған. Келесі жылы сәбилі болды. Сонда таға-
тын кінәсі қайсы? Арманын аяқасты ғып бас біріктір-
гені ме, өзім секілді жетім ғой деп аяғаны ма?(Аяған-


280
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет