252
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
253
Әкесі күнде аулада скрипка ойнайды. Колька соның
сүйкімді бір жақсы музыкасын ұнатушы еді. Олар-
дың ауылында скрипка өзге ешкімде жоқ еді ғой: ақсак
Майсақ та
сырнайда ойнайтын, біреудің үйлену тойы
немесе қандай да бір мейрам болғанда ағайынды Коме-
диялар қолдарында сырнайы болмаса да, сөзбен айтып,
дабыл соғатын. Ал скрипканы жұрт тек кинодан ғана
көруші еді.
Колька енді үй жанынан ұзамай, ылғи әкесінің қасын-
да айналшақтап жүретін болды. Бұрын ол жақта кешке
дейін көше кезіп кететін немесе тоғанға көгергенше шо-
мылатын. Бірде Колька шомылудан кейін үйіне жүгіріп
келе жатқанда, кенет оған Джус жолыға қалды да: «Ше-
шең саған тағы да әке тауып әкеліпті, өзі Мизоновка-
дан дейді. Жалғыз емес скрипкасымен келіпті» деп қи-
қылдап күлді. Сонда Кольканың кеудесі қысылғандай
болып, қуанар -қуанбасын білмей, аулаға кірді де, те-
рек түбінде тоқтап қалды (ауыл бойынша жалғыз терек
бұлардыңауласында өсетін). Скрипканы көруге асықса
да, үйге кіруге батпады. Осылай тұра берді, тұра берді.
Үйде нәзік те көңілді музыка естілгенде ғана кірді. Жү-
рексінетін дәнеңе де жоқ еді. Стол басында Микитенко
ағай мен Христа әжей, жаңа , гүлді орамал жамылып
шешесі отыр екен және... Ол орындығымен бөлменің
ортасына жылжып отырып, скрипкасын иегінің астына
қысып алдыды да, одан қарлығыңқыраған нәзік дауыс
шығарды. Кольканы көргенде, ұялғандай болып, скрип-
касын түсірді де, сарғыш көздерімен мейірлене қарады
да: «Мен оны қадан болсада таныр едім, шешесінен ай-
нымайды» деді. Шешесі болса: «Коленька, біз саған ба-
зардан бүлдірген әкелдік. Кел, ала ғой» деді. Жағымды
сөйледі. Бірнеше күн осылай сөйлеп жүрді де, кейін-
нен Колькаға да, әкесіне айқайлай бастады... енді келіп,
тіпті крукқа да... Мейлі, әкесіне дімкәс, әлсіз қызметші
болғаны үшін ұрыссын (бірақ ол қандай ақ көңіл адам),
мейлі, Кольканы кешке дейін бір жақта безіп жүретіні
үшін балағаттасын, ал крукқа не үшін тиіседі? Ол
ешкімнің мойнында отырған жоқ. Ештеңе жемейді де,
әлі кішкентай. Ал, Колька оны Джусқа көрсетсе, шайыр
үшін ақша төлемейтін де болады.
̶ Петь, естимісің, Петь? Мен саған бірдеңе көрсетем,
тек
сен ешкімге айтпа, жарай ма?
̶ Нені?
̶ Крукты.
̶ Қандай крук?
̶ Сондай бір құсты.
̶ Соқ, өтірікті, соқ.
̶ Жоқ, шын айтам. Тек ол әлі кішкентай, бірақ өскен-
де...
Колька шыдай алмай, уйге қайтар жолда оған бәрі –
бәрін айтып берді. Ең дұрысы бұл туралы үндемеу ке-
рек екенін білседе, шыдамсыздық Кольканың тілінен
скрипкадан ысқымен музыка шығарғандай құпияны
шығарып қойды. Өйткені,
Джустың көзі жаман, көзі
тиюі мүмкін ғой.
– Ол өскенде, бүркіт сияқты, мүмкін одан да үлкен
болады, сонда... – Колька тағы не болатынын айта ал-
май, ауа жетпей мүдіріп қалды.
Міне, олар сарайға да келді. Колька құстың үрейін
ұшырмау үшін, есікті жайлап ашыңқырап, саусағы-
мен ернін басып, аяғының ұшымен бұрыштағы картон
жәшікке жақындап келді. Джус та мұрны ақырын ғана
пысылдап көріп тұр. Колька алдамапты.