Танысу, алғашқы қадам



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата26.12.2022
өлшемі2,59 Mb.
#164403
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Байланысты:
ilovepdf merged

АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ


Ол сізге бір сұрақ қойса:
-Қай жерде оқыдың?
Сіз жауап беріп: 
-Ал, сенше?- деп, ары қарай өзіңіздің сұрағыңызды қоясыз. Ол
сұраққа жауап берді және келесі сұрақты ол қою керек.
Қызығушылықты тең қатарлы көрсету керек. Әзірге сіздер қыз
бен жігіт емессіздер, тек кездесіп, сөйлесіп жүрсіздер.
Алғашқы айларда кездесуге ер адам өзі шақыруы керек. Сіз
ешқандай ой тастамайсыз. Кездескім келеді, көргім келеді,-
деп айтпайсыз. Кездесуге тек қана жігіт шақырады.
Алғашқы кездесуге қайта оралайық.
Не туралы сұрауға болады? Ең алғашқы кездесуде мүлдем
тойдан 
кейінгі 
әңгімені, 
тойдан 
кейінгі 
болашақ
жоспарларыңызды айтуға болмайды. Алғашқы бір айдың
көлемінде отбасылық тақырыптарды жігіт өзі бастамаса
қозғамаған дұрыс. Егер жігіт бастамаса, сіз де қозғамаңыз.
Біріншіден, бұл ер адамдарды шошытып алуы мүмкін.
Екіншіден, сіз барынша тұрмысқа шығуға асығып жатқан қыз
сияқты көрініп қаласыз. 
Оның ішіне мынадай сұрақтар кіреді: 
•Қанша бала болғанын қалайсың? 
•Үйіңде нешінші баласың? 
•Бөлек шығасыңба әйеліңмен? 
•Кенжесісің ғой, қара шаңырақта қаласыңдар ма? 
•Анаңның мінезі қандай? 
•Қай жерде жұмыс істейсің? 
•Жұмысыңды ауыстырғың келмейді ме? 
•Қашан үйленетін ойың бар? 
Жалпы айтқанда тойға байланысты сұрақтар қойылмауы
керек. Оның орнына сіздің қоятын сұрақтарыңыз жалпылама
болуы керек.
Некеге дейін... 
94


Ең алғашқы кездесуде өзіңіз туралы аз мәлімет берілуі керек.
Білесіз бе не үшін? Себебі, ер адам сізді қатты танып кетпеуі
керек. Әр көрген сайын сіз туралы бір ғана мәліметті білсе,
оған жеткілікті болады. Ол оның қызығушылығын одан сайын
арттырады. Сізді кездесуге шақыра бергісі келетін болады.
Білмейтін дүниені қайта білгің келеді ғой?! Міне, дәл солай
сізге қойылған сұрақтарға сіз жайлы аз білуі үшін қашқақтап,
жалпылама, нақты емес мәліметтер беруге тырысыңыз.
Мысалы мынандай сұрақтарға: Нені ұнатасың? Нені көресің?
Қандай тамақ жақсы көресің? Қандай кино көресің? Бұл бір
фишка деуге болады. Оқылмаған кітап болыңыз. Ол кітапты
көбісі оқи ала бермейді. Сіздердің әңгімелеріңіз көбінесе
қазіргі болып жатқан мәселелер, жаңалықтар, бір-біріңіздің
хоббиларыңыз, 
қызығушылықтарыңыз, 
жұмыс 
туралы
сөйлесуге болады, яғни, қандай жұмыс істейтіндеріңіз жайлы.
Егер саясат жайлы сөйлесе алсаңыз, онда саясатты қозғауға
болады. Физика, психология, ер мен әйел адамның
психологиядағы айырмашылығы туралы сөйлесіңіз. Бірде батл
ұйымдастырыңыз, көзқарастарыңыз бір-бірімен келіспеуі
мүмкін. Бірінші кездесулеріңіз барынша қызық әңгімеге толы
болуы керек. Егер танысу ғана болса, онда ол танысуды
WhatsApp-пен де жасай аласыздар. Ал кездескен кезде ол
танысудан керемет эмоция алмайды. Ал эмоцияны алмаған
адам, екінші рет сол нәрсені қайталағысы келмейтін болады.
Үнемі керемет эмоцияны алатын адамға ол наркотик сияқты.
Наркотикті қолдана бергің келеді, ала бергің келеді. Сіз оған
керемет әңгіме алаңын құрыңыз.
Некеге дейін... 
95


Сөйлесуге болмайтын тақырыптар:
•Бұрынғы қарым қатынас 
•Тойдан кейінгі арман, жоспарлар
•Өзіңіз жайлы тым жеке ақпараттар
Сөйлесуге болатын (көбінесе күлкілі,жеңіл өтетін әңгіме айту
дұрыс) тақырыптар:
•Фобиялар, қорқыныштар. Бала кездегі, мүмкін ересек кездегі.
Бұл тақырыптар қалжың мен күлкіге толы болады.
•Жасырын талант. Мүмкін сіз әдемі өлең айтасыз, керемет
торт пісіресіз, ал жігіт судың астында 2 минут ауасыз тұра
алатын шығар? 
•Жұмбақтар. Бұл интеллект пен логиканы тексеріп,
қалжыңдап алуға мүмкіндік.
•Кітап жайлы. Жігіттің кітап оқи ма, білімі бар ма, соны
тексеріп алуға болады.
•Хобби жайлы, болашақтағы карьера жайлы
•Идеал қыз, идеал жігіт сен үшін қандай болу керек?
•Өте көп ақшаң болса, оны қайда жұмсар едің?
•Мінез жайлы сөйлесуге болады.
•Қызғаншақсың ба? Сені қандай мәселе қызғандыру мүмкін?
Майда нәрсе ме немесе міндетті түрде дәлелі бар нәрсе ме?
•Адамдарға тез сеніп кетесің бе немесе оған ұзақ уақытың кете
ме?
•Сен ашушаң адамсың ба, сені тез ашуландыруға бола ма?
•Проблеманы қалай шешуге тырысасың? Аяқ асты ма әлде
ұзақ ойланып па?
•Қандай жаман әдеттерің бар? Одан құтылғың келе ме?
Некеге дейін... 
96


Адамның жеке уақыты, өзіне ғана тиесілі дүниесі болады. Жеке
өзінің әлемі болады. Оған не кіреді? Сіздің жеке меншік
заттарыңыз, телефон, киім, жеке қалған уақытыңыз, жұмысыңыз,
әлеуметтік желіңіз және т.б. жеке өзіңізге қатысты дүниелер. 
Жігітке пароль беруге болады ма? Жігіттен пароль сұрауға
болады ма? Мен қарсымын. Себебі, біріншіден, ол жеке өзіңіздің
әлеміңіз, екіншіден, ол өзіндік мәселелерге алып келеді. Ол сіздің
кішкентай шекараңыз білінбейтін. Ал адам сол кішкентай
шекарадан өтетін болса, басқа да сізге тиесілі нәрсенің барлығын
менікі деп қабылдайтын болады. Ары қарай сіздің уақытыңыз,
киіміңіз, сөзіңіз, іс-әрекетіңіз, жүріс-тұрысыңыз барлығы оның
сөзімен, рұқсатымен, қадағалауымен ғана өтуі керек. Яғни сіз
затсыз, сол зат оған ғана тиесілі деп қабылдайтын болады. Оның
барлығы кішкентай ғана шекарадан өтуден басталады.
Елестетіңіз, ол сіздің атыңыздан кірді, ол сіздің тіркелген
адамдарыңызды тексереді, сізге тіркелген адамдарды тексереді,
салған суретті, жазған пікірді, сақталған фотоларды, лайк басқан
посттарды жалпы айтқанда барлығына көңіл бөліп, тексеріп сізге
айта бастайды, сұрай бастайды. Бұл ұрысқа алып келеді және сіз
оған ақтала бастайсыз. Ақтала бастасаңыз, демек, сіз өзіңіздікін
дұрыс емес деп есептеп, қателігіңізді мойындап тұрсыз деген сөз.
Сондықтан бұл өте дұрыс емес нәрсе. Қыздардың арасында
болатын өз құпиялары бар, көретін қалжыңдары, оқитын
посттары бар. Сіз қазір оның сіздің атыңыздан кіріп отқанын,
барлық архивті оқып, тексеріп отырғанын біліп отырасыз, ашыла
алмайсыз. Сіз өзіңіздің жеке меншік нәрсеңізді қолдана отырып,
өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Бұл дұрыс емес. 
Әйел адамдардағы қателік - жігіттің жеке өз әлеміне өтіп кету.
Жігіт таңертеңнен кешке дейін достарымен жүруі мүмкін, ойын
залында болуы мүмкін, компьютер ойнауы мүмкін, т.б.
нәрселермен уақытын өткізіп жатқан кезде, жеке әлеміне кіріп
ренжиді қыздар. 
Некеге дейін... 
97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет