ТОЙҒА ДЕЙІНГІ СҰРАҚТАР
заманауи болуы керек деп ойладым. Ол жұмыс істегеніме,
дамуыма, машина айдауыма қарсы болмасын. Өзімнің бизнесім
болса, бала күтушісін жалдауым мүмкін, үйіме үй қызметшісін
жалдағым келсе өз еркім болатындай, сондай ер адамды
қаладым. Ол сипаттама орындалды.
Екінші сипаттама - менің балаларымның әкесі сауатты
болғанын қаладым. Қазақ, орыс тілінде қатесіз жазып, базалық
білімі бар болған адамды қаладым. Ол да бар болды.
Үшіншіден, туыскандарына, анасына тәуелді емес жігіт
болғанын қаладым. Себебі осы күнге дейін психология
жағынан көп қыздарды да, ер адамдарды да тани бастадым.
Ерлі-зайыптылар бір-бірін қатты жақсы көріп тұрса да араға
ене түсуі мүмкін. Ене деген ол ер адам үшін алтын ереже.
Ешқашан ол алтын ережені бұзбайды. Ешқашан әйелі үшін
анасынан бас тарта алмайды. Ешқашан әйелін анасынан қорғап
қала алмайды. Егер еркек: мама, мама, мама,- деп анасы десе
өліп тұратын, айтқан сөзінен шыға алмайтын болса, мен
ондайға шыдай алмаймын деп ойладым. Менің анам өзі сондай
отбасыға келін болып түсті. Анамның енесі сондай қатал кісі
болған, басында анамды мүлдем ұнатқан жоқ. Тек қайтар
жылдары ғана кешірім сұрап татуласты. Бірақ енесімен
татуласу үшін 20 жыл керек болды. Мен оны қалаған жоқпын.
Мен үшін басты принцип менің күйеуімнің анасына тәуелсіз
болуы. 18 жастан бастап бөлек тұруы, ақшаны өзі табуы, өз
өмірін өзі шешеді. Мен үшін осы үш-ақ басты критерий керек
болды. Сіздерге де айтқым келеді.
Талқылау керек тақырыптар:
•
Сіз тұрмысқа шыққаннан кейін жұмыс істегіңіз келеді ме?
Сол сұраққа жауап бересіз де, жігітіңізден сұрайсыз:
-Мен тұрмысқа шыққан соң жұмыс істегім келеді, сен оған
қалай қарайсың
?
Некеге дейін...
104
ақталатын едім. Сіз де жігітіңізден қазір сұрап көріңіз:
-Төркінге жиі, екі аптада бір барып тұратын келіндерге қалай
қарайсың? Дұрыс деп ойлайсың ба? Немесе келіндер жарты
жылда бір төркінге бару керек па? Сол жағын қалай ойлайсың?
- деп көзқарасын сұраңыз.
Себебі мен үшін бұл нәрсе маңызды болды. Егер сізге де ата-
анаңызға барып тұру маңызды болса, соны да сұрай салсаңыз
дұрыс болады.
•Ақша жағынан мысалы, қазіргі кейбір отбасыларда келіндер
өз айлығын енесіне береді немесе күйеуіне береді. Әрбір
жаратылған тиынына есеп беріп отырады. Мен оны дұрыс емес
деп есептеймін. Кеше өзімнің туған ата-анаммен шай ішіп
отырып сөйлестік. Мен айттым "Осындай отбасылар бар екен,
келіндер өз енесіне ақшасының барлығын беріп қояды екен,
өздері соны қажеттіліктеріне сұрап отырады".
Сосын әкем айтады:
-Негізі беру дұрыс қой, ол сыйластық, одан ешкім жаман
болған жоқ,- деді.
Мен:
-Білмеймін, мен өз ақшамды өзім ұстаймын. Мен өз
табысымды тіпті күйеуіме бермеймін. Анама да бермеймін,
үйленгенге дейін де бермейтінмін, үйленгеннен кейін де
бермеймін. Менің оларға берген ақшам сыйлық ретінде, дәл
солай мен енеме де сыйлық ретінде беретін боламын. Бірақ
менің қанша табатынымды, қайда жарататынымды, кімге ақша
беріп, кімнен алып жүргенім жайлы ешкім ештеңе білмеуі тиіс.
Мен үшін ол өте маңызды,- деп айтып едім, ата-анам үндемей
қалды.
Осы жайлы мен күйеуіммен де алдын ала сөйлескенмін.
-Ақшамды өзім жаратамын ғой, иә?
-Әрине өзің жаратасың.
-Сен ештеңе сұрамайсың, иә?
-Әрине.
Міне біз осылай келістік және осы күнге дейін бірде-бір рет:
-Қанша ақшаң бар, қанша ақша таптың, қай жерге жаратып
жатырсың?-деп менен сұраған жоқ. Мен алдын ала сөйлесіп,
келісіп алғаныма ризамын. Сондықтан сіздерде де сондай
Некеге дейін...
105
Жай ғана жігітіңізден сұрайсыз:
-Қазір кейбір отбасыларда келіндерінің ақшаларын алып қояды
екен, сен қалай қарайсың ондай нәрсеге, бұл дұрыс па? Әлде
әйел адам өз ақшасын өзі жұмсап, ешкімге ол жайлы есеп
бермеуі керек па?
Себебі кейбір еркектер "Мен де ақша тауып жатырмын, әйел де
ақша тауып жатыр, екеуміздің ақшамыз ортақ, ақша ортақ
болуы керек және бір-бірінен жасыру деген нәрсе болмауы
керек, мен әйелімнің ақшасын жарата аламын, ол менікін
жарата алады" деп ойлайды. Бәрібір бұлай болмайды.
