194
13
тарау
ЭЛЕКТР СИГНАЛДАРЫН КҮШЕЙТКІШТЕР
13.1.
НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАР
Өнеркəсіптік электроникада электрлік сигналдарды күшейту
қажеттілігі жиі кездеседі, мысалы, электрлік емес əдістермен
электрлік
емес шамаларды өлшеу, технологиялық үдерістерді
бақылау жəне автоматтандыру. Осы міндеттерді шешу үшін
электрондық күшейткіштер қолданылады.
Кішігірім электр энергия мөлшерін жұмсау арқылы əлдеқайда
көп энергияны басқаруға болатын құрылғылар
күшейткіштер
деп
аталады. Күшейткіштер ғылым мен техниканың əр түрлі
салаларында кеңінен қолданылады. Күшейткіштің
құрамына
күшейткіш (белсенді) элемент, пассивті элементтер жəне қуат көзі
кіреді.
Күшейткіш элементтің тағаындалуы
- қуат көзінің электр
энергиясын күшейтілген сигналдардың энергиясына айналдыру.
Күшейткіштің кірісіне қолданылатын күшейтілген сигнал осы
энергияны түрлендіру үдерісін бақылайды. Нəтижесінде
шығыс
сигналы кіріс сигналының функциясы болып табылады. Қуат
көзінің қуатына байланысты шығыс сигналының қуаты күшейген
сигналдың қуатынан бірнеше есе көп. Күшейткіш сигналдардың
қуаты күшейткіштің шығыс тізбегіне қосылған жүктемеде бөлінеді.
Күшейткіштің пассивті элементтері күшейткіш
элементтің қажетті
жұмыс режимін қамтамасыз ету жəне басқа мақсаттар үшін
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: