Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

замана Жыршысы
Ә
л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универси-
тетінің профессоры Қанипаш Мәдібайдың құрас-
тыруымен «Ана тілі» баспасынан XIX ғасырда өмір 
сүрген зар заман поэзиясының көрнекті өкілі Шортан-
бай Қанайұлының (1818-1881) шығармалар жинағы 
жарық көрді. Бұл еңбекті ғылым мен білімнің ғана емес, 
көпшілік оқырманның да игілігіне жарар басылым деу-
ге болады. Әрине, алғашқы жинаушысы, бастырушысы 
атақты В.В Радлов болған Шортанбай шығармалары 
бұған дейін де сан мәрте жарық көргені белгілі. Тіпті 
1927-1957 жылға дейін әдебиет оқулықтарына енгізі-
леді. Алайда, 1946 жылғы кеңес үкіметінің қаулысынан 
кейін Шортанбайды үлкен реалист ақын ретінде таны-
ған С. Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Т. Нұрта-
зин сияқты т.б. ғалымдар бастапқы пікірлерінен қайтуға 
мәжбүрленеді. Тоталитаризм Шортанбайдың ғана емес, 
Дулат, Мұрат, Нысанбай, Нарманбет сынды зар заман 
ақындарының да аттарын атауға тыйым салып, пікір
алақұлалығын туғызып, ақындар өлеңдерін жарыққа 
шығаруда «түзеу» мен «күзеудің» қалғымас күзетшісі 
болғаны белгілі. Құрастырушы оқырманға осы жайт-
тарды ғылыми негізде түсіндіру мақсатында жинаққа 
Шортанбай ақынның толғаулары, айтыстары және дас-
тандарымен қоса, зар заман ақыны мұрасын таным тал-
қысына салып, сыры мен сипатын бүкпесіз ашқан кешегі 
СӨЗ СЫМБАТЫ
III бµлiм


226
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
227
ұлы М.Әуезов бастаған ғалымдар (Мұқанов, Ы. Дүйсен-
баев, Қ. Жұмалиев т.б.) мен Шортанбай «зарына» жаңа 
уақыт биігінен қараған Т.Кәкішев, М. Мағауин, Т.Те-
бегенов сынды көрнекті ғалымдардың тұғырлы тұжы-
рымдары түйінделген мақалаларды енгізеді. Сондай-ақ, 
жинаққа берген алға сөзінде Қ. Мәдібаева: «Не дегенде 
де, Шортанбай мұрасының жамандалып отырып-ақ
ақталып жатқан, айғақталып, саралана түскен тұстары 
көп» дей келіп, тоталитарлық саясат қыспағында оң-
ды-солды сөйлеуге мәжбүр болған ғалымдардың сөз 
сорабынан соқталы ойларын аршып алғандай болады: 
«Шортанбай Шоқандай, Абайдай бола алмағанымен
заман шындығын шеберлікпен өлнңге сыйғызған; Шор-
танбай дін сөзін көп қолданғанына қарамастан, діндар 
емес, мистік-ақырет ақыны болғанымен, оны халық са-
насынан сырып тастауға ешкімнің құдіреті жеткен жоқ; 
Шортанбай феодал табының көзқарасымен жауап берсе 
де, еңбекші халықты қанап отырған кім екенін көрді; 
Шортанбай құдайға сенген, мұсылман дінінің қабыр-
ғалы молдасы болғанмен, үнемі молдалық жолын қу-
май, заманында айтысқа түскен – суырып салма ақын; 
Шортанбай араб сөзін қолданады, бірақ жалпы елге та-
ныс сөздерді ғана айтады; Шортанбай бұрынғы фолк-
лор дәстүрінен алға кеткен, өлеңінің варианты біреу 
ғана; ол өз заманының елеулі ақыны, Абайдан бұрынғы 
әдебиеттің көрнекті уәкілі; Шортанбай ескі ақындар-
ша әріден бастамайды, жыр дәстүрінен де Шортанбай 
озат тұр; ескі фольклордан көркем әдебиетке таянған, 
бірақ ат құйрығын мүлде кесіспеген; Шортанбай ауыз 
әдебиет пен жазба әдебиеттің арасында жатқан көпір; 
Шортанбай өлеңі тақ-тұқ қарабайыр көрінгенімен, ол 
сөз образын мықтап тізгіндеген, шебер ақын; әдебиет 
тарихында халыққа баспа бетінде де, ауызша да көп та-
раған Шортанбай орны бөлек...» Әрине, көзі қарақты 
оқырман болмаса, Шортанбай өлеңдері жайлы кеше 
мен бүгін арасында айтылған алақұла ой-пікірлердің 
ақ-қарасын айыру қиын. Сондықтан Шортанбай Қа-
найұлының әдеби мұрасы жайында зерттеу еңбектер де 
жазған Қ. Мәдібаеваның сонау Әуезовтен бастау алған 
пікірлер ағынының ақ-қарасын айқастыра бір танапқа 
қуып әкеп, айқын да анық ғылыми интерпретация бе-
руін қалың оқырман үшін десек те, бұнда айтылған қа-
дау-қадау ойларлардың әлі де ғылыми мәселе қатарын-
да шешімін таба беретіндігі көзделеді. М. Мағауиннің 
айтуынша, «күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ 
немесе жадағай ұғындырылып келген» Шортанбай 
ақындығының жасампаздығы, қай заман қайшылығы-
на да қайрат танытуға бар қуат-күші мен «көпке ұғым-
ды» (М. Әуезов) тілінің ажарын жарқыратып аша түсу 
мақсаты да жоқ емес. Ал, әр кезеңдерде жарық көрген 
Шортанбай шығармаларының ғылыми текстологиясын 
жасау кезек күттірмейтін іс екені де түсінікті. Сондық-
тан біз де шағын мақаламызда құрастырушының бұл 
мәнді интерпретациясына тоқталмай кете алмадық.
Қазіргі Шортанбайтану сыңаржақтықтан, жалтақ-
тықтан арылды. Шортанбайдың өлеңдеріндегі «зар за-
ман» мотиві, азаматтық үн, ұлттық сипат, суреткерлік 
шеберлік шынайы қалпында танылуға көшті. Көрнекті 
әдебиет сыншысы Тұрсынбек Кәкішев жинаққа енген 
мақаласында Шортанбай «ұлы жарын, зар заманның 
зор да адуынды ақыны, гөй-гөйді мейлінше шегіне 
жеткізе, шындық деңгейінде айтып, зарлап кеткен қо-
ғам қайраткері, ірі идеолог. Онда діндарлық та бар, 
отаршылдыққа қарсылық та бар. Бұл екеуін енді ашық 


228
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет