270
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
271
Жұрттың қызы мұғалім боп әке-шешесін асырап жүр
ғой» деген. Бірақ, бұл: «Негізгі ойым – шопан болу, оқу-
ды сосын көре жатармын. Мұғалім қыз көп пе, қойшы
қыз көп пе, әке?-деп еркелей сөйлегенде, не дерін біл-
мей «өзің біл, ендеше, қалауың білсін» деп басын изей
берген-ді.
Бірақ, еріксіз тастаған әке таяғын алуға ұмтылғанда,
кейбір жанашырларының «жассың, оқысаңшы...» деген
сөзі көңілін бұзған да қалаға барған. Бір емес, екі ретін-
де де жолы болмаған соң, бала арман бүгежектеп қал-
ғандай еді. Енді міне, түлеген табиғатпен бірге сілкініп
түрегелген сыңайлы.
Ақбұрым қаракөк аспандағы сырдеске жұлдыздары-
мен тілдесіп жатқандай, олардан іздегенін сұрағандай
күбір-күбір етеді. Жұлдыздар
жарығымен қызға жа-
қындағандай, қыз сыбырымен жұлдыздарға жақында-
ғандай болады кейде.
***
Көрші-қолаңды бір шарлап қайтпаса көңілі көнші-
мейтін Балқыш қара борбай баласын бөксесіне салып
жатып:
– Қыз-ай, кір-қоңды жуа сал, – деді. «Долыдан пері
қашыпты» деген. Құдықтың суы кір аша бермейді. Кір
ашылмай қалса, Балқыштың иегі дірілдей жөнелетіні
анық. Ақбұрым шелектерді мойынағашқа іліп алып,
ауыл шетіндегі өзенге беттеді.
Өзен анау белегірдің астында. Белегірге шықпасаң
оны көре алмайсың. Көлденең
көк атты бұл ауылдың
өзені бар екенін біле бермейді, биік белегірдің бауыры-
на тығылып, көздің жасындай мөлдіреп аққан бұл өзен
көрінгеннің көзіне түсе де бермейді. Еті тірі кейбіреу-
лер ғана бұл ауылда аты аңыз болған Ақсу деп атала-
тын өзенінің бар екенін біледі. Егер өмір бойы Ақсу-
дың бойын жағалап, колхоз малын баққан Сұлтан деген
шалмен әңгімелесе қалсаңыз, ол Ақсу туралы аңызды
былай баяндар еді. «Мына мен сияқты Ақсудың бо-
йын жайлаған бір байдың Ақсұлу деген қызы болыпты.
Бойжеткен шағында төрт жеңгесін ертіп Пішпек жаққа
қырғыздардың тойына барған екен. Сол тойда қыз Бега-
лы атты қырғыз жігітімен танысады. Бегалы атақты ат-
бегі екен. Сырт кескіні сұлу болғанмен, тілі сақау болса
керек. Сонысына қарамай Ақсұлу Бегалыға ғашық бо-
лып қайтады. Бегалы мұны сезбей елінде қала береді
қоштасып. Той аяқталып, Ақсұлу жеңгелерімен ауылға
қайтады.
Қыз ауылға келген соң мазаң күйге түседі. Ғашықтық
дерті асқына береді. Ақырында, бір жеңгесін қолқалап
Бегалының аман-саулығын білмекке жібереді.
Сақау
жігіт деп менсінбеген жеңгесі: «Бегалы саятшылық құ-
рып кетіпті. Ауылында жоқ» деп жалған айтып келеді.
Арада көп уақыт өтеді. Ғашықтық алапат дерт болып,
қыз екінші жеңгесін қолқалап жібереді. Бұл да алғашқы
жеңгенің жауабын айтып келеді. Ақсұлу қатты қамы-
ғып, арада жыл өткенде, үшінші жеңгесін жібереді. Бұл
да алдыңғы абысындарының жауабын әкеледі. Амалы
таусылған Ақсұлу ең кіші жеңгесіне сенім артып, Бе-
галыға деп кестелі орамал беріп жібереді. Кіші жеңгесі
де бір саусағын ішіне бүгіп, Пішпекке аттанған екен.
Бұл да Бегалының сақаулығын мін көріп, Ақсұлудың
көңілін біржола суытпақ ниетпен жалған хабар әкеледі.
Ауыл мен өзеннің ортасында Ақсұлу кіші жеңгесін
тосып алады. «Бегалыдан не хабар бар?!» деп жүрегі