«Білім айнасы» 2022 ж.
8
қандай батырларды білесіңдер?
4.М. Өтемісұлының өлеңдері қазақ
тарихындағы
қандай
оқиғаларға
арналған?
Мұғалімнің қорытынды сөзі;
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
сұрапыл жырлармен халықты күреске
шақырып үндеген Махамбеттің ақындық
дарыны ерекше.
Өлең - тәрбие құралы. Көне заманнан
бері халқымыз тәрбие құралы ретінде
ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары
мен дастандарды, өлеңдер мен терме,
баталарды, мақал - мәтелдерді, қанатты
сөздер мен шешендік өнерді, ырым -
тиым сөздерді тиімді пайдаланып,
ұлттық
дәстүрімізді
жалғастырып
отырды. Көтеріліс кезінде Исатай
бастаған қолдың алдында тұрып, оларды
Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен
жігер берген Махамбет ақынның басты
құралы - өршіл жырлары болды.
Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз
рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске
қайта шақырып, өлеңмен ой салып,
халық санасын оятуға күш салады. Амал
не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның
өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын
соңына
ермеді.
Патша
әскерінің
қаруынан сескенген халық ақынның
өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ
аспады.
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!- дей отырып
ашық журналымызды аяқтай отырып,
Махамбет туралы алған білімдерімізді
мына берілген кесте бойынша толтырып
берейік..Бейнебаян
«Біз
осындай
адамдардың ұрпағымыз»
Достарыңызбен бөлісу: