274
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
275
асығыс. Асыққан сайын алыстап барады, алыстаған са-
йын шығыс шұғыласына шомып барады, шомып бара-
ды...Әне, көз талдырып көрінбей де кетті. Дара сапары
алысқа апарды ма, апармады ма, ол жағы белгісіз... Әй-
теуір, шұғыланы құшқаны анық.
Сақпаншылықтың көп қиындығы табиғаттың осын-
дай
тамылжыған шақтарымен ұштасып, Ақбұрымға
сезілмей сырғи берген.
...Бүгін сақпан аяқталар күн. Таңертеңгі дастарқан.
Ақбұрым қабағы кіртиіп, ұзақ қамығып отырып, көзіне
жас алғанда, Сұлтан шал мен кемпірі үрпиісіп қалды.
Әуелде кемпір сасып қалып:
– Атасы, құран оқып жіберші, әке-шешесі түсіне
кіріп жүр ме?-деді. Сұлтан шал құранды саудырлатып
оқып салды. Ақбұрым сәл үнсіздіктен соң ,
жасқана тіс
жарды:
– Сақпан аяқталды. Ал менің Бүркіт босағасына қай-
тып барғым жоқ.
Бұл сөзді Сұлтан шалдан бұрын кемпір құптады.
– Бармасаң бармай-ақ қойғын, қарағым. Атаң екеуміз-
ақ қой. Қасымызда бол. Бүркіт ренжісе, өзіміз жұқалап
түсіндірерміз. Алыс емеспіз біз де. Бәріміз ағайынбыз.
– Иә, иә, жақсының жаттығы жоқ. Бүркіт пен Бал-
қыш келінге өзім түсіндірем. Қолқанат балалары бар,
ренжи қоймас,-деп шал да аңқылдап қуанып қалды.
– Ақыр шопан болам деп жүрсің ғой, қызым. Келесі
жылы құдай бұйыртып, пінсияға шықсам, ақ таяғымды
өзіңе тапсырамын. Ізін басар баласы жоқ жетім шалдың
мына сөзі Ақбұрымға аянышты естілді. «Адамдар қы-
зық, – деп ойлады Ақбұрым. – бірін-бірі қуанта да, жы-
лата да, жұбата да алады. Және бірін-бірі мүсіркейтіні
тағы бар».
Ақбұрым кейде осы шалға еркелеп, қойға кетпек боп
тұрған оның қамшысын алып қоятын да:
– Ата, бүгін мен-ақ бағамын, сіз ауыл жаққа барып,
қарияларыңызбен қауқылдасып, көңіл көтеріп келіңіз,-
дейтін. Сұлтан шалдың:
– Мұныңа шүкір, қызым. Қояқ-қой, үйренген әдетім
ғой, өзім-ақ, баға берейін.-деп байбалам салғанына
көнбейтін. Бүгін де сөйтті Ақбұрым. Қашан нағыз шо-
пан болғанынша осы.
Жаздың тағы бір күні дала төсінде өтті. Бүгіндік шуа-
ғыныңсоңғысын себелеп, қып-қызыл күн балбырап ба-
тып барады. Отар бытырай жайылуда. Көк шалғыннан
тұмсықтарын айырар емес. Бозшұбар аттың үстінде
қалт етпей отырған Ақбұрым әлденеден секем алды.
Құлағына даланың түн құшағына бейімделіп сөне бас-
таған тіршілігінің ақырғы дүбірі жеткендей ме, қалай..
Батар күннің аясынан шыға қалған әлдекім желе жор-
тып келеді.
Жақындаған сайын
жалғыздың тыныс-демі анық
естілді. Енді таныды. Инженер жігіт Бәрмен ғой. Қы-
зылқасқаға қасқия мініп алуын... Жақындай беріп:
– Армысыз, аққу-қыз! – деп әзілдей амандасқан бол-
ды.
– Сау боларсыз. – Кештетіп кездескен жолаушыға
Ақбұрым таңырқай қарады.
– Аққу-қыз-ау! – деді Бәрмен мұртына күлкі үйіріп. –
Сенің құтты мекенің көл емес пе, шөлде қайдан адасып
жүрсің?
– Бір жақсысы, аққулар адаса бермейді.
Адаса қал-
са , шөлде жүріп-ақ көлде жүргендерден ажарлы көрі-
неді. Оқу оқымай, мал баққан адам сізге де ұнамай ма?