260
жақын жатқан металл қабаттарынан едəуір жоғары,
бұл оның
жергілікті балқуына əкеледі. Осындай қызған соң,
бөлшектерді
қысса жəне бір мезгілде тізбекті ажыратса,
онда олар контактінің
барлық ауданы бойынша дəнекерленеді.
Түйіспелі дəнекерлеу қондырғыларына түйіскен, нүктелі жəне
роликті дəнекерлеу құрылғылары кіреді. Түйіспелі дəнекерлеуге
арналған аппараттардың ең үлкен қуаты 750 кВА жетеді. Осындай
аппараттар қимасы 3500 мм2 дейін жəне қалыңдығы 32 мм
дейін
бөлшектерді
дайындамаларды
дəнекерлеуге
мүмкіндік
береді.Жоғары сапалы нүктелі дəнекерлеу нақты амплитудада жəне
тоқ импульсінің ұзақтығында қол жеткізіледі.
Түйіспелі дəнекерлеуі бастапқы кернеуі 220...500 В жəне
қосалқы кернеуі 0,5...36 В болатын арнайы трансформаторлардан
қуат алатын аппараттармен жүзеге асырылады.Түйіспелі
дəнекерлеу үшін үлкен тоқтар (320 кА дейін) жəне қысым (5,30
МПа) қажет.
Түйіспелі
дəнекерлеу
машиналардағы
тоқты
реттеу
қоректендіргіш трансформатордың
бастапқы орамасының
тармақтар
санын
ауыстыру,
яғни
оның
трансформация
коэффициентін өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
Отандық практикада ең көп қолданылатын дəнекерлеу
құрылғылары АСП, МС, МТ, МТП, К, МСО жəне т.б.
18.3.
БЕТОНДЫ ЭЛЕКТР ҚЫЗДЫРУ
Бетонды қыздыру оның қатаюын жылдамдату үшін, сондай-ақ
қыс мезгілінде оның қатаюы кезінде
рұқсат етілген температура
деңгейін ұстап тұру үшін қажет.
Бетонды электротермиялық өңдеудің бірнеше əдістері бар.
Достарыңызбен бөлісу: