ай астындағы аққулар
әңгіме
Ж
асыл дүниені сабалаған бейбақ желдің азына-
ған зарлы үнінен еріксіз оянған қыз терезеден
сыртқа қараған. Жазғы таң да осынша сұрапыл болып
атады екен-ау: түбіт шәлінің түгіндей тұтасқан қап-қа-
ра бұлттар аспан жүзін енді ашпасқа бекіп, мәңгілікке
тұмшап алғандай. Қияңқы жел ауыл көшесінің борпыл-
дақ шаңын аспанға шашқанына мәз, жазғы жасыл дү-
ниені аяусыз сабалағанына мәз, қияңқы жел... Онымен
арпалысқан жасыл дүние! Табиғат өз бетін өзі жыртқан
сұлудай долыруда. Ал ауыл қыбыр етер емес. Жұрттың
бәрі де осынау сұрапыл таңның жүзін көруге сескеніп,
көрпе астында бұйығып жатқандай. Ата-енесінен бұ-
рын тұрып, таң атпастан күйбеңдеп жүретін ауылдың
ұяң келіншектері де бүгін ұйықтап қалған секілді.
«Япырмау, жазғы таң да осынша сұрапыл боп атады
екен-ау!» Жайма шуақ мінезбен келген жаздың бүгін
долдана қалғанына таңданған Ақбұрым таңдай қағып
тұрып қалған. Кенет әкесінің «күн шықпай жолға шы-
ғып кетейік» деген түндегі сөзі есіне түсе кетіп, көрші
бөлмеге жүгірді...
Елу жыл ғұмыр кешіп, бір ғана Ақбұрымды көрген
әке мен шеше қаннен қаперсіз ұйқыда. Ақбұрым әкесі
мен шешесінің бейкүнә бет-пішіндеріне аяй қарап,
кідіріп қалды, кіндіктен жалқы екенін ойлап, бұлардың
қартайып бара жатқанын ойлап, шаңырақ басар төл
туманың жоқ екенін ойлап... Өзегін өртеп өткен улы
сезімнен тамағына жас тығылды: «Бауырым, жарық дү-
ниеге келмеген бауырым, көп баланың бірі болып бас-
қа отауға адасып бардың ба? Неге оралмадың, табиғат
нақақтан жазалаған мына жандардың ортасына.. Әлде
маған иек арттың ба екен? Олай етсең мүлде қателес-
кенсің, бауырым. Міне, мен жиырмадамын. Бұлардан
төсегімді әлдеқашан бөлектегенмін. Бауырым-ау, қа-
рашы көремісің? Екеуі бетін екі жаққа бұрып, сені із-
деумен кірпіктері айқасыпты. Ал, сен оралмай жүрсің.
Білем, оралмайсың, оралғың да келмейді: әлдебір отау-
дың базары шығарсың...»
Ақбұрым өз ойынан өзі сескенді. «Таң атпастан жа-
мандық шакырғандай күйінгенім қай сасқаным. Қой,
бұларды оятайын. Барса да, бармаса да өздері білер..»
Қыз шешесін оң иығынан сипап оятып еркелей сөй-
леді:
– Апа, таң атты. Жолаушы жүрмек едіңдер ғой, әлде
күн райын көріп айнып қалдыңдар ма?
– Ау, қызым-ау, таң атып кеткен екен ғой.-деп шешесі
жастықтан басын жұлып алды. Бұлардың даусынан
отағасы да ояна қалған.
– Оу, жазған, жолаушы жүрмегіміз қайда?! Әйел боп
бір сергек жатқанды білмейсің, бәтшағар десе.-деп
әзілдей сөйледі асыға киініп жатып. –Таң салқынында
кеткеніміз жақысы еді.
– Шыжитын күн жоқ, әке. Сірә, бүгін бара алмассың-
дар. Пердені сырып қараңдаршы, дауыл.-деді арғы бөл-
меге кеткен Ақбұрым.
– Шынында, бүгін қоя тұрайық, әкесі. Шаң борап
тұрса, тау асуы көрінбес.-деді шешесі.
266
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
267
– Әпкемнің екі көзі төрт боп отырған шығар. Қалай-
да бару керек. Жел қойса, шаң басылар. Күн жаз ғой.-
деп өрекпіді отағасы.-Қорықсаң сен бармай-ақ қойғың,
салт атпен өзім барып қайтайын.
– О не дегенің, секемшіл кемпір мені жоқтап басың
бәлеге қалар.
Бұлар бір бітімге келе алмай жатқанда, иіліп сәлем
беріп, шегір көз қара келіншек сөйлей кірді.
– Мына желдің құтырынуын-ай. Шаң деген көз аш-
тырар емес. Қалай бүгін жүретін болдыңыздар ма?-
Абысын абысынға сұраулы кейіппен қарады.
– Күн райы болмай тұр десем, қожайын бой берер
емес. «Әпкемді көзі тірісінде көріп қалайық» дейді. Әрі
«сәл» деген хабар да жетіп отыр. Ол кемпірдің қайбір
сүйеушісі бар дейсің. Өле кетсе, бар салмағы бізге тү-
седі ғой. Жалғыз төркіні –біз.
– Бірталай жасқа келген-ау?
– Жетпістің жетеуінде ғой. Бұ дүниеден не жақсылық
көрді сорлы. Әлпештеп өсірген жалғыз ұл қарамай қа-
тын артынан қалаға кетті. Өле кетсе, бір уыс топырақ
салуға жарамас, сол шіркін бала..
Екі әйелдің асығыс әңгімесін сырттан желге шағылы-
сып жеткен отағасының даусы бұзды.
«Шешесі-ау, тездет, арба жегулі».
Ақ шәлісін асығыс жамылып жатып, отағасының
әйелі шегір көз абысынына сеніммен тіл қатты:
– Ал, келін біз келгенше қайынсіңлің қасыңда бол-
сын. Қайыным үйде болса, малды жайғай тұрар. Біз де
көп кідірмеспіз.
Ат-арбалы екі жолаушы аттанып бара жатты. Бара-
тын жерлері алыс емес – көрші колхоз. Екі араны бөліп
тұрған асу ғана. Әйтпесе, екі колхоз жалғасып жатпақ.
Тек сол...Сағымтаудың асуы ғана айырып тұрған. Тек
сол ғана..
– Әй, бойжеткен, бұралмай кір үйге. Немене, әке-ше-
шең Меккеге кетіп бара ма, сонша қарадың соңынан,-
деген қалжың-шыны аралас шегір көз жеңге Балқыш-
тың сөзінен кейін Ақбұрым іргелес тұрған оның үйіне
бұрылған.
Есіктен бас сұққанда арақ пен темекінің ащы иісі
мүңк етті. Төргі бөлмеде үй иесі Бүркіттің қасында
екеу отыр. Бірі – көрші ауданнан инженер болып келген
ашаң жүзді, кірпі шашты Бәрмен деген жігіт те, бірі –
осы ауылдың табақ бет сары тракторшысы. Табақ сары
– «жан достарының» қойған аты. Бүркіт пен табақ сары
құзғын сәріден әлденеге даурығып, қызылөңеш болып
жатқан жайы бар. Еңсесі биік, ірі денелі, орақ мұрын,
қысық көзінен қулығы танылып тұратын Бүркіт өз тұр-
мысына онша-мұнша пайдасы тиіп жүрген екі қонағы-
ның таңдайын жібітіп отырғанына мәз.
Әлдекімнен жасқанғандай дағдарып отырған инже-
нер жігіт қызға сыпайы көрінді ме, кім білсін...
Ауызғы бөлмеде шешесін жоқтап жылаған Бүркіттің
баласы. Оны жұбатып Ақбұрым тұрды. Балқыш жең-
гесі дарбаза аузында көрші-қолаңның біреуімен дем-
де шүйіркелесе қалыпты...Көшені жынды құйын кезіп
жүр. Әйтеуір, бұл үйде Ақбұрым ұзақ отырған жоқ.
Шаңды дауылдың азынаған үні де сәскеге жетпей ба-
сылған. Ендігі сәтте жарқын жаз момақан мінезіне кө-
шер еді. Иә, көшер еді... бірақ олай етпеді..Ендігі сәтте,
бозборан дауылдың ұлыған үні өшіп, ару қыздың сың-
сыған даусы, жамағайын-көршілердің зар төккен айға-
йы жаз бейнесін жамылған ауылды түбірінен теңселт-
кендей еді. Қазақ шерін осылай тарқатады емес пе?!
268
МС
Достарыңызбен бөлісу: |