Күйеуіңіздің ақшасын сіз одан рұқсат сұрамай жарата
алмайсыз. Сондықтан өзіңіздің артық, ешкім білмейтін ақша
қалтаңызда жүруі керек. Ол сіздерде заңдылық болсын.
Мен үшін тағы маңызды нәрсе - ер адамның әйелді
міндеттемеуі. Себебі мен өзімнің отбасымда тұрмысқа
шыққанға дейін бір сипаттаманы көрдім. Менің әкем ешқашан
анама "Тамақ неге дайын емес, үй неге жинаулы емес, неге
үлгермейсің?" деген сияқты сөздерді ешқашан айтпайтын. Мен
осы күнге дейін ешқашан әкемнің міндеттегенін естіген
емеспін. Тіпті тамағының тұзды екеніне ұрыс болмайтын.
Анам қаласа үйді жинайтын, қаламаса жинамайтын. Киімді
жуғысы келсе жуатын, жуғысы келмесе жумайды. Дәл осы мен
үшін маңызды болды. Тойға дейін өмірлік маңызды нәрселерді
екеуара шешіп алу керек. Қазір менің күйеуім тура менің әкем
сияқты. Мені ештеңеге міндеттемейді.
Мен оған айттым:
-Егер маған қиын болып жатса, мен ештеңені жасамай қоямын,
көмекші шақырта саламын, сол жинай салады,-дедім.
Ол келісті. Егер тамақ дайын болмаса мен "кафеге бара
салайықшы" деп айтамын. Үй жиналмаса ол келген кезде
жинай беремін немесе келердің алдын 5-10 минут қалғанда
жинай саламын. Аллаға шүкір, көз тимесін, осы күнге дейін
үйдің шаруасы үшін маған бірде-бір рет сөйлеген жоқ. Тойға
дейін екеуміз келісіп алғаннан кейін сондай болып тұр немесе
мен өзім сондай адамды таңдадым.
әңгіме болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Некеге дейін...
106
Қаншама нұсқалар болды. Аяқ астынан тұрмысқа шығып
кететін жағдайлар болды. Әкеме келіп менің қолымды
сұрайтын. Бірақ қазір елестетсем, егер мен соларға тұрмысқа
шықсам, менің арманымдағыдай өмір болмас еді. Мен
қалағандай отбасыда тұрмас едім.
Өзіңнің принциптерің мен көзқарастарыңа сай ер адамды
кездестіріп соған тұрмысқа шығу қаншалықты маңызды екенін
біліп тұрмын. Әйел адам үшін ол өте маңызды. Себебі біздің
бақытымыз бүкіл отбасының бақытына әсер етеді. Әйел адам
бақытты болса оның баласы да, күйеуі де, енесі де,
туысқандары да бақытты болады. Ал егер әйел адам өміріне
көңілі толмаса, өз-өзіне көңілі толмаса ол бірден тәрбиеден
көрінеді, күйеуімен және енесімен қарым-қатынасынан
көрінеді.
Некеге дейін...
107
Маған көбінесе мынандай сұрақтар келеді:
•Жігітіммен не туралы сөйлессем болады?
•Қалай әңгіме айтамын?
•Көбінесе екеуміз 5 минут қана әңгімелесеміз, одан кейін үнсіз
қаламыз.
Негізі әңгіме айту мәселесі көпшілігінде бар. Себебі әңгіменің
айтатын бастамасы жоқ. Айтатын ештеңе жоқ. Біреуден әңгіме
естіп қаласыздар, біреуден жаңалық естіп қаласыздар, сол
кезде ең бірінші кезекте не істейсіздер? Кез-келген қыз бала
бір күшті жаңалық естісе, оны біреуге айтуға асығады. Әсіресе
сол жаңалыққа қуанатын немесе таңқалатын адамға соны
жеткізуге тырысамыз. Дәл сол сияқты жігітіңізбен әңгіме одан
сайын жалындап, қызықты болу үшін сіздің миыңызда айту
керек бір жаңалық болуы керек. Егер сіз ешқандай кітап
оқымасаңыз, ешқандай жаңалық көрмесеңіз, ештеңемен
айналыспасаңыз, қызықпасаңыз әрине сізде айтатын әңгіме
болмайды. Адамның миы үнемі жаңалықтарға толы болса, сол
жаңалықпен бөліскісі келетін құштарлығы артып тұрады. Не
үшін? Себебі адам оқыған, көрген нәрсесін біреумен бөліспесе
ұмытып кетеді.
Сонымен егер сіз мүлдем әңгіме айта алмасаңыз, әңгімеге жоқ
болсаңыз, онда сізде кішігірім информациялық деградация
болып жатыр. Деградация дегеніміз білім жағынан, ізденіс
жағынан құлдырау. Бірақ психологиялық жағынан әйел
адамның айтатын әңгімесі, сөзі көп болса да онымен бөлісе
алмауы мүмкін. Ұялу, қысылу немесе оның әңгімелесетін
адамы, яғни жігітіңіз тақырыпты мүлдем алып кете алмаса,
онда адамның әңгіме айтуға деген құштарлығы бұзылады екен.
Менің практикамда әңгімелесушілер өте көп болды. Олар әйел
адамдар, үлкен кісілер, ер адамдар, группаластарым.
Автобуста, таксиде отырсам да әңгіме құрғанды жақсы
көремін. Көбінесе орамалыма сұрақ қояды да, әңгіме басталып
кетеді. Мен орамал жайлы әңгіме басталса жақсы көремін. Не
үшін? Себебі,
Некеге дейін...
108
Достарыңызбен бөлісу: |