«Білім айнасы» 2022 ж.
3
Тилейхан Амангул
Абай облысы, Көкпектіауданы, Шұғылбайауылы
«І.Жансүгіроватындағы орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі пәнінде оқытудың белсенді стратегияларын қолдану
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең
өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу
үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу -
бүгінгі таңның басты мәселесі. Мұғалім оқу үрдісінде белсенді оқу стратегияларын тиімді
қолдану оқушының кез келген материалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Қай сыныпта
болмасын білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне байланысты. Білім беру
жүйесінің жаңартылған бағдарламасына сәйкес күнделікті сабақ
барысында оқу мақсатын
түсінген оқушы тақырыпқа байланысты тапсырманы орындай алады. Бұл үшін жаңа
тақырыппен жұмыста ең алдымен мұғалімнің дұрыс нұсқау беруі маңызды орын алады. Яғни
оқушы ерекше назар аударатын мәселелерді назардан тыс қалдырмайды.
Белсенді оқу құрылымы оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен
құрылады. Белсенді оқыту мен оқу үрдісінің қажеттiлiгiнен және оқушының білімге
қызығуынан туындайды. Ал белсенді оқуға ұмтылу үшін ықылас, уәж қажет. Уәж белсенді
оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш. Оқушы мақсаты – алда орындалатын іс-
қимыл әрекеттің нақты көрінісін көрген соң нәтижеге жету. Мұғалімнің мақсаты – тақырып
бойынша сұрақтар бере отырып оларды қызықтыратын ақпарат
алуға жетелей білу арқылы
нәтижеге жетуге ықпал жасау.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы
педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу -
оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден - бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында
алдыма қойған мақсатым — баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған
қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін
жаңаша
ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге
қол жеткізуге болады:
— оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;
— іскерлік дағдысының дамуы;
— өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
— өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;
— мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
— ойлау белсенділігінің артуы;
— шығармашылық дағдысының қалыптасуы;
— өзіндік пікір айтуы.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым,
тыңдалым
дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта
«Білім айнасы» 2022 ж.
4
жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заман
талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту
әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне
отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.
Ол үшін:
— мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім
алудың
жолын көрсетеді;
— оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни
тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
— оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған
білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
— оқушының өз-өзіне деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын
дамыған тұлға қалыптасады.
Тілдік
дағдыларды қалыптастыруда, яғни айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылымға
үйрету барысында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту,
ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда
оқушы орындай алады. Оқушының жаңа білім алумен қатар бұрынғы білімі тереңдейді.
Белсенді оқу стратегияларын қолдануда оқушының түсiну, тереңдiк
деңгейi оның алдына
қойған мақсатына байланысты. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-
қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін
ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не
арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде
әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-
жігерін жұмсауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: