Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
229
айтып, инабатпен баяндау шарт» деп кейінгі зерттеуші-
лерге бағыт-бағдар да береді.
Шортанбай өмір сүрген заман ұлтымыздың орыс
патша отаршылдығының езгісіне түсіп, шовинизмнің
жан төзгісіз тұрпайы әрекеттерімен бет-бет келген
тұсы болатын. Шортанбайдың «Зар заман» өлеңінің
осы тұста туып, Шортанбайша заман зарын айтқан
ақындардың «зар заман ақындары» аталғаны әдебиет
тарихынан белгілі. Шортанбай өз заманының зарын ай-
тып, тығырықтан шығар жол іздеп қана қоймай, «Ке-
лер заман сипатын» да көрегендікпен болжайды. Осы
өлеңіндегі «Балаңды алар солдатқа...» және «Ақша де-
ген мал шығар...» деген жолдар Шортанбайдың уақыт
тамыршысы екенін айғақтайды. Белгілі ғалым Мүбарак
Үмбетаев қырғыз-қазақ поэзиясындағы зар заман сары-
нын сөз ете келіп: «Өзегін өкініш өртеген Шортанбай
Қанайұлы мына заманда жалған сөйлеушілер, арамды
адал көретіндер, досына қастық қылатындар көбейді,
бала атаға қарсы шығып, қыз анаға қарсы шығып, жасы
үлкенді сыйламайтын масқаралар пайда болды, «Ақыр
заман таянды» десе, Қалығұл Байұлы өз кезегінде қыр-
ғыз ішіндегі жайсыздықты термелеген» деп олардың
ақырзаман көріністерін ашқан суреткерлік шеберлік-
терін танытады. Ғалымның пайымдауынша, зар заман
ақындарының қай-қайсысы да кесапатты туғызушылар
– жат жұрттық отарлаушылар екенін ашық айтып, зар
заманның ақыры – ақыр заман екенін ұқтырады. Шы-
нында, Шортанбай кейіптеуіндегі зар заман адамы:
«...Қолында тұрып ұрлығы,
Мойныңда тұрып зорлығы,
Ойында тұрып жалғаны,
Көңілде тұрып арманы,
Баласын беріп моллаға,
Көңілін беріп аллаға,
Дүнияға көңіл жұбатты...
Залым туған сұмырайлар
Осылайша жеңіп тұр.
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Аласұрып өліп тұр...
Бұл заманның адамы,
Ұстасады көре алмай,
Аз болса бөліп бере алмай
Шындық кетті қазақтан,
Ант сөзіне сене алмай»,
– деп суреттеледі. Кенеуі
кеткен кемшілік қай заманда да табыларына бақсақ,
Шортанбай өлеңдерінің өміршеңдігінің сырына тағы
да қаныға түсеміз.
Әдебиетіміздің айтулы тұлғасы Т. Кәкішевтің: «Шор-
танбай жырларын ойлана оқып, көңілге тоқығандар та-
лай шұрайлы да қомақты ойларға, түйінді тұжырымдар-
ға кезігіп, шынайы адамгершілік жолын іздеген үлкен
дарын екендігін көреді» деген тұжырымының ақиқат-
тығына көз жеткіземіз. Алайда, замананың ұлы жыр-
шысы Шортанбай Қанайұлының өнерпаздығы жайлы
өресі биік ғылыми толғамдарға ой тоқтатқанымызбен,
ақын өлеңдерін өз қолымызға алып, поэзия шыңырауы-
на шым бойлаудың бақытын сезінудің мүлде басқа дү-
ние екенін ұмытпайық, қадірлі оқырман!
Сөз мәдениеті – мәңгілік ел мерейі
Қазіргі уақыт туралы айтқанда, Елбасымыздың өзі
де аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп отырғанымызды
ескертеді. Дегенмен, қай заманда да халқымыздың ұл-
тын сүйген ұлы перзенттері елі мен жерін көзінің қа-
230
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
231
рашығындай қорғап, сақтап келді. Осы ұлы дәстүрді
ұстараның жүзіндей қылпылдаған жаһандану зама-
нындағы талай-талай «тар жол, тайғақ кешулерден»
аман-есен алып өтіп, сақтап қалу да жанкештілікті қа-
жет етеді. Жан-жақтағы «көршілерінің» бірін алдап,
бірін арбап жүріп ел қорғаған Абылайдың ақыл-айла-
сы да, даналығы да қаһармандықты қажет екені анық.
Елдік егемендігімізді баянды етіп, бүгінгі Қазақстанды
әлемге танытып, сонау ежелгі замандағы Тоныкөктей
батыр бабамыздың мәңгілік ел туралы арманын қазіргі
ел экономикасы мен мәдениетінің темірқазығына ай-
налдырып, өркениетті ел болудың нақты бағдарлама-
ларын белгілеп берген Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаев диірменнің тасындай шыр
айналған шырғалаң уақытта қандай жағдайларда бол-
масын төзімділік танытар болсақ, алмайтын асу жоқ
екенін әмісе санамызға сіңіріп келеді. Рас, өтпелі қиын-
шылықтардың талайы артта қалып, Еңсегей бойлы ер
Есім еңкеймей кіруді аңсаған Ақордамызды Астанадан
тігіп, еңселі ел болдық. Ел көшбасшысы халыққа жол-
дауларының қайсысында да 30 өркениетті ел қатарына
қосылудың нақты стратегиясы мен тактикасын белгілеп
бергені анық. Дегенмен, осы күрделі міндетті жүзеге
асыру оңай емес. Өйткені, бүгінде егіз ұғымға айналып
отырған экономика мен мәдениетіміз саласында кезек
күттірмейтін қыруар істер бар екені баршаға аян. Десек
те, осы тірлігімізге биліктегілердің ісі деп бейжай қа-
рамай немесе «көш жүре түзеледіге» салып жүре бер-
мей, қоғамымыздың барлық азаматтары қарлығаштың
қанатымен су сепкендей болса да, дер кезінде өз үлес-
терін қосар болса, жүгіміз аз да болса жеңілдер ме еді
деп ойлайсың кейде... Әрине, бұл ойымыз әлгі егіз екі
ұғымның екеуіне де қатысты ғой. Дегенмен, біздің айт-
пағымыз өзімізге тиеселі – мәдениет жағы, оның ішінде
сөз мәдениеті десек, бұл да ұлт болып ұйысып, халық
болып құралған сонау заманнан талқыланып-таразыла-
нып келе жатқан тарихымыз десек болады. Қазіргі мә-
дениет, ғылым, білім салалары ғана емес, тіпті ежелгі
сөз өнері мен дәстүрлі мәдениетіміз ұрпақты қашаннан
сөз мәдениетіне, мәдениетті қарым-қатынас жасауға,
әдептілік пен әсемдікке баулып келеді.
Тіпті, қазіргі заманда қай салада болсын кәсіби ма-
ман болу үшін бірнеше тіл білу қажеттігі туып отыр.
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл» деп дана
бабаларымыз тегін айтпаса керек. Ал, тіл біліп қана
қоймай, сөз мәдениетін, шешен сөйлей білу өнерін
меңгеру ел басқаруда, экономикада, мәдениетте табыс
кілті болары даусыз. Оны ежелгі түркі данышпаны
Жүсіп Баласағұнның «Кісіге құт тілден» деген нақылы-
мен түйіндесек те болады. Бүгінде осы мақсатта жо-
ғары мектептерде риторика, сөз мәдениеті курстары
оқытылады. Шет елдермен, оның ішінде өркениетті
елдермен экономикалық-мәдени байланыстарымыз кү-
шейіп, әсіресе елімізді әлем таныған осы уақытта ин-
новациялық даму экономикалық-мәдени өмірімізден
таныла бастады. Алайда, кейбір қоғамдық орталарда
жалпы ел мәдениетіне сөз келтіретін кемшіліктеріміз
жоқ емес. Солардың көпшілігіне «көш жүре түзелерді»
сылтау етіп, қол сілтей салып келе жатқанымызға қа-
рап отырсақ, күндер, жылдар емес, замандар өтіп бара-
ды. Біздің айтпағымыз – түймедейді түйедей ету неме-
се тырнақ астынан кір іздеу емес, елеусіз, ұсақ-түйек
нәрсе сияқтанғанмен жалпы елдік мәдениетімізге сын
болатын құбылыстар деп ойлаймыз. Кісілік келбетіміз-
232
МС
Достарыңызбен бөлісу: |