ЕР АДАМНЫҢ ТЕКСЕРІСІ
Бұл тексерістен өту үшін не істеу керек?
Алғашқы кездесуде кафе немесе көп адамдар бар жерде кездесу
керек. Мүмкін кинода, саябақта қыдыруға болатын шығар. Бірақ
қараңғы батқаннан кейін емес. Яғни ең бірінші кездесуіңіз кешкі
20:00-21:00-ден кеш болмауы керек. Егер жігіт сізді бірінші
кездесуге түнгі уақытта шақырып жатса, демек оның ойы жақсы
нәрсе емес. Оның ойында бір шикілігі бар. Қолданғысы келеді
немесе сізді жеңіл жүрісті қыз деп ойлайды. Осыны есіңізден
шығармаңыз.
Сонымен, ең бірінші кездесуде сіз паркта немесе кинода
кездестіңіз деп шештік. Енді келесі қадам - ол кез-келген
қимылмен қолын сіздің денеңізге тигізгісі келетін болады. Құлап
қала жаздау немесе сізді жолдан өтіп бара жатқан кезде
қолыңыздан ұстау, кинода өзінің қолын сіздің арқаңызға қою,
әдемі сөздер айтуы, "сен әдемі екенсің суретке қарағанда, сен
ұялшақ екенсің, бұл маған қатты ұнайды",- деген сияқты сөздер
айтуы мүмкін.
Мен күйеуіме бірнеше сұрақтар қойдым. Ер адамның тексерісі
бар ма? Алғашқы кездесуде физикалық тұрғыда жақындық болса
қалай қарайды? Ол маған не деп жауап берді деп ойлайсыз?
Құшақтасу, сүйісу уақыты ұзаққа созылса, ер адам 2-3 есе
қызығушылығын арттырады екен. Қаншалықты көп уақыт
жақындатпай жүрсең, соншалықты ол қызыға түседі. Ал қашан
болуы керек дедім? Ол "2-3 айдан кейін" дейді. Ең азы бір ай өтуі
керек. Бір айдың көлемінде қыз кездесуге шығып тұрсын, бірақ
барынша жақындатпауы керек. Егер сіз ер адамды
жақындатпасаңыз, қолыңыздан ұстатпасаңыз, онда оның
қызығушылығы қатты болады.
Ер адамға көңіл бөлуді, физикалық тұрғыдан жақындықты аз
берген сайын, оның қызығушылығы арта түседі.
Некеге дейін...
114
Ұнататын адамыңды құшақтағың келеді ғой? Қолынан ұстағың
келеді. Дәл сол сияқты әр кездесудің алдында ол өзіне мақсат
қояды. Ұнататын қызының қолынан ұстағысы келеді,
құшақтағысы келеді. Егер ол мақсаты жүзеге асса, яғни сол
мақсатына тез жетсе, сізге қолын тез жеткізсе онда оның
қызығушылығы бірден жоғала бастайды. Сіздің оның көз
алдындағы бағаңыз, құндылығыңыз төмендеп кетеді. Сонымен
екінші ереже: бір ай өтпей жатып, сіз өзіңізге оны жақындатпау
керексіз.
Енді не істеу керек? Ер адамның қызығушылығы одан сайын
артады дедік. Бірақ ер адамды ең бірінші физикалық
жақындықтан бөлек, интеллектуалды жағынан оны қызықтырып,
өзіңізге ғашық қылсаңыз, ол бір айдан кейін қолыңызды ұстаған
кезде ол сізден ешқайда кете алмайтындай болады. Бір ай бойы
ол сізді армандайды және сізді қолыңыздан ұстамай жатып сізді
жақсы көреді. Бір ай деген өте аз уақыт, 2-3 айға дейін
шыдасаңыз керемет болатын еді. Бірақ қазір көбісі ер адаммен
сөйлесу тұрмақ, бірінші кездесуде төсекке жатып жатыр қыздар,
ол әрине өзінің бағасыздығы, өзінің құндылығын жоғалтқандығы.
Егер сіз тойға дейін ер адамға беріліп қойсаңыз, тойға
асықпайтын болады. Егер сіз тойға дейін әйелдік міндеттеріңізді
орындасаңыз, ер адам өзінің құндылығын жоғары ұстайтын басқа
қыздарға көзін сала бастайды.
Ер адамның көңілін ылғи ыстық қылып ұстайтын әйел адамның
үш мәселесі: біріншісі- сексуальность, флирт, құштарлық,
екіншісі- ол сіздің интеллектуалды жағыңыз, қанша жерден сұлу
болсаңыз да, ақылды емес немесе қызықты емес болсаңыз, ер
адам сізді тез-тез қолданып, қолына түсіріп, тастап кетуге ынтық
болады. Үшінші нәрсе ол- рухани жағынан сіз оны кешіре
алуыңыз, алғыс білдіре алуыңыз, діни мәселе жағынан толық
сенімді болсаңыз, онда бұл ер адам үшін өте маңызды болады.
Әрине, егер ол бір Аллаға сенетін түзу жолдағы адам болса.
Некеге дейін...
115
Жігітпен жүріп жүрген кезде сіз тұрмысқа шығып, оның намаз
оқитынын қалайтын болсаңыз, орамал таққыңыз келетін болса,
бірақ қазір ол оны істеп жүрген жоқ болса, онда алдын-ала оны
тексеру керексіз. Дайын ба, әлде жоқ па? Немесе жігіт қазір
намаз оқып жүр, ал сіз намаз оқымайсыз, орамал тақпайсыз.
Ертең тұрмысқа шыққан соң, орамал тағасыз, намаз бастайсыз,
дінге бет бұрасыз дегендей, сол үшін сіз дайын болуыңыз
керексіз. Маған қаншама қыздар:
"Күйеуім намаз оқиды және менің никаб кигенімді қалайды",
"Менің орамал таққанымды, намаз оқығанымды қалайды, ал мен
қаламаймын, ажырасқым да келмейді, бірақ оқығым да
келмейді,- дейді. Сол үшін қазір сіз, мысалы, Ханафи мазхабын
ұстансаңыз, ал жігітіңіз қай мазхабта екенін білмесеңіз немесе
мүлдем намаз оқымаса онда ойланыңыз. Ертең оны өзгерткіңіз
келіп, талап етіп, араңызда үлкен мәселе болмасын.
Дін жайлы әңгімені қалай бастау керек? Бірінші қойылатын
сұрақ - діннің біліми дәрежесін түсіну. Дінде оның қаншалықты
білімі бар?
•Мүмкін ол "Намаз оқымасам да болады, менің жүрегім таза
ғой",- деп ойлайтын шығар.
•"Намаз оқығым келіп жүр, бірақ нәпсім жібермейді,- деуі
мүмкін.
•Немесе "Намаз - парыз, мен оқып жүрмін және Ханафи
мазхабында емеспін,- деп айтуы мүмкін.
Ал сіз оған келіспеуіңіз мүмкін. Мен не үшін бұл тақырыпты
қозғап жатырмын? Себебі, бұл әйел адамның діни көзқарастағы
тексерісі. Егер екеуіңіздің көзқарастарыңыз келіспесе, онда
кішігірім нәрселерден араларыңызда ұрыс болады.
Біріншіден, ол "Орамалды таққан кезде иегіңді жабу керек,
кеудеңді жабу керек немесе ниқаб кию керек, қара түс кию
керек,- дейді. Ал сіз ашық түсті орамал киесіз. Содан басталады.
Ал күйеуіңізді тыңдау керек боласыз. Келесіде күйеуіңіз
"Балалар мектепте оқымайды, мектепте орамал тағып жүреді"
деп айтуы мүмкін. Ал сіздің көзқарасыңыз кішкене зайырлы. Сол
үшін әңгімені осыдан бастау керек. Білу керек нәрсеңіз: оның
ұстанатын діни мазхабы.
Некеге дейін...
116
"Думай как мужчина" 2012 ж. киносын көру.
Психология, қарым-қатынас жағынан қандай пайда алдыңыз,
нені түсіндіңіз, соны жазу.
Не үшін осы киноны көріп, нені нақты түсіндіргім келгенін
келесі тақырыпта айтатын боламын.
Некеге дейін...
117
Достарыңызбен бөлісу: